Көркемдік кестемен бұйымды безендіру.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд шоу көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Джиксо» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2 деп санау арқылы, оқушыларды екі топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Джиксо әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады,әр топтан бір оқушы шығып, өз версияларын ұсынып, сосын өз түсініктерін айтып береді.Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.
Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:
Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;
Ережеге сай жұмыс жасау;
Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар мақта матасынан жасалынған, ақ түсті беторамал алып келеді, сол орамалдың бетіне оқушылар кестемен жұмыс жасайды.
1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;
2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;
3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )
4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;
5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;
6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;
Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау процессі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді.Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді. Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.