«Сәлем,сәлем  алтын күз!»

                                                          «Сәлем,сәлем  алтын күз!»

                                 Музыка әуенімен балалар кіреді

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.

Жүргізуші:  Өнер десе жайнаймыз, Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған, Әнімізді шырқаймыз.

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді тақпақпен айтып беріңдерші.

Бала: Шымкентімде гүлдей жайнап,

Жарқырайды алтын күз!

Береке мен мерекені,

Алып келді алтын күз!

Бала: Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Бала:Әй,балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Бала: Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Айжапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын

Бала:Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

 Бала:Жеміс жинау салтымыз

Жиып –теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Жүргізуші: Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.

Би: «Бұлттар мен күн»

Би біткенде бұлттар күнді қоршап тұрады

Бұлттар:Біз бұлттармыз,бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз

Көк аспанды торлаймыз

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:Көрінші бізге қымбатты күнім,

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін.

Күн: Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді шақыршы көмектессін сендерге .

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы  өте алысқа.

              Музыкамен жел келеді

Жел: Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар: Біз бұлттармыз, үлкеее береміз,

шеңберді үлкен жасайды

                Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

                   Күнді сөндіре алмайсыңдар

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:Балалар, бұлттар қанша мықты болсада олар желден қорқады.

Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе

жалғыз шамам жетпейді.

Бәрі үрлейді

Бұлттар: Ай,ай,ой,ой бізді қуып жатыр, қашайық

Жел бұлттарды қуып кетеді,күн қалады

Жүргізуші: Мінеки балалар, күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты   күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайық.

Ойын: «Күнге жету»

Жүргізуші: Жарқын күн! Мерекеміз одан сайын жандана түссін, бізге шуақты  сәулелеріңді шашып,нұрыңды төкші.

Күн: Жарайды, онда мен бар әлемге шуағымды шашайын.

                                     Би: «Күн сәулесі»

                                    Күн шығып кетеді

Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, бізге күз ханшасы өзінің үш айымен келе жатыр, қане қарсы алайық.

                    Музыкамен күз,қыркүйек,қазан,қараша кіреді

Күз: Сәлеметсіңдерме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат-Ананы қыс мезгіліне әзірлеп қойдым. Бүгін мен өзіммен бірге үш айымды ертіп келдім.

Қыркүйек: Мен қыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанды құс шарлай бастады

Алғашқы қоңырау қуантты жастарды

Қазан: Қазанда халқымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын күз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін.

Қараша:Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында!

Жүргізуші: Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып балалардың

жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың өлең шумақтарын қабыл ал.

Бала: Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағы мол құйды

Күн астында алтын дән

Тербеледі толқиды

Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін.

Бала:Біреуі астық түсіріп

Біреуі бидай ұшырып

Жатқан мынау күз екен

Алдым соны түсініп.

Бала:Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.

Бала:Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

                   Бала:Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Күз:Мен сендерге құр қол келгем жоқ, өзімнің қызық ойынымды ала келдім. Ата-аналарымызды сынап көрейік.

Ойын ата аналармен: «Кім жылдам»

              Музыка ойналып,қалың киінген сырқат бала кіреді

Сырқат бала: Ой, мына күз мезгілі қандай суық еді, жаурап барамын. Осы мезгілді ұнатпаймын. Туу,басым ауырып тұр. Көңіл-күйім де болмай тұр.

Жаңа маған асыр салып ойнаған балалардың даусы естіліп еді, солар Сендер емессіңдер ме?

Жүргізуші: Ия, ол біздің балалар. біз алтын күз мерекесін тойлап отырмыз.

Сырқат бала:Сендерге қарап қызығып тұрмын. Бәрің көңілдісіңдер. Сендердің шаттана қуанған дауыстарың алысқа естіліп жатыр. Ал менің ауырғаным басылар емес, тұмау болып қалған секілдімін.

Жүргізуші:Біздің не үшін көңілді екенімізді білгің келсе, айтайын. Біз денемізді шынықтырамыз, дұрыс тамақтанамыз,Жемістер мен көкөністерді көп жейміз, дәруменге толы шырындар ішеміз. Осының бәрін жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етті, сондықтан біз көңілдіміз.

Күз: Балақай! Мен саған да өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп. Мә, мына жемістерді ала ғой. Үйіңе барғанда жерсің. Есіңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.

Жүргізуші: Алтын күз дұрыс айтады, балақай! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы. Ал біздің балалар саған осы жемістер жайлы ән шырқап берсін.

Сырқат бала: Мен түсіндім.Рахмет

Ән: «Көкөністер мен жемістер»

Жүргізуші: Алтын күз біздің балалардың орыс тілінде, ағылшын тілінде жаттаған тақпақтарын, әндерін қабыл ал.

  Орыс тілінде тақпақтары, ӘН: «Осень,осень наступила»

  Ағылшын тілінде тақпақтары, Ән: «»

Күз: Әндерің тамаша екен, көп рахмет балалар! Ал енді маған рұқсат беріңдер, мен кетейін. Барып бау-бақшамды тексерейін. Сау болыңдар!

                                       Күз кетеді

 

Жүргізуші: Басыңның ауырғаны қойды ма?

Сырқат бала:Жоқ, әлі де мазам болмай тұр.

Жүргізуші: Олай болса, келе ғой, бізбен бірге денеңді шынықтыр, спортпен шұғылдан. Сонда жазыласың. Балалармен қосылып спорт биін биле.

Би: «Спорттық»

Сырқат бала: Спортпен шұғылданған денсаулыққа өте пайдалы екенін көзім жетті. Мына биден соң бойым жеңілденіп жақсарып қалған сияқтымын. Көңіл-күйім де көтеріле бастады. Мен енді әрдайым спортпен шұғылданатын боламын. сендерге көп рахмет балалар. Маған көп нәрсе үйреттіңдер, сондықтан сендерге алғыс айтып, алтын күздің берген жемістерінен дәм татырайын.         жеміс таратады

Ал, балалар, мен кетейін, әйтпесе мені анам іздеп қалар. Сау болыңдар.

                                                    кетеді

Жүргізуші: Құрметті  ата-аналар бүгінгі «Сәлем, Сәлем Алтын күз» атты мерекемізді аяқтай отырып, құттықтау сөзге бақшамыздың меңгерушісі Гульзира Алпысбайқызын ортаға шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *