Психология – болашақтың мамандығы.

Конарова Қарлығаш Жарасқанқызы 

Түркістан облысы, Ордабасы  ауданы, Ақбұлақ ауылы, 

«Ақбұлақ»жалпы орта мектебінің  педагог психологы

 

Қазіргі таңда құпиясы толық ашылмаған мамандықтардың бірі психология мамандығы .

     Психология – ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез келген мекемелерде  психолог болуы шарт. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының салдарынан. Психологтардың міндеті – жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын ең басты орта –отбасы. Ата-ананың бір –біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында  өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың девиантты топтағы балалар азаяды. Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады.

М.Әуезов  «Ел болам десең, бесігіңді түзе » деген екен.Баланың   ерік-жігері ,   ақыл-ой ,   қабілеті ,есі,ой-танымы ,дарын мен талантын жас кезінен көре білуде,оларды көре біліп қана қоймай ,ары қарай дамытып жетілдіруде ,бала бойындағы қайнап жатқан энергияны  қазіргі нарықтық заманда дұрыс ,қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда  педагог-психологтардың  алар орны ерекше.

Мен, Ақбұлақ жалпы орта мектебінде педагог психолог қызметін атқарып жүргеніме 4,5 жыл болды.Осы уақыт ішінде балалардың арасында жағымды атмосфера құру барысында әр түрлі іс-шаралар өткізіп жатырмыз.Зорлық-зомбылықтың алдын-алу барысында тренингтер,дөңгелек үстел,қыздар,ұлдар арасында жиналыстар өткізіліп отырады. Жылына бір рет«Мен өмірге ризамын» тақырыбында бір айлық іс-шара өткізіліп отырады,онда тәрбие сағаттары,сурет көрмесі,тренингтер,спорттық ойындар өткізіледі.Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу барысында да түрлі шаралар өткізіп отырамыз. Жалпы айтқанда әр баланың көңілін тауып,олармен жұмыс атқарып отырғаныма қуанамын.

     Келер ұрпақтың осы психология мандығының  болашақта ашылмаған жаңалықтарын ашып, адамның жан дүниесін толық зерттеп, оған дұрыс бағдар беріп, күйзеліске душар болған адамды кез келген жағдайдан қиналмай алып шығатынына сенемін.

Мен өзімнің психолог екенімді мақтан етемін ,өйткені өз мамандығымды жақсы көремін және үлкен жетістіктерге жеткім келеді.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *