«Кім болам»
Тақырыбы: «Кім болам»
Мақсаты: Балаларға қыс көрінісін әңгімелеу, табиғаттағы ерекшеліктерге назар аударып,
көргендерін байқау, бақылау, балаларға тақпақ, жұмбақ шешу
арқылы балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын молайту, тілін
одан әрі дамыту, балаларды жақсы маман иесу болуға тәрбиелеу, үлкендердің
еңбегіне қызығушылығын арттыру.
Оқу іс-әрекет барысы.
Балаларды ұйымдастыру.
Таңғы шеңбер: Армысың шұғылалы Алтын күн,
Армысың қайырымды Жер Ана
Армысың көк аспан
Армысың балалар,
Салематсыздар ма, апайлар!
Балалар жақсы тілек білеміз бе?
-Кәне айтайықшы.
-Деніміз сау болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Нанымыз көп болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
– Көк туымыз желбірей берсін!
Жарайсыңдар, балалар.
-Кәне орындарыңа отыра қойыңдар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
-Қыс мезгілі неше ай қонақта болады?
Үш ай
-Қыс айларын айтайықшы?
Желтоқсан, Қаңтар,Ақпан.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
Бірінші күні, яғни дүйсенбі.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Енді барлығыңда мына тақтадағы суретке қараңдаршы, бұл суретте қай мезгілі бейнеленген?
-Қыс мезгілі.
-Балалар, қыс мезгілінің ерек шеліктері қандай?
-Күн суық, аяз, боран, қар жауады т.с.с.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Мына суретте балалар не істеп жүр?
-Қармен ойнап жүр, айналаның барі аппақ.
Қардан аққала соғып жатыр. Балалар шанамен сырғанап жүр.
(Балаларға кәдімгі қардан жасалған аққала көрсетіледі)
-Осы балалар, қыс сендерге ұнай ма?
-Ия, ұнайды.
-Несімен ұнайды? Қарымен.
-Қыста балалар қардан аққала соғады, шанамен сырғанайды.
-Сендердің көңіл-күйлерің қандай, балалар.
-Жақсы.
-Қыс мезгілі балалар суық, дегенмен біздер суыққа тоңбаймыз.
Осы кезде, есіктен Ақпан ата кіреді.
Соңында шанасы, шанасының ішінде қорапшасы бар.
-Балалар, бұл кім болды екен?
Менің атым Ақпан
Келдім суық, жақтан.
Тоңып қалмай балалар,
Аязымнан сақтан.
Балалар, бізге қонаққа Ақпан ата келіпті, кәне, сәлемдесейік.
-Сәлематсыз ба?
Хош келдіңіз, төрлетіңіз.
Мен сендердің таланттарыңызды, оқу іс-әрекетке қалай қатысатындарыңды көруге келдім. Менің мына шанамдағы қорапта сендерге әкелген тапсырмаларым бар.
Ал мына таяғым- «Сиқырлы жандарушы таяқ».
Мына сендердің топтарыңдағы шыршаны жанжанжырып беремін. (шыршаны жағады).
-Кәне 1-ші тапсырмамды оқып жіберейін.
-Кім қыс туралы тақпақ айтады?
Қандай қызық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген,
Барін шебер істеген.
Бақша-бауды тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Жарайсыңдар, балалар. 2 тапсырманы оқып жіберейін.
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыстан қардан тұрады,
Тауып көрші сен оны. (Аққала).
Мамықтай ұлпа,
Қанттай аппақ. (Қар).
Жарайсыңдар, балалар, тапқыр екенсіңдер. Маған тапқырлықтарың ұнап отыр, сендермен бірге болғым келіп отыр.
Олай болса, Ақпан Ата, бізбен бірге болыңыз.
-Балалар, сонымен бірге қыс мезгілінде жабайы жануарлардың көңіл-күйлері қандай болады екен, соларды көрейік.
-Балалар, сендер жабайы жануарларды білесіңдер ме?
-Қасқыр, түлкі, аю, қоян, жолбарыс т.б.
Дұрыс айтасыңдар.
-Жабайы жануарлар қайда мекендейді?
Орманда.
-Балалар, сендер орманға барғыларың келе ме?
Иә.
-Олай болса, Ақпан Ата, барлығымыз бірге орманға барайық.
(Ақпан Ата 1-2 баланы шанаға отырғызады).
-Міне, орманға да келіп жеттік. Қыс мезгілі болғандықтан айналаның бәрі аппақ, барлық жерді қар басқан.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.
Қыс бойында жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Ол не?
Балалар: Аю.
-Ой, балалар, мына ағаштың түбінде аю ұйықтап жатыр ғой.
-Кәне, аюды оятайық.
Балалар: «Аю оян».Балалар қол шапалақтап аяқтарын соғады. (Аю оянады).
-Аю нені жақсы көреді?
Аю балды жақсы көреді.
-Аю қалай жүреді?
Қорбаңдап.
-Кәне барлығымыз аюға ұқсап қорбаңдап жүрейікші.
Тақпақ: Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай
Келе жатқан аю ғой.
Жақындап оған бармайық,
Қатар-қатар тұрайық.
-Кәне, кім аю туралы тақпақ айтады. (1 бала айтады).
-Балалар, орманды одан әрі аралайық. Мен сендерге тағы да бір жұмбақ айтайын.
Сыбырдан қорқады,
Шошынып жортады.
-Ол не?
Балалар: Қоян.
(Осы кезде қоян секіріп шығады).
-Балалар бұл кім?
Қоян.
Қоянның құлағы қандай?
Ұзын
-Қоян немен қоректенеді?
Сәбізбен.
-Кәне қоян туралы тақпақ айтайық.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Міне, балалар орманда жабайы жануарлар тіршілік етеді екен.
(Аю мен Қоян шығып кетеді).
Біреуі қорбаңдап, біреуі секіріп шығады.
-Балалар, мына аю мен қоян басқа ормандарға кетіп бара жатыр.
-Енді балалар, тобымызға оралайық.
Ақпан Ата:Балалар, менің кететін уақытым болды, мына қорапшаны сендерге сыйға тартамын.
-Ой,балалар, мен қатты тоңғаннан болар, 1 тапсырманы ұмытып кетіппін.
-Кім болам?
Тәрбиеші: Ақпан Ата сіз қалай білдіңіз біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: -Кім болам? Деген.
-Балалар, сендер үлкейгенде кім боласыңдар, кім болғыларың келеді, мына Ақпан атамыз асығып тұр екен, естіп кетсін.
-Дәрігер боламыз.
-Мұғалім боламыз.
-Дүкенші боламыз. т.б
Ақпан атамен қоштасамыз.
Хош, сау болыңыз.
-Кәне, балалар мына тақтадағы суреттерге қарай қояйық.
-Мынау кім?
Апай, я бұл мұғалім.
-Апай не істейді?
-Балаларды оқытады.
-Кімнің мамасы мұғалім? (балалардың жауабы).
-Мынау кім?
Аспазшы.
-Аспазшы не істейді?
Тамақ пісіреді.
Міне, мына Дарияның мамасы тамақ пісіреді.
-Мынау кім?
Дәрігер?
Кімнің мамасы дәрігер болып жасайды?
Ержігіттің.
-Дәрігер не істейді?
Дәрі береді, укол салады.
-Мынау кім?
Тігінші.
Тігінші не істейді?
Іс тігеді, киім тігеді.
-Ал мынау кім?
Құрылысшы.
Құрылысшы үй салады. т.б.
Сонымен балалар, мамандықтың барі жақсы.
-Кәне барлығымыз сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту сәті:Ұшқыш болып ұшайық,
Тігіншіге ұқсайық.
Дөңгеленіп би билеп,
Бишілерге ұқсайық.
-Осы кезде есік қағып, Дәрігер апай келеді.
Хош келдіңіз, Сәлематсыз ба?
Дәрігер апай балалармен сөйлесіп, әңгімелеседі.
Сұрақ қойып, жауап алады.
Балалар, дәрігер апай өзінің емханасына шақырып отыр, барлығымыз бірге барайық.
(Балалар апаймен бірге емханаға барады)
с/р ойын: “Дәрігер”.
Мақсаты: Балаларды үлкендердің еңбегіне қызығушылығын арттыру,
бір-біріне достық қарым-қатынасқа баулу.
Дәрігер апай балалармен жеке-жеке жұмыс жасайды
Келесі оқу іс-әрекетімізде балабақшамыздағы аспазшы апайымызға саяхатқа баратын боламыз.
Қорытындылау: Балалар бүгін сендерге қонаққа кім келді?
Ақпан Ата.
Қайда болдыңдар?
Орманда.
Орманда не көрдіңдер?
Аю,қоян.
Тағы бізге кім келді?
Дәрігер апай.
Үлкен болғанда кім болғыларың келеді?
Аспазшы, дәрігер, тігінші т.с.с.
Мадақтау: Барлығыңда оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар.
Жарайсыңдар балалар, мен сендерге үлкен мамандық иесі болуға тілектеспін.
Апайлармен қоштасайық
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718