“Бала әр ата-ананың болашағы, өмірінің жалғасы” отбасылық сайыс

Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы

№3  «Ертөстік» бөбекжай-бақша

Меңгерушіс: Айткүл Әбжалиева

 

№ 3 «Ертөстік» балабақшасының ұйымдастыруымен «Бала әр атананың болашағы, өмірінің жалғасы» атты сайысының жоспары.

Сайыстың тақырыбы : «Бала әр атананың болашағы, өмірінің жалғасы».

Сайыстың мақсаты: Ата-анамен баланы сайысқа қатыстыра отырып халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімін байқау. Отбасын Отанын бір бөлігі ретінде ұғындырып, балаларды ынтымақпен бірлікке, татулықпен ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Залды түрлі шарлар мен безендіру , көрме ұйымдастыру,тақырып ,көркем сөздер.

 

Сайыстың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а/ сайысқа қатысушыларды анықтау

с/ сайысқа дайындығын тексеру

б/ қазылар алқасын дайындау

 

ІІ.Қазылар алқасы

1.Ұ Рахатова

2.Р.Жарылқасынова

 

ІІІ.Негізгі бөлім

Сайыстың шарттары

1/ «Сұрасаң менің атым…» /Отбасылық таныстыру/

2/ «Сөз мерген»/Көнерген сөздер мағынасын айту/

3/ «Ойлы болсаң озып көр» /Әр тақырыпта мақал мәтел айту/

4/ «Шынықсаң шымыр боласың» /Спорттық сайыс/

5/ «Өнерлі өрге жүзеді» /Өз өнері, ән-би, көрініс, балалар сән үлгісі/

6/ «Шебердің қолы ортақ» /Көрме үйымдастыру ,Отбасылық газет ,буклет/

 

ІV-Қорытынды

1/ Қазылар алқасының берген қорытындысы

2/ Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші.

Құрметті ата-аналар бүлдіршіндер !

Міне біз ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халқымыздың тарихын, тәлім –тәрбиесін негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына сана сезім, көз қарасын қалыптастыруды мақсат етіп, «Бала әр атананың болашағы, өмірінің жалғасы» атты сайысқа жиналып отырмыз.

Отбасы бұл қоғамның негізі.

Баланың боашақта жақсы азам болып өсуі,жан-жақты тәрбиелі боуы отбасынан берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі сайысқа——————————— отбасы балалармен қатысып отыр.

Олар мынадай отбасылар.

1/ Туреевтер отбасы

2/ Қасымовтар отбасы

3/ Махмутовтар отбасы

4/ Шәріппайевтар отбасы

5/ Ібрәкімовтер отбасы

6/ Асылбековтар отбасы

 

Жүргізуші:            Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық

Нақ отбасын бүгін таңдап алайық.

 

Енді сайыстың кезеңдеріне тоқталайық

 

1/ «Сұрасаң менің атым…»            /Отбасылық таныстыру/

2/ «Сөз мерген»                             /Көнерген сөздер мағынасын айту/

3/ «Ойлы болсаң озып көр»         /Әр тақырыпта мақал мәтел айту/

4/ «Шынықсаң шымыр боласың» /Спорттық сайыс/

5/ «Өнерлі өрге жүзеді»      /Өз өнері, ән-би, көрініс, балалар сән үлгісі/

6/ «Шебердің қолы ортақ»  /Көрме үйымдастыру ,Отбасылық газет ,буклет/

 

Ән: Балабақша ән ұраны

 

Жүргізуші:                          Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып қошеметтеп отырайық,

Отбасылар бүгін міне сайысады.

 

Жүргізуші:                       Армысыздар айналайын дана халқым.

Ата-бабам шежіресін жіктеп

Таныстыру парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер отбасылар

Сәтте келіп қалған дай танысатын

 

І-кезең . / «Сұрасаң менің атым.».-  Отбасылық таныстыру

Би: «Бақалар» «Балбөбек »  тобы

 

Жүргізуші:                  Біле білген білімді зерек дейміз

Біліммен  ел жұртына ерек дейміз

Бәсекеге қабыілетті айыскерге

Оқу –оқып білім қуған керек дейміз

 

Енді ІІ- кезеңге  жол берейік «Сөз мерген»  -Көнерген сөздер мағынасын айту.

 

Ән-«Апатайым анашым» орындайтын Сүндетова.Ә,  Қасымова.Б

 

Жүргізуші: Қазақтың түрлі –түсті дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма сайыс керлер,

Мақал-мәтел айтудан жаңылмаған

 

ІІІ- кезең «Ойлы болсаң озып көр» – Әр тақырыпта мақал мәтел айту

 

Ертегілер қойылымы : «Қояндар» «Ақкөгершін » тобы.

 

Жүргізуші:                              Өнерлінің өнерін

Тағы байқап көрейік

Жүйрік аттай желейік,

Ойынға кезек берейік

ІV- кезең «Шынықсаң шымыр боласың»- Спорттық сайыс /Қаппен секіру, доп үстімен , секіртпеден секіру/

 

Би:  Спорттық би «Ақкөгершін » тобы

 

V- кезең «Өнерлі өрге жүзеді»  -Өз өнері, ән-би, көрініс, балалар сән үлгісі

Жүргізуші: Шеберлердің өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата-баба  жолынан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Атадан қалған асыл мұра  міне бұл.

 

VІ- кезең «Шебердің қолы ортақ»  /Көрме үйымдастыру ,Отбасылық газет буклет/

 

Жүргізуші :Бүгінгі сайыстың қортынды сөзін әділ –қазылар алқасына берміз

 

  • Құрметті сайыскерлер бүгінгі жеңістеріңіз құтты болсын.

 

 

Көрермен көбейсің күннен күнге,

Келе берсін қонақтар барыштанда

Тіршілік, арман бар бәрімізге

Қуаныш өкініш бар жолдарында

Қош дейміз алда талай сайыстар бар

Өнерлердің шыңдала шыңдала берсін қалыспаңдар

Осы мен сайысымыз аяқталды

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *