7 саны мен цифры.

Пәні: математика Мектеп: 177
Күні: Мұғалімнің есімі: Омарова Б
СЫНЫП: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»
Сабақтың тақырыбы: 7саны мен цифры
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2**біртаңбалы сандарды оқу,жазу,салыстыру.
1.1.1.3**біртаңбалы сандардың құрамын анықтау.
1.1.1.1**натурал сандардың және нөл сандарының құрылуын түсіндіру,10көлеміндегі сандарды тура және кері санау,олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• 10 көлеміндегі сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.10 көлеміндегі сандарды тура және кері санай алады

Оқушылардың басым бөлігі:
• Цифр мен санды бір бірінен ажыратады.Натурал сандар қатарындабіртаңбалы сандардың құрамын анықтап,оқи алады
Кейбір оқушылар:
• Сандық сәуледе 7 санын әртүрлі тәсілдермен салыстырып көрсетеді
Бағалау критерийлері:
-Сандық сәуледе 7 санының орнын табады.7 санын жазады және басқа сандармен салыстырады.
-7 санының құрамын анықтап,құрылу жолын түсінеді.
-7 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды

Тілдік мақсат Оқушылар:
• Сандық сәуледе 7 санының қай жерде орналасқанын анықтап,7 цифрын жаза алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
жеті
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Кемпірқосақтың неше түсі бар?
2.Сенің жасың нешеде?
3.Сен оны қалай білдің?
4.Музыкалық ноталардың саны қанша?
Пән аралық байланыс Музыка- жұптық жұмыста көрініс табады.
Көркем еңбек-топтық жұмыста көрініс табады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім: Натурал сандарды біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
3 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Ширату.Оқушыларды шеңберге тұрғызып бір біріне жылулық сыйлайды. «Жалғастырып сана» ойынын ойнатамын.1 оқушы 7- дейін кез келген санды айтады,2 оқушы келесі санды айтып жалғастырады. Кері байланыс: «Сұрақ –жауап» әдісі
1,Суреттер туралы не айта алар едіңдер?
2.Неліктен біз 1-7 дейін саналдық?
Топқа бөлу. суреттерді алу арқылы топқа бөлемін.
І.-топ саңырауқұлақтар
ІІ-топ гүлдер
ІІІ- топ қаламдар
Болып топқа бөлініп отырады.

Ортасы .(Ұ.ж) « Киелі сан» әдісі.
Интербелсенді тақтадан 7 санын көрсетіп, 7 киелі сөздерді айтады.

• Кім жеті атасын біледі?(білетін оқушыларға ататамын)
• Наурыз көжеге неше түрлі дәм қосылады? Және оны атаңдар.
• Аптаның жеті күндерін атаңдар.
• Тағы басқа жеті санымен нелерді байланыстыруға болады деп ұжыммен талқылаймыз.(7 шелпек, 7 керемет)

Кері байланыс: «сұрақ –жауап » әдісі
• 1-2 күннің атауларын ата.
• Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады.
Бағалау. Жарайсың, керемет

Топтық жұмыс. «Сиқырлы түстермен сырлас» әдісі
Топ мүшелері өзара сайланады. (Капитан- тапсырма береді, Хатшы- кері байланыс береді уақыт сақшысы –уақытты белгілейді спикер- баяндайды )
Топтық жұмыста сандарды салыстырады, құрамын анықтайды.Түстердің санын санау жұмысын жүргізеді.

1-топ. Сандарды салыстыр. Парақшаға 1-7 көлеміндегі сандар таратылады және салыстыру таңбалары жасырылған сия тамшылары арқылы сандарды салыстырады.
7 1 6 7
5 7 7 2
4 7 3 7
2- топ. Түстер политрасы.Политрада 7 түс болуы үшін қанша бояудан қосу керек? Топқа картоннан жасалған политралар беріледі, сол политраға 7 саны шығу үшін қанша бояудан қосу керектігін анықтайды.

3-топ Кемпірқосақ. Қима түстер арқылы кемпірқосақтың 7 түсті жолақтарын құрастырып, тақтаға орналастырады.

Кері байланыс: « Жедел жауап» әдісі
1.7 санының құрамы қандай?
2.Қай белгіге бояу жағылып кетті? 3.Қандай таңбаларды еске түсірдіңдер?
4.Әр политраға жеті түс болу үшін неше бояудан қостың?
5.Кемпірқосақтың неше түсі бар?

Бағалау. « Басбармақ» арқылы топтар бірін бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс. Кім шапшаң ойыны
Бірдей Түстер арқылы жұптасады.
Тапсырма: жұптарға қалам,майшам, ноталар беріледі. осыларды санау арқылы мысалдар құрастырып 7 санының құрамын шығарады.

Кері байланыс: «Сұрақты қағып ал?» әдісі
• 7 санының құрамы қандай
• 7 саны қандай қосылғыштардың қосындысы
• Музыкада неше нота бар?

Бағалау «жұлдызша » арқылы жұптар бірін- бірі бағалайды.

Жеке жұмыс:
7 цифрының жазылу үлгісі тақтада көрсетіледі.7 цифрдың элементтерін жеке жолға жазады. Кестедегі бесінші және алтыншы жолдар өз бетімен 7 санын жазады.

Кері байланыс: «Жедел жауап» әдісі
-7 цифры неше элементтен тұрады?
– 7 санының құрамы?
Бағалау: смайлик арқылы өзін өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

1-тапсырма
Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы
– 3 санының құрылу жолын түсіндіреді

2-тапсырма
Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз. 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз:

Дескриптор: Білім алушы
– гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен
байланыстырады;
– 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.

Сараланған тапсырма.
Қабілеті төмен оқушылар үшін санға қарап алманын суретін толықтырып сал.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін

7= + +
7 = +

7 = +

Аяқталуы:

Рефлексия: « Адасқан ноталар» әдісі

Адасқан ноталарды нота сызығына орналастырып, 7 санына байланысты сұрақтарға жауап береді.Ноталарды төменнен жоғары қарай орналастыру арқылы білім жетістіктерін көрсетеді.

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзін өзі бағалайды.

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
-Сандық сәуледе 7 санының орнын табады.7 санын жазады және басқа сандармен салыстырады.
-7 санының құрамын анықтап,құрылу жолын түсінеді.
-7 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды
Екі жұлдыз,бір ұсыныс-сөздік қорын молайтады
Бағдаршам-ынтымақтастықты нығайтады
Өзара- әділ болуды қалыптастырады

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *