Жануарлар әлемі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы,

Ынтымақ ауылы, Ынтымақ негізгі

жалпы білім беру мектебінің қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна

Ұзақ мерзімді жоспардың  тарауы :                                                             Мектеп: Павлодар обл.Ертіс ауданы,  Ынтымақ негізгі мектебі

Күні:                                                                                                                   Мұғалімнің аты-жөні: Айтмаганбетова А.Т

Сынып: 5                                                                                                            Қатысқандар:                         Қатыспағандар:

 
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мәтін мазмұнын түсіну үшін, нақты ақпаратты анықтау үшін, әдеби тілдік нормаға сай жазу  
Сабақ мақсаттары 5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделу мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру  құрастырып  жазу.

 
Барлық оқушылар :  Мәтін мазмұнын түсінеді. хат, жарнама, хабарландыру  құрастырып  жазады.  
Оқушылардың көпшілігі :  Мәтін мазмұнын барлық оқушы оқиды, мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтап сұрақ қояды. Құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру  құрастырып  жаза алады.  
Кейбір оқушылар: Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделу мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру  құрастырып  жазады.

 
Бағалау критерийі  Мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды  табады, орфографиялық нормаға сай жазады  
Тілдік мақсат Оқушылар орындайды: Мәтіндегі нақты ақпаратты табады, құрылымын сақтап хат, жарнама, хабарландыруды орфографиялық нормаға сай жазады  
Құндылықтарға баулу Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрс ету  
Пәнаралық байланыс Биология, бейнелеу, АКТ  
Тақырып бойынша алдыңғы білім: 1. Жануарлар әлемі деген күрделі сөз қандай мағынаны береді?

2. Жануарлардың қандай түрлерін білесің?

 
Жоспар  
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар  
Басы

5мин

 

 

Ширату жаттығуы

«Білезік» әдісі арқылы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудырамыз.Оқушылар бірінің қолына бірі «Әрқашан…., ешқашан…..» деген тілек айтып білезік тағады. Сол білезік арқылы топқа бөлінеді «Қоян», «Түлкі», «Аю» сөздері сол білезікте жазулы тұрады

«Білезік»

 

 

 

 

 
Ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8мин

1-тапсырма. Топпен жұмыс

1.Мәтін бойынша «Кейіпкердің бейнесі» әдісін орындау. Ол үшін әр топ мәтіндегі бір жануардың суретін салып, сол  туралы мәтіндегі ақпаратты ішіне жазады, ал сыртына өздері білетін ақпаратты жазады да  постер арқылы қорғайды

Жануарлар – табиғат тартуының тамаша жаратылысы. Жануарлар туралы біле түссең, таңғаларлық деректерге тап боласың. Мысалы, құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан, өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті көтере алады. Бұларды палуан құмырсқалар деп атайды. Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Сондықтан олардың асқазаны басқа тамақтардан бөлек таспен де толтырылады. Ал піл тұмсығымен бөренелерді көтереді, гүлді зақым келтірмей суарады. Пілдердің сурет сала алатынын айтсайшы. Пілдер –  дүниедегі ең ақылды жануарлар. Миының салмағы – 5 кг.  Пілдер қуанышты да, қайғыны да сезеді. Оларды құралдармен жұмыс істеуге үйретуге болады. Тотықұстар сөйлей алады. Олар адамдардың сөзін мағынасыз қайталай бермейді, біздің сөзімізді ішінара түсіне алады. Ғалымдар тотықұстардың кіші мен үлкенді, ұқсас пен бөлекті ажырата алатындығын дәлелдеген. Көртышқандарды көре алмайды, соқыр  деп ойлаймыз. Шын мәнінде олай емес, олардың аздаған көру қабілеті бар. Соның көмегімен көртышқандар  жыртқыштардан қорғана алады. Олар көздері арқылы ауа ағынын сезе алады. Көртышқан қауіпті белгінің жақындағанын інінде жарықты көру арқылы біледі. Көбелектердің де иіс сезімі өте жақсы дамыған. Олар гүлдердің хош иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады. Мұрындары болмағандықтан, көбелектер иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ал құстардың алыс қашықтыққа өз бетімен ұшып барып, жаңылыспай ұшып келетіні де ойланарлық жайт.

(«Жануарлар әлемі». Балалар энциклопедиясы)

Тапсырманы «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалаймыз

Жасыл – өте жақсы

Сары – орташа

Қызыл – нашар

 

2-тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі

Ортаға бір бала шығып, орындыққа отырады.  Ал қалған оқушылар ортадағы балаға мәтін бойынша сұрақтар қояды. Осылайша балалар ауысып отырады.

 

Тапсырманы «Шапалақ» әдісі бойынша бағалаймыз

 

3-тапсырма

Топпен жұмыс

Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап «Жануарлар әлемі»  тақырыбына хатты «Жануарларды қорғайтын қоғамына», «Экологқа» жазуға болады және   жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. Постер арқылы қорғайды

Бағалау парақшасы (топтар бірін-бірі бағалайды)

 

Рәсімделуі Тақырыпқа сәйкестігі Сауаттылығы
     

Нұсқаулық

Хат (RAFT әдісі)

R –  кім жазады

A –  кімге жазасың

F –хат

T – тақырып

Хабарландыру

1.      Тақырыбын анықта (іс-шара болуы керек)

2.      Күні, өтетін уақыты, орны

3.      Кімдер шақырылады

4.      Кім ұйымдастырады

Жарнама

1.      Нені жарнамалайсың?

2.      Заттың сапалығына сендіретін және дәлелдейтін қысқа сөйлемдерді қолдану

3.      Мекен-жайы, байланыс телефондары, жарнама берушінің есімі

 

 

«Кейіпкердің бейнесі»

«Постер жазу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бағдаршам» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ыстық орындық» әдісі

 

 

 

«Шапалақ» әдісі

 
Соңы

5мин

 

 

 

5мин

1.      «5-5-1» әдісі арқылы сабақты қорытамыз.

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы5 сөйлем

жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады.

Соңында5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің

түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

 

«5-5-1»

 

 

 

 

 
Қосымша ақпарат    
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз

.Оқушылар бағалау парағына бағалап отырады

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).
Іздену жұмысы арқылы пайымдау жасайды Бағалау парағы:

1.«Бағалау парағы рефлексия»

+ Қызықты
     

 

 

 «Бағалау парағы рефлексия»
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?  Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)  Уақытты қалай пайдаландым?  Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды деп ойлаймын. Себебі оқушылар жануарлар әлемі жайында көптеген мағлұматтар алды. Оқылым және жазылымда «Кейіпкердің бейнесі» мен « RAFT »әдістерін пайдаландым.  Менің ойымша оқушылар мәтінді түсініп оқып, нақты ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтарды дайындай алады.  Жанрлық ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап хабарландыру  құрастырып  жазды

Бұл сабақта екі дағдыға көңіл бөлінді.Оқылым мен жазылым. Оқушылардың жасалатын әр іс-әрекетінің орындалуына уақыт бөлінеді. Барлық әрекет уақыт бойынша орындалады. Әр орындалған тапсырмадан кейін оқушылар бірін-бірі бағалау парақшасымен бағалап отырады.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

 

2:

 

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 

1: 

 

2:

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

 

2:

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *