«Алтын жапырақ жауған күз»

Тәрбиеші: Усаева Рахима

ІІ санатты тәрбиеші

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

 

 

Тобы «Балбұлақ» ересек
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі  «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Алтын жапырақ жауған күз»
Мақсаты: Мақсаты:

Тәрбиелік: ұжымда бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.

Білімділік: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын

және жыл ерекшеліктерін түсінеді.

Дамытушылық:

танымдық қызығушылықтары және әр түрлі жапырақтарды бақылау дағдылары қалыптасады, сыни ойлау дағдылары дамиды.

Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: жыл мезгіліндегі ерекшеліктерін;

Түсінеді: өсімдіктерді күтіп-баптауды;

Қолданады:  жапырақтарды атап, реттестіруге;

Әдіс-тәсілдер:  4К, «Ашық  микрафон», Флипчарт, ашық сұрақтар, «Миға шабуыл» әдісі.
Сөздік жұмыс: Жапырақтардың түсуі, алуан, қызғылт, сары.
Билингвалды компонент: Күз-осень, жапырақ-листья, тал-дерева.
 
Жоспарланған уақыт: Жоспарланған іс-әрекеттер: Ресурстар:
 Кіріспе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 І. Сәлемдесу .

Балалар  3 тілде амандасады

ІІ. Тренинг «Сәттілік»

Қане балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, қолдарымызбен 3 рет шапалақтаймыз.

Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын өткен тақырыпты еске түсіріп көрейікші.

Өткен оқу қызметінде «Қанатты достар» соның ішінде үй құстары туралы өткен болатынбыз.

-Құстарды нешеге бөлдік?

-Үй құстарына қандай құстарды жатқыздық?

-Неліктен тауықты үй құсына жатқыздық?

ІІІ. «Миға шабуыл» әдісі

Балалар, ғажайып тақтаға назар аударайықшы. Ғажайып тақтадан «Күзгі бақ» видеосын тамашалайды.

Жыл мезгілдерінің ағаштарына түсінік беріледі. Шырша ағашының қысы жазы бір түсте болатыны туралы түсінік беріледі.

ІV. «Ашық микрафон» айдары

-Балалар, сендер видеодан қандай жыл мезгілін тамашаладыңдар?

– Жапырақтардың түстері қандай?

– Бір жылда неше жыл мезгіл бар екен?

-Қысы жазы жасыл болып тұратын қандай ағаш екен?

 

V. «Кім зерек» ойыны (жұмбақ жасыру арқылы ойналады)

Мақсаты: сыни ойлауы қалыптасады, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерінің түсіну дағдысы дамиды.

Жұмбақ.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгілде болады?  Қыс

 

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.       Көктем

 

Қойның толы жеміске

Көк майсалы егісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?   Жаз

 

Бұлттар төніп,жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады       Күз

 

Жарайсыңдар, тамаша! Олай болса оқу қызметімізді одан әрі жалғастыру үшін жапырақ түрлерімен, саралау әдісі арқылы топқа бөлініп алайық.

 

VІ. «Топтастыру» әдісі арқылы балаларды саралап топқа бөлемін. (сары жапырақ, жасыл жапырақ, қызғылт жапырақ)

Тапсырмалар:

1-топ:  Зерттеу жұмысы.  Гербариймен жұмыс.Қураған жапырақ пен  жасыл жапырақты салыстыру арқылы жұмыс жасайды. Шырша ағашының қысы жазы жасыл түсте болатын түсінеді және гүлінің болатынын зерттейді.(Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын)

2-топ: Командамен воскобович кілемшесі арқылы «Күзгі бақ»  композициясын құрастырады.

3-топ: Дәстүрден тыс әдіс бойынша ағашты қалдық материалдың көмегімен күзгі жапырақпен әсемдейді.

VІІ.Сергіту сәті. Ғажайып тақтадан «Кап-кап, тук-тук-тук» өлеңімен қимылдар жасай отырып орындайды.

 

VІІІ.Тапсырма. (жұмыс дәптерінен)

Мақсаты: ағаш жапырақтарын бір-бірінен ажыратады,сыни ойлауы дамиды, танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

Балаларға жұмыс дәптерінен тапсырма беріледі.

 

ІХ.Рефлексия. Әр топ өз жасаған жұмыс нәтижелері туралы қорғайды;

 

.

 

 

Жақсы көңіл-күймен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Ғажайып тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

Микрафон

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Бір реттік қолданылатын ыдыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапырақ түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гербарий, жапырақтар,лупа.

 

 

 

 

 

Воскобович кілемшесі.

 

Желім, гуащь бояуы,қылқалам,қалдық материал.

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

Қорытынды Тақтамен жұмыс:

Құрылымдалған ойын: «Ауланы жапырақтардан тазалаймыз.»

 

Х. «Тәтті алма» әдісі арқылы сұрақтар қойып қорытындылау.

Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *