«Қылқалам және қылқалам түрлері»
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ақпараттандыру
Тақырыбы: Қылқалам және қылқалам түрлері
Мақсаты: Қылқалам және қылқалам түрлерімен таныстыру. Олармен жұмыс жасауға үйрету. Тінтуірмен жұмыс жасау дағдысын одан әрі жетілдіру. Компьютерге қызығушылығын арттыру. Баланың танымын, ойлау қабілетін жетілдіру. Түстермен таныстыру, түстер туралы түсінік беру.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Компьютер құрылымдары, қылқалам суреттері
–Мұғалім: Балалар біз қайда келдік?
-Балалар: Ақпараттандыру оқу қызметіне.
-Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар оқу қызметін бастамас бұрын, шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
–Балалар: Шаттық шеңберіне тұрып, табиғат анамен, достарымен амандасады.
-Мұғалім: Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.
-Балалар:
-Отбасың аман болсын!
-Денің сау болсын!
-ҚР биіктен көріне берсін!
-Мұғалім: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болмақ. Компьютерде қылқалам сурет салуды үйренеміз. Қылқалам және қылқалам түрлері.
Қылқаламның жұмыс аумағының жоғарғы жағында орналасқан. Қылқаламды пайдаланбас бұрын салатын суреттің ыңғайына қарай таңдау керек, себебі олар әртүрлі болып келеді.
Қылқаламның түрлері көп және олардың түсін өзгертуге болады.
Балалар: Қылқаламның орналасқан жеріне назар аударады. Оны пайдалану әдісімен танысады. Сурет салу барысында бейнелердің түріне, түсіне сай қылқалам түрлерін таңдап, түстерін өзгертуге болатыны туралы мәлімет алды.
Мұғалім: Балалар отырып шаршап қалған болармыз.
Сергіту жаттығуы:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
-Мұғалім: Балалар компьютерге отырамыз. Халатты киеміз. Компьютерді іске қосамыз. Бас менюге барып, Рaint графикалық редакторын іске қосамыз.
Сарамандылық жұмыс:
Қылқаламды пайдалана отырып, сандарды әртүрлі түстермен саламыз.
-Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, тапсырманы орындап болсақ, саусағымызға жаттығу жасайық.
Саусақ жаттығуы:
Саусағымда сақина,
Санап көрші, кәнеки.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Демалайық жинап күш.
-Мұғалім: Компьютерді сөндіреміз, халатымызды шешеміз. Балалар компьютерден тұрғасын көз жаттығуын міндетті түрде орындауымыз керек.
Көз жаттығуларыорындау:
1.Көзімізді жиі-жиі жыпылықтатамыз.
2.1-2 минуттай алысқа қараймыз, көзіміздің қарашығымен оңға жаққа, сол жаққа қараймыз
-Мұғалім:
-Қылқалам бетшенің қай жағында орналасқан?
-Жоғарыда құрал-саймандар қатарында
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы өттік?
-Қылқаламның түрлерімен таныстық
-Қылқаламның неше түрімен таныстық?
– Үш түрімен
-Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718