Құстардың қысқы тіршілігі

Ұйымдастырылған оқу қызметі.   

  Шығыс Қазақстан облысы.

   Аякөз қаласы

  « Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ

 «Еркетай» шағын орталығының    « Күншуақ »( 3-4 жас ) тобының         тәрбиешісі: Ахметова Самал Оралдықызы

  

 

Білім беру саласы: Таным.

Бөлім: Жаратылыстану.

Тақырыбы:  Құстардың  қысқы тіршілігі.

Мақсаты:  Балалардың  қыс мезгіліндегі  құстардың  қысқы  тіршілігі  жайлы білімдерін кеңейту.Қыс мезгілінде қай құстар болатынын  түсіндіру қай құстар жылы жаққа ұшатынын айту.  Сөздік қорын ,тілін сөйлеу мәнерін дамыту үшін тақпақтар жаттату.Балаларға  құстардың  суреттері  көрсете  отырып   әңгімелету.

 

Сөздік жұмыс: Бөтегесі,томардан.

 

Іс – әрекет кезеңдер Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Ынталандыру –қызығушылықтарын оятушы Арайлап таң  атты,

Алтын сәуле  таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң апайлар.

Балалар қоршаған ортамен ,апайларымен амандасады.
Ұйымдастырушы – ізденуші –      Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айжан келіпті.

–      Ол өзімен бірге құстардың   суреттерін  алып келді.

–      Балаларға суретті көрсете отырып  сурет бойынша әңгіме жүргіземін.

–      Ал   қыста қалатын құстар сауысқан ,қарға,торғай.

–      (Суретпен жұмыс)

–      Осы суреттердің ішінен осы құстарды тауып, көрсетіңдерші.

–      Мен сендерге  қазір құстарға  арнап  тақпақ  оқып беремін.

 

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.

Торғай, торғай,тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпайып,

Тойған қозыдай монтайып,

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

 

Баларға қыста қыстап қалатын құстар суықта,аязда далада ұшып жүретінін ,оларға жем, тамақ беру керектігін түсіндіру.

Құстарға қамқорлық жасау керектігін кішкене жүректеріне жол тауып жеткізе білу.

(Суреттермен жұмыс)

 

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.

-Мұнда не туралы айтылған ?

Торғай маған сене ғой.

Жем берейін келе ғой,

Жақын қалды қу түлкі

Жылдам ұшып кете ғой.

Балалар:амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар: сурет бойынша әңгімелеп айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіне қарай жасайды

 

 

 

 

Балалар: мұқият тыңдайды.

 

Балалар: бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

Құстарға қамқорлық керектігін ұғынады.

 

 

 

 

 

 

 

Ала сауысқан құсы туралы айтылған, бірге айту.

 

 

 

 

 

Мнемотехника кестесін пайдалана отырырып  торғай туралы тақпақты айтады..

 

 

 

 

Рефлексифті – түзетуші  

Құстар қанат қағады.

Көкте самғап ұшады,

Барлық құстар бірігіп .

Шиқ-шиқ деп ән салады.

 

 

 

 

Бізге қонаққ кім келді?

Ол өзімен бірге неніңсуреттерін  алып келді?

Біз қандай Тақпақпен таныстық?

 

Жақсы тақпақ айтқан , сабақта белсенділік көрсеткен балаларды Айжан мадақтайды, ризашылығын білдіреді.

 

Саусақпен ,қол қимылдарымен жасайды.

Екі қолдың саусақтарын біріктіріп ұшбұрыштап ұя жасап, құстарды ұяларына қондырамыз.

 

Сұраққа  толық жауап береді.

 

 

Сау болыңыз деп шығарып салады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:  Қыста қыстап қалатын құстарды білу.Аттарын жаттау.

Болу керек: қызығушылықтары болу керек.

Істей білу керек: тақпақты жаттату ,түсінгендерін қайталап айтулары керек.

Құстарға қамқорлық жасау, қыста тамақ беруге дағдыландыру.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *