Қолжетімді ақпарат негізінде мәліметтерді талдау

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А бөлімАқпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп: ЖОББМ « Б. Исадилов атындағы КММ-сі»
Күні: Мұғалімнің атыжөні: Садыков А.Е.
Сынып: 8 Қатысушылар саны: 7

Қатыспағандар:0

 
Сабақ тақырыбы Қолжетімді ақпарат негізінде мәліметтерді талдау
Оқу мақсаты 8.2.2.3 электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Сабақ мақсаты ·      мәліметтер форматтарын баптау, салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді пайдалану;

·      тапсырмаларды орындау үшін электрондық кестелердегі статистикалық функцияларды қолдану.

Бағалау критерилері: ·      СРЗНАЧ функциясын қолданып орта бағаны есептейді;

·      СЧЕТЕСЛИ функциясын қолданып күндерді санайды;

·      білім сапасы мен үлгерімді есептейді;

·      ЕСЛИ және ОКРУГЛ функцияларын қолданып, оқушының қай категорияға жататынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

·     Электронды кестеде пайдаланған мәлімет типтері мен форматтарын түсіндіреді,

·     Мысалдар келтіре алады.

Пәндік  лексика мен терминология:

Жол, баған, ұяшық

Формула, функция, статистикалық функциялар, максималды мән, минималды мән, орташа мән

Оқу мен жазуға арналған пайдалы фразалар

·     Статистикалық функциялардың көмегімен …

Дағдылық құндылықтар

 

Жұптық тапсырмаларды орындау барысында сыйлстық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады.

Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады.

Пәнаралық байланыс Математика, статистика
Бастапқы білімдері: Excel электрондық кестесімен жұмыс жасау дағдылары
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:  Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

 

 Оқу ресурстары
Кіріспе бөлім

0-5 мин

1. Миға шабуыл: «Кім жылдам?»

Оқушылардың электронды кестелердегі салыстырмалы, абсолютті сілтемелер, формула қою дағдыларын тексеру үшін Стартер.xlsx файлындағы тапсырманы уақытқа орындауды сұрау. Нәтижені талдау.

Дифферренциация: Қабілеті жоғары оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға кеңес бере алады.

Дескриптор: Excel электрондық кестесінде:

·         салыстырмалы, абсолютті сілтемені пайдалана алады

·         формуланы пайдалана алады.

Excel файлы Стартер.xlsx
Негізгі бөлім

5-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-30 мин

2.     Қайталау жұмысы

Оқушылар жұпта Интеллект-картаны толықтырады (негізгі ұғымдар, мәліметтер типі, форматы, негізгі функциялар).

1.      Құрылымын (структура) көрсету үшін бетті, бағанды, жолды, ұяшықты айрықшала

2.      Келесі ұяшықтарды айрықшала:  D7, G10, H1

3.      Ұяшықтар диапазонын айрықшала: F1:G8

4.      Мәліметтер типін жаз

5.      Сандық форматтардың кестесін толтықтыр

6.      Әрбір функцияның міндетін жаз

 

3.      Практикалық жұмыс. Электрондық кестеде есептер шығару

Оқушылар тапсырманы электронды кестені қолдана отырып орындайды.

Тапсырмалары бар файлдар (статистикалық, математикалық функцияларды пайдалана отырып шешу)

  • Статистикалық функциялар.xlsx
  • Кесте ЧМ Казахстана.xlsx

Оқушылар тапсырманы жеке түрде орындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, қажет болғанда көмек береді.

Таратпа материал №1

Интеллект-карта

 

 

 

 

 

 

 

 

Статистикалық функциялар.xls

15 мин 4.        Жеке жұмыс.  Оқушылар таратпа материалдағы Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды.

Дескрипторлар:

·         Есептеу үшін формуланы құрастыруда кетелік мәліметтерді сараптай алады

·         Ұяшыққа формула жазу ережесін біледі

·         Статистикалық функцияларды дұрыс қолдана алады

·         Математикалық формулаларды дұрыс қолдана алады

·         Логикалық функцияларды дұрыс қолдана алады

Таратпа материал

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:.

Осы сабақта не үйрендіңіз ?

Сіз үшін не түсініксіз ?

Келешекте нені білгіңіз келеді ?

Презентация
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушылар есептер шығаруда қабылеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

•       Қажет болған жағдайда мұғалім көмегі

 

Жекелей тапсырманы орындау барысында өз жұмыстарын дескрипторлар арқылы өзіндік / жұпта тексеру.

Жұмыс жасау барысында мұғалімнің бақылауы, бағалауы.

Компьютермен жұмыс жасау барысында эргономика талаптарын ұстауды естеріне салу.

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сл жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *