Қазақстан-Менің Отаным

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан-Менің Отаным Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:    26.11. 2019ж.

СЫНЫП:  2 «Б»

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған  оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.3.2 Қазақстан картасынан қалаларды, ірі өзен-көлдерді, жолдарды, өз облысын көрсету.
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Өз Отанын картадан тауып көрсетеді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: «Отан» деген ұғымның мағынасын түсінеді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Астанадан Алматыға жету жолын таба алады. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Топтық тапсырмаларды орындай алады.

«Отан» деген ұғымның мағынасын түсінеді.

Өз туған жерін картадан тауып көрсетеді.

Каспий теңізі мен өзен-көлдерді картадан таба алады.

Ресурстар ҚҚҚҚшь  қулықҚР-ның картасы, карта, интерактивті тақта, слайд, суреттер,  топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Ресурстар
Ұйымдастыру

2  минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері

Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан  – үлкен

Қазақстан – туған ел!

 

слайд

Үй тапсырмасы

 

3 мин

 

 

 

Жаңа білім

 

Тақырып ашу

3  минут

 

Пікір алмасайық!

Сынып,сыныптастар  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ұжым деген не?

Сенің сыныбың ұйымшыл ма?

Сынып ұжымы ұйымшыл болуы үшін балалар қандай ережелерді сақтай білу керек?

Білу және түсіну

Берілген үш сөздің үшеуінде де қай әріп болса сол әріпті табу керек керек

1.тоғыз, қорық, жол

2.тамыр, жастық, текемет

3.адам, картоп, шумақ

4.үлкен, орман, нар

ОТАН – РОДИНА – НОМЕLAND (хамланд)

Сұрақтарға жауап береді:

–          Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

–          Біздің Отанымыз қалай аталады?

–          Оқушылар сабақтың тақырыбымен танысады. Қазақстан менің Отаным.

Оқушылар оқулықтағы ақын Садықбек Хангелдиннің өз Отанына арнап жазған өлеңін мәнерлеп оқиды.

–          Бұл өлең шумақтарынан не түсіндіңдер?

 

 

Оқулық

Слайд

Жаңа білім

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Интеративті тақтада жұмбақ беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы  тақтадағы картадан қалаларды көрсетеді.

1.Ол қала – арман қала

Бағы бір жанған қала

Сұлулықты төккен қала

Ол қала – бас қала            (Астана)

2.Аты оның тәтті жеміс есіміндей

Жемісі халқының мол несібіндей.

Білмесең бұл қаланы онда сенің

Қалады қателігің кешірілмей        (Алматы)

3.Есімінде екі сөз бірігіпті

Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты

Ақпанда суық жақтан барған кісі

Бұл қалаға барғанда жылыныпты     (Шымкент)

4.Қайнаған қалың байлық ол қалада

Маңына жайып отыр миллион жанды

Байқасаң қара алтынды кенін көріп

Маңызы табысының өте мәнді.    (Қарағанды)

 «Жариялау» әдісі

Әрбір топ берілген жұмбақ бойынша  өз жауаптарын жариялау керек.

Қазақстанның картасынан көрсетіп шығады.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді  оқиды.

Қазақстанда  көрікті, тарихи қалалар өте көп. Ежелгі қалаларға: Түркістан, Тараз, Алматы жатады. Бұл біздің Отанымыздың тарихы тереңде жатқанын білдіреді. Біздің әсем қала Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы. Еліміздің қалалары бір-бірімен теміржол арқылы байланысады. Орал қаласынан Алматыға дейін теміржол арқылы барса, екі күндік жол болады. Бұл біздің Отанымыздың аумағы үлкен екенін көрсетеді.

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс:

Сен өзің қалаң (ауылың) қайда орналасқан.Аудан орталығына

(қалаға) қалай жетуге болады? Екі-үш сөйлем құра.

 

 

ҚР-ның картасы.

Оқулық.

жұмбақтар

 

 

ҚР-ның картасы.

Оқулық.

Жұмыс дәптері

 

Сергіту сәті

2 минут

 Балалар әні «Тәуелсіз ел ұраны»

Әні мен сөзі: Гулайым Жортаеванікі

.Ән айтып сергіп қалады
Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

1-топ

Қазақстанның картасынан  өзің тұратын облысты тауып, аумағын боя. Облыс орталығын білдіретін қаланың атауын жаз.

2-топ

Қазақстан картасынан Арал теңізін және  Балқаш көлін тауып, белгіле (P).

 

 

3 -топ

Қазақстанның  Нұр-Сұлтан  – Алматы   қалаларына

венн диаграмасын құру

А3. түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Ой қорыту   Аудиожазба қосылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

Аудио

тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, күн, бұлт немесе жауын бұлтына жабыстырады

Үйге тапсырма: 36 бет. Мазмұндау.  
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу  мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар  не білді?

Сыныптағы ахуал  қандай болды?

Мен жоспарлаған  саралау шаралары   тиімді болды ма?

Мен берілген  уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен  өз жоспарыма

қандай түзетулер   енгіздім жəне

неліктен?

 

 

 

 
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

   
 
Тексерілді:

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Arman:

    Бастауыш мектептен бастап Отанға, елге , отбасына деген сезімді балаға қалыптастыру дұрыс деп санаймын, бірақ менін ойымша география пәніндегі картаны оқу деген 2 сыныптын санасына әлі ерте деп санаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *