“Елбасы саған мәңгі разымыз”

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Қ.пірімов ауылы

«Жаннұр» шағын  орталығы

Санимбаева  Жадыра

 Тақырыбы: “Елбасы саған мәңгі разымыз”
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген Тақырыбы: “Елбасы саған мәңгі разымыз”
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық
сезімін ояту. Тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру.
Көрнекілік: ту, елтаңба, президент суреттері, слайд, кешкі Астана суреті, көгершін.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер: Қуан,шаттан балақай,
Жарқырайды аспанда күн ала ай.
Атқан таңға, шыққан күнге сәлем беріп,
Тілейік бақыт баршамызға осындай.
Тәрбиеші: – Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Бізге қонаққа апайлар келіпті,қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып апайлармен амандасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апайлар.
Сәлеметсіздер ме!Балалар, мен оқу іс әрекетімізді сұрақтардан бастағым келіп отыр.
– Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
– Дұрыс. Біз қандай ұлтпыз?
Біз қазақ ұлтымыз.
– Дұрыс. Біздің ұлтымыз қазақ.
– Ал біз қай тілде сөйлейміз?
Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
– өте жақсы мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Олай болса, балалар, кім тіл туралы тақпақ біледі?
Ерасыл: Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Бойға біткен қаным.
– Өте жақсы. Балалар, айтыңыздаршы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев.
-Ал мына суреттегі кісіні танисыңдарма? Бұл кісі кім
-Қасымжомарт Тоқаев
– Дұрыс. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланған. 1
желтоқсан тұңғыш президент күні.
– -Ал мына суреттегі кісіні танисыңдарма? Бұл кісі кім
-Қасымжомарт Тоқаев.
-Біз бүгінгі оқу қызметіміз  тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы болмақ
– Балалар, интерактивті тақтаға назар аударайық. (слайд)
– Бұл Н.Ә.Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде туылған. Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
– Қараңыздар, бұл Н.Ә.Назарбаевтың әкесі Әбіш және анасы Әлжан. Бұл Н.Ә.Назарбаевтың отбасы.
Жұбайы Сара Назарбаева…
Тұңғыш президентіміз туралы кім тақпақ айтады?
Сабина:Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Үміт:Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Аймерей:Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Нұрсұлтан: Қазақ елі-Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелер
Елбасым менің –Назарбаев Нұрсұлтан

– Елбасымыздың арқасында біз тәуелсіз ел атанып, өзіміздің рәміздеріміз бар.
Олай болса Рәміздерімізді атайықшы.Олар: Гимн, Елтаңба,Ту.
– Гимн үлкен салтанатты жиындарда айтылады. Біздер сабақта айтып жүрміз. Олай болса,
орнымыздан тұрып, гимн орындайық.- Өте жақсы. Отыра қойыңыздар. Гимн туралы тақпақты Самат айтып берсін.
Самат: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
– Балалар, тақтаға назар аударайық. Мынау ҚР-ң туы. Тудың түсі қандай?
-Көк
– Тудың бетінде не бейнеленген?
– Дұрыс. Күн әрқашан жайнап, жарқырай берсін дегенді білдіреді. Ал қыран құс биікке, болашаққа
самғасын дегенді білдіреді.
– Балалар, ту туралы не білесіңдер?
Аяулым: Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
Ерасыл: Отан туы желбіреп
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Туған жердің туына- Өте жақсы.
Изобай:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Нұриман:  Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады.
Ал мынау балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
– Нені көріп тұрсыңдар, сендерге не таныс?
-Дұрыс Елтаңба туралы тақпақты бізге Малика айтып берсін.
Малика:  Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
– Балалар, бұл Қазақстан картасы. Қазақстан біздің Отанымыз. Ал Отан дегеніміз еліміз, жеріміз. Балалар Отанымызды жақсы көреміз бе? Олай болса, балалар, Отан, туған жер туралы мақал-мәтел кім айтады?
Нұрбақыт:  Отан -оттанда ыстық
Ердос:: 1.Туған жер – алтын бесік
2. Отан үшін отқа түс күймейсің
Бауыржан:  Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.
Балалар Отан туралы өлеңімізді айтып жіберейік.
Хор: Отан
Ойын: “Мұқият тыңда”
шарты: Қазақстан, ту, елтаңба сөзді естісе қол шапалақтау, басқа сөздерге шапалақ ұрмайды.
Отыра қойыңыздар.
– Балалар, Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала?
– Астана. Кәзір Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың атымен Нұрсұлтан деп атайды я
– Дұрыс, балалар интерактивті тақтаға көңіл аударамыз. Бұл Нұрсұлтан. Нұрсұлтанда не бар?
Ақорда. Ақордада президент отырады. Ханшатыр, Пирамида, Бәйтерек бар.
– Енді балалар, бірлік симолы бәйтеректі қолданып, түнгі Астананың суретін салайық. алдарыңызда сиқырлы Бәйтерек суреті салынған қағаз берілген, сол суретті қылқаламмен   Астана суретін салу керексіздер.
Балалар туған жер туралы тақпақ айтады.
– Бүгін біз ҚР-ң тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы, рәміздеріміз туралы әңгімеледік. Бүгінгі өткен сабағымыз туралы сұрақтар қоямын, қол котеріп жауап берейік.
1. 1-желтоқсан қандай күн?
2. ҚР-ң тұңғыш президенті кім?
3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан туылған?
4.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
5. ҚР-ң рәміздерін атап беріңдер.
6. Туда не бейнеленген?
7. Елтаңбада не бейнеленген?
– Өте жақсы балалар. Қазақстанда еліміз тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Бейбітшілік символы ол “Көгершін”. Балалар, алдарыңызда өздеріңіздің қолдарыңызд салған кескін бар, соған тұмсық, көз, қанат жабыстырып бейбітшілік символы көгершін жасайық.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *