Жаңбыр ән салады
Дайындаған: Санимбаева Жадыра. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы.
«Жаннұр» шағын орталығы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Жаңбыр ән салады
Түрі: Кіріктірілген оқу іс әрекеті:Музыка,сурет, апликация,экология негідері.
Мақсаты: Күз мезгілін түсіндіру, музыкаға қосылып ән айттыру, үйрету, қимылды ойындар ойнату
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, күннің, бұлттың, күз мезгілінің суреттері, DVD, музыкалық үн таспалар.
Музыка ойналып тұрады: Тәрбиеші Топқа «Күн шуағын» ертіп келеді.
-Балалар бізге қонаққа бүгін күн шуағы келді. Ендеше Күн шуағымен амандасайық.
Күннің көзі күлімдеп ,
Бізге қарай ашылды,.
Жылуымен жылытып,
Шуақтары шашылды.-
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз.
-Дұрыс айтасыңдар балалар
-Ендеше, тақтадан «Күз көріністерімен» танысайық. Интерактивті тақтадан күз көріністерін көрсету.
Мінеки,балалар өздерің суреттен көргендей күздекүзде күн салқындайды,ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түсебастайды, аспанды бұлт басады.
-Балалар күн бұлттағанда аспаннан не жауады№
-Жаңбыр
-Дұрыс айтасыңдар балалар жаңбыр жауады.
Есік қағылып қонаққа жаңбыр келеді.
Тәрбиеші: -Балалар бізге қонаққа жаңбыр келді,
Ендеше балалар Жаңбырмен амандасып алайық.
Жаңбыр: Сәлеметсіңдерме, Балалар
Балалар: Сәлеметсіңбе,Жаңбыр.
Тәрбиеші;- Балалар Жаңбырды ортамызға алайық.
Балаларға жаңбырдың пайдасымен түрлері туралы түсіндіру.
– Жаңбыр жауса жер көгеріп, егініміз бітік болады.
Жаңбырдың түрлерімен таныстыру.
-Балалар егер жаңбыр қатты жауса оны нөсер жаңбыр деп атайды.Жазда жауған жаңбырды-жылы жаңбыр деп,ал күзде жауған жаңбырды- суық жаңбыр деп атайды.
Балаларға интерактивті тақтадан күз көріністерін көрсету,жапырақтардың сарғайғанын, жаңбырдың жауғанын(даусын,) жапырақтардың жерге түсіп жатқанын видио роликпен көрсету.Жапырақтардың түсі сарғайып, қызғылт түсті болатынын түсіндіру.
Балалардан күз туралы тақпақтарын сұрау.
Би: Қолшатыр биі
Ән: Жау,жау Жаңбыр.
Балаларды Бұлттар және Жаңбыр тамшылары деп екі топқа бөліп отырғызу.
Бұлттар тобы күннің суретінің үстіне бұлттарды жапсырады, ал Жаңбыр тамшылары тобы бұлттан жауған тамшылардың суретін салады.
Екі топтан бір бір бала шығып тақтаға бұлттар тобынан бір бала бұлтты, Жаңбыр тамшыларынан бір бала шығып тамшының суретін әкеліп іледі.
Тәрбиеші : -Балалар аспанды бұлт жапты бұлттан соң жаңбыр жауды,- деп балалардың іс әрекетін қорытындылайды.
Жаңбыр: Балалар сендердің бүгінгі оқу іс әрекеттерің,әндерің, билерің маған өте ұнады. Балалар, сендерге жаңбыр жауғаны ұнайдыма?
Балалар: Иә, ұнайды!
Жаңбыр: Тамаша! Олай болса, мен сендерді «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнауға шақырамын.
Қайда менің көмекшілерім Күн мен Жаңбыр? Келіңдер ортаға.
Ойын «Күн мен Жаңбыр»
Шарты:
Күн – қыз-бала – ортағаишығып: «Күншықты!» деп айтады, балалар ортада жүгіріп жүреді. Жаңбыр-бала ортаға шығып: « Жаңбыр жауды!» деп айтады, балалар тәрбиешіге жүгіріп, қолшатырдың астынатығылады.
Жаңбыр: Ұнадыма ойын, балалар?
Балалар: Иә, ұнады.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс әрекеттен не өткендігі туралы сұрап,балаларды мақтап мадақтап қорытындылау.
Сергіту сәті: Қол ұстасып тұрайық ,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық,-деп бүгінгі оқу іс әрекетті аяқтау.