Үйірменің үйретері көп.

Жалпы білім беретін мектептердегі  оқу-тәрбие процесінің  маңызды құрамдас бөлігінің  бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың  шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін  шыңдауға жол ашады. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.  Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде  мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.  Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты  шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын  толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын  негізінен  теориялық және практикалық  бағытта жүргізуге болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен   сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірме жетекшісі алынған тақырыбының  үйретушілік және тәрбиелік маңызына  ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әртүрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді  жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып,  ізденгіштік  дағдыларын  тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына  оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен  дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы білім, дәлелді шешімдер қабылдай білуге  үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің  ең маңызды мақсаты болып табылады.

–         Өзін-өзі тануға ұмтылады; –         Ізденеді; –         Дұрыс ой түйеді; –         Өздігінен сапалы шешім қабылдайды; –         Жеке қабілеттері дамиды; –         Рухани күші нығаяды.

Балалардың бос уақытын   тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып    тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Біздің    мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында «Ертегілер  әлемі» , «Жас   қаламгер» болашақ тілшілер, «Мәнерлеп оқу» көркемсөз оқушылар, «Домбыра»     домбыра үйренушілер үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмелер оқушылардың бос   уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

«Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің   ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің берері көп және  жеткен жетістіктері аз емес.

Мен  өзім  жетекшілік  ететін « Ертегілер әлемі»  үйірмесінде  12 оқушы  бар.Біз  әртүрлі  ертегі кейіпкерлерін  сомдап,сахнаулаумен қатар ,керексіз  тұрмыстық  қалдықтардан да  түрлі  қуыршақтар жасаймыз.Балалардың  мұндай  іске қызығушылығы  басым.Себебі:керексіз  деп тастаған  йогурт ыдыстары мен балмұздақ  таяқшаларын  іске асырып,қуыршақтар жасадық.Балалардың  өз  қолымен жасаған  заттары  олардың  шығармашылық  қабілетін  одан әрі  шыңдап, өмірге  ,қоғамға  деген көзқарасын  өзгертеді.Сонымен қатар табиғатты  қорғау,лас қоқыстарды  тастамау да баланың өн  бойына  тазалықты  сіңіреді.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *