теңіздегі туылған күн

Тақырыбы: «Теңіздегі туылған күн !»

Мақсаты: Балаларды ұсынылған рөлдерді ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдыларымен достық қасиетін көрсетуге баулу, су асты әлемінің ерекшелігін қойылым арқылы жеткізу.

Әдісі: Сахналау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

 Өтілу түрі: Сахналық  қойылым

Безендірілуі:  Эстетикалық  талапқа сай безендірілген  сахна. Теңіз,  теңіздегі түрлі балықтар және басқа да тіршілік иелері бейнесінде киінген  балалар

Үнтаспадан  кеменің,  шағаланың, желдің дауысы естіліп және «Менің атым Қожа» фильміндегі «Туған өлке»  әнін  орындап, жағажайға бірнеше бала тәрбиешімен  бірге  саяхаттап,  теңіз асты әлемінің ерекшелігімен таныспақ болады.

Тәрбиеші: Балалар, сәлемдесу кісіліктің белгісі. Бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен. Ендеше қонақтармен сәлемдесейік. (Үш тілде амандасу). Құрметті қонақтар «Күншуақ» ортаңғы тобының «Теңіздегі туылған күн !» тақырыбындағы ертегі әлеміне қош келдіңіздер. Біз бүгін саяхатқа шықпақшымыз, сіздерді де саяхатқа шығуға шақырамын.

(Музыка әуенімен ойналып тұрады) Осы сәтте проектрдан  теңіздің көрінісі көрсетіліп, балалар қатты қуанады.

Балалар:  Апай, апай, апай  теңізді қараңыз!

Кеме! Кеме!  Анау кеме ғой,

Мұнда балықтар  бар!

Тәрбиеші:   Балалар, теңіз  астындағы тіршілік иелерін көргілерің келе ме?

Балалар:  Иә, иә иә.

Тәрбиеші: Олай болса мен бір сиқырлы сөз айтайын, соны барлығымыз бірге қайталайық.

Балалар:    Тербелші теңіздің толқыны

Сырыңды аш  біздерге бұл күні

Теңіздің патшасы оянсын,  оянсын, оянсын!

Жұмбақ сыр ғажапқа боялсын!

 

Тәрбиеші: Ой, қандай керемет балалар, біздің жаңағы айтқан сөзіміз расында да сиқырлы екен. Қараңдаршы қандай тамаша теңізге, су асты әлеміне  тап болдық. Біз ертегілер елінде сияқтымыз. Балалар, қараңдаршы су ханшайымы.

(Музыка әуені ойналып тұрады, музыка әуенімен су ханшайымы келеді)

Су ханшайымы: Сәлеметсіздер ме менің құрлықтағы достарым, сіздер бұл жерге қайдан тап болдыңыздар?

Балалар: Сәлеметсіз бе су ханшайымы ! Біз, теңізге саяхатқа шыққымыз келіп, бір сиқырлы сөз айтқанбыз. Өзіміз де таң қалып тұрмыз.

Су ханшайымы: Қандай тамаша, мен де сендерді көріп, әрі таңырқап, әрі келгендеріңе  қуанып  тұрмын!

Балалар: Су ханшайымы ендеше бізді су асты тұрғындарымен таныстырыңызшы.

Су ханшайымы: Қане  теңіздегі достарым

Су бетіне шығыңдар

Өздеріңді таныстырып,

Ізетпен амандасыңдар

 

Осы кезде музыка ырғағымен барлық  су асты тұрғындары:

 

Балық : Балық деген атыммен

Суда жүзіп келем мен

Су бетіне шыққанда

Алаңдаймын көлге мен

Мен  балықпын! Балықтың түрлері өте көп. Менің  жүзбеқанатым бар, (жүзбеқанатын  көрсетіп айналады) Мен мұхиттарда өзен көлдерде  тіршілік етемін. Мен желбезегіммен тыныс аламын (желбезегін  көрсетеді) және сусыз өмір сүре алмаймын!

Сегізаяқ: Сегізаяқпын, теңіздің тұрғыны

Көк түсті,

Мен сегізаяқпын!  Менің  түсім – көгілдір. Менің сегіз аяғым бар     (аяғын көрсетіп)  Менің  денем  жұмсақ.  Мен  кішкентай балықтармен қоректенемін!

Ұлу: Інжу-маржан жинаған

Бақалшықтың егесі

Әдемі ұлу мен болам

Мен ұлумын! Менің  түсім-қоңыр.Мен  өте баяу қозғаламын.Менің бақалшығым бар. Бақалшық дегеніміз – қатты қабық.Ал мынау-бақалшық.Бақалшағымның  түсі – ақ және жылтыр. Бақалшағымның   ішінде інжу бар.

Итбалық: Мұрты ұзын балық

 

Мен итбалықпын. Мен – қоңыр  түстімін.  Менің мұртым болады. Мен  тастың үстінде отырып күнге қыздырынғанды  ұнатамын. Мен  суда артқы аяқтарымен жүземін.

Балалар: Су ханшайымы теңіз астының сиқырын, кереметін  көзбен  көрсек бола ма?

Су ханшайымы: Ой, балалар су асты өте керемет, бұл жерде неше түрлі сиқырлар да, кереметтер де бар. Әрине мен сендердә су асты кереметтерімен таныстырамын. Бүгін  дельфин  досымыздың  туылған  күні.  Дельфинге тосын  сый болсын.

 (Дельфиннің даусы естіліп, ойнақтап,  күліп  жүзіп  келеді. Балалар  Ағылшынша туылған  күнімен  әнін  орындайды. Осы сәтте су асты тіршілік иелері әнге ілесе отырып,  қимылдар  жасайды.)

Балық:   Дельфин досым!   Сенің туылған  күніңе меніңде сыйым бар! Мен  саған  өзімнің әсем биімді ала келдім!  Олай болса  баршамыз  бірігіп  би билейік!  (осы сәтте барлығы балықша билейді)

Теңіз  гүлі :  Дельфин  досым ! Менің саған  арнайы айтар  өлең шумақтарым бар.  Сенің  ерекше ақкөңіл мінезің  өте жағымды әрі тамаша.

Дельфинге арнау

Ұлу :Балалар, мен сендерге  өзімнің  айрықша қасиетім туралы айтып өттім емеспе . Менің  ешкімге ұқсамайтын ерекшелігім  бақалшағыма асыл тастарды, гаухартастарды  жинаймын .Дельфин досыма  асыл тасты естелік ретінде сыйға бергім келеді.

Дельфин:  Достарым  барлығыңа рахмет. Менің туылған  күнім өте тамаша өтті.  Маған  ән де,  би де, барша сыйлықтарың  ұнады!  Мен осы асыл  тасты гаухартасты  құрлықтағы достарыма естелік ретінде сыйға бергім келеді.

Саяхатшы балалар: Рахмет  дельфин. Біздің балабақшаның аты Гаухартас.Сондықтан  Гаухартасты  балабақшаның төріне қойып, сенен  естелік ретінде есімізге сақтаймыз. Апай бізді жаңа достарымызбен  суретке  түсіріңізші!

Тәрбиеші:   Балалар  кеш  болса  батып қалды.  Біздің әлі саяхаттайтын  жерлеріміз  көп.  Мен  сендерге қатты қызығып  тұрмын! Теңіз  астында тағы не көрдіңдер. Маған  айтып алған  әсерлеріңмен  бөлісіңдерші.

Автор  сөзі: Балалар  киініп жатып,  Теңіз  астынан  алған әсерлерімен  бөлісіп, апайларына теңіз  астының  кереметін  айтады. Осылайша саяхатшы балалар  сахнадан  шығып  кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *