“Көктем” сөйлеуді дамыту оқу-қызметінде логикалық және сөздік ойындар мен жаттығуларды қолдану

«Көктем»

 Мазмұны: Көктем туралы түсініктерін кеңейту, тілін, ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Көрнекілік құралдары: ән-күй «Құстар әуендері», логикалық ойындар мен жаттығулар, суреттер.

Сабақ барысы.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін көп қонақтар келіпті. Оларды, құрметтеп қарсы алайық.

Қуан шаттан, қуан шаттан

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Қуанатын күн, бүгін!

Релоксация. Ән-күй «Құстар әуені».

  • Көктем келді қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен,

Келді көктем қызыл-жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

  • Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?
  • Көктем туралы.
  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем.
  • Көктем ерекшелігі неде?
  • Қар еріді, күн жылынды, құстар ұшып келеді, алғашқы гүл бәйшешек шықты.
  • Көктемнің айлары қалай аталады?
  • Наурыз, сәуір, мамыр.
  • Көктем мезгіліне нелер қуанады?
  • Құстар.

Көктемнің қонаққа келуі.

Т: – Көктем бізге жай келген жоқ. Ол бізге өзінің сыйлығымен және тапсырмаларымен келіпті. Сыйлығын сабақтың аяғында, сендерге сыйлайды және кімнің отырып жауап бергенін көреді.

  • Ал, енді бірінші тапсырманы көрейік. «Мен бастайын, сен аяқта»

Қыс кетті, көктем …. (келді)

Қыс суық, көктем …. (жылы)

Қыста тон киеміз, көктемде …. (күртеше)

Көктемде …. (қар ериді)

Көктемде …. (құстар ұшып келеді)

Көктемде, ағаштар бүршік …. (жарды, шашты)

Т: – Көктемде, жарқырап шуағын шашатын, ол не? – Күн.

  • Дұрыс, бірақ қараңдаршы, біздің күніміз көңілсіз. Күннің көңілін көтерейік.

«Күн ерекшелігі» ойын.

  • Балалар, күн қандай?
  • Мейірімді, шуақты, шұғылалы, әдемі, сулы, алтын, жарық, көңілді т.б.
  • Балалар, күн қандай болады?
  • Күн жарқырап, жылы шуағын шашып, көңілін көтеріледі.

«Жақсы іс-әрекет». Көктем келді, бірақ ағаштар құрғап тұр. Ағаш көктеу үшін, мен білемін не істеу керегін. Қазір, біз қандай жақсы іс-әрекет жасау керегін айтып,  бір-бірін жапырақтан жабыстырамыз.  Мысалы: мен көп гүлдер отырғызып, қоқсықтарды жинаймын.  (Балалар, жақсы сөздер айтып, ағашқа жапырақтар жабыстырады).

«Сергіту сәті»   – Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

«Дыбыстармен ойын»

– Ал енді, біз серуенге шықтық, күннің көзін бұлт басып, қатты жел соғады.  Кәне, біз бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық. – ууу-ууу-ууу.

– Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды.  Жапырақтар жел соққанда, қандай дыбыс шығарады? –шшш-шшш-шшш.

– Жел басылып, күн шығады. Сол кезде көңілденіп қоңыз ұшады. Ол қандай дыбыс шығарады? –жжж-жжж-жжж.

– Маса ұшып келеді. –ззз-ззз-ззз.

«Буынұйқастар»

– Ра-ра-ра-ұшып жүр ара.

– ар-ар-ар – дала толы қар.

– ры-ры-ры – жапырақтар сыры.

– са-са-са – ызыңдайды маса.

– ша-ша-ша – шана.

– жа-жа-жа – жаға.

– ла-ла-ла – бала.

– су-су-су – ақ су.

«Жекеше-көпше».

Қар-қарлар, күн-күндер, ағаш-ағаштар, гүл-гүлдер, құс-құстар, т.б.

Сурет бойынша әңгіме «Көктем», «Ит пен мысық».

Ойын «Егер, мен…»

«Артық сөзді тап»

  • Қолтырауын – жасыл, тісі дәу, мейірімді.
  • Піл – үлкен, құлағы дәуғ күшті, басында мүйізі бар.
  • Су сиыр – семіз, ауыр, шөп жейді, мұрны ұзын.

«Әрі қарай не болды?»

Қолтырауын аузын ашқанда,….. (барлығы азу тістерін көрді).

Керік көбелекті көрді,…. (оған қатты ұнады).

Аңшылар, аюдың қонжғын тауып алды,….. (тамақ беріп, енесіне жіберді).

Ойын «Көктем мезгілі»

– Барлық жыл мезгілінің ерекшеліктері, фланелеграфта ілініп тұр, артығын мезгілін құрастыру.

Логикалық ойындар.

– Бөлмеде, қара мысық жүгіріп жүріп ұнға түсіп қалыпты.  Бір уақытта ақ мысық пайда болды. Ол қайдан шықты?

– Жазда шаңғымен ойнауға бол ма? Неге?

– Таяқ, ағаштан қандай айырмашылығы бар?

– Неге көктемде, өзенде мұздар тұрмайды?

– Қаша артында төрт қоянның құлағы көрініп тұр. Неше қоян тұр?

– Әкесі, баласына балмұздақ сатып алды, қалтасына салып қойып, ұмытып қалыпты. Біраз уақыттан кейін қараса жоқ, неге?

Сабақты қорытындылау. Көктемнің сыйлығы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *