Cынып сағат

Тәрбие сағатының тақырыбы: “Абай әлеміне саяхат”
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.

Тәрбие сағатының жоспары:
1.   Ұйымдастыру
2.  Ой шақыру
3. “Абай дара, Абай дана қазақта”
4.  “Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл”
5. “Өлең сөздің патшасы сөз сарасы”
6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
7.”Жырақ жатып жүрегі бірге соққан”
8. “Тура биде туған жоқ”
9.”Болмасаңда ұқсап бақ” Оқушылар шығармашылығы
10.Қорытынды

Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы  топқа бөлінейікМұғалімнің кіріспе сөзі:  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше ,  өйткені ауданымыздың мектептерінен мұғалімдер келіп отыр
-Балалар, осы ағымдағы 2015 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Олар қандай атаулы күндер?

-Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары ассемблеясының 20 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175жылдық мерейтойы.
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы  болып қала береді.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
1 Абай бір өлеңінде: “Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез” – деген екен. Біз өзімізді талаптыл

Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз…

2:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Абай әлеміне саяхат” деп аталады
II. Ой шақыру  (әр топ өздері таңдаған сурет  тақырыбына қатысты  4 жол тақпақ айтады)
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Ар”Әлемге танылған Абай” атты суреттер жинақтамасымен таныстыру
Сіз не дейсіз? ( Әр топтан 1 оқушыдан Абай туралы сұрақтарға жауап  береді)
1-жүргізуші:  Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.
2-жүргізуші:   Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың  қалдырған із ешқашанда өшпек емес.
1-жүргізуші:  Гаухар мен Аяужанның орындауында ”  Бабалардың   ізін көрем” әні
Кері байланыс
Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ –– бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.
ҚОРЫТЫНДЫ
ММұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның  есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны.  Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі “болмасаң да ұқсап бақ” деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *