Болу – болып көріну емес

Сабақ тақырыбы: Болу – болып көріну емес

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер:   Әдепті болу, ұқыптылық, уәдеде тұру, басқалар туралы жамандық ойламау.

Мұғалім : Мандибаева Н.К.                     Сынып: 5  «А»        оқушы саны: 28

 

Сабақтың мазмұны Ресурстар

 

Сабақтың мақсаты:   Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:  – өсек айтпауға, жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық:  – басқалар туралы жаман ойламауға ықпал ету

Тәрбиелік:  – Уәдеде тұра білуге, әдепті болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кітап, дәптер,  нақыл сөздер, сурет, әуен
Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңi.   5 «Т» ережесін сақтау

 Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»

Оқушылардың емін-еркін дұрыс отыруын қадағалау
2. Үй тапсырмасын тексеру.                                                                                       «Мен уәдемде тұрамын» тақырыбына жазған эсселерін оқу.  
3. Дәйексөз.

          «Адамды айтқан сөзінен емес, істеген ісінен танисың»

–         Іспен сөздің үйлесуі дегеніміз не?

–         Сөзі мен ісі үйлесім табатын адам қандай адам?

–         Сен берген уәдеңде тұрасың ба?

Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын
1.      Әңгiмелеу (сұхбат) 

               Уәде туралы                                     Әбен Нұрманов

–         Әкесі мен анасы Әбенге уәде беру дегенді қалай түсіндірді?

–         Уәдесіне берік адамның бойында қандай қасиеттер болады?

–         Уәде бермес бұрын неліктен ойлану қажет?

–         Өзің берген уәдеңді қалай орындап жүрсің?

Оқушылар өздерінің  ойларымен бөліседі.
2.      Шығармашылық жұмыс

    Жағдаятты шешу:  Арман мен Асан көрші. Бір  күні Асан Арманның велосипедін тебуге сұрады.

Араман: –  Бір сағат теуіп алып кел , мен апамның үйіне сүт апарып беруім керек, – деді.

Асан:    – Мен уақытында әкелемін, уәдемде тұра аламын, – деді. Сөйтіп  Асан велосипедті теуіп кетті.

Бір сағат өтті Асан көрінбеді. Бір сағат отыз минут болды, Асан жоқ. Арман не болды екен деп Асанның үйіне барса, оның анасы Асанның көрші ауылдағы досының үйіне кеткенін айтты.

Арман көңілсіз үйіне келді. Ары жүрді, бері жүрді Асанның сөзінде тұрмағанын, айтқанын орындамағанын түсінбеді.

–         Сен қалай ойлайсың?

–         Сенде де осындай жағдай болды ма?, болса қалай шештің?

2)Ойы, ісі, сөзі бірлікте болатын адамға сипаттама жаз.

–  Ол қандай адам, бойында қандай қасиеттері бар?

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді
3.      Топпен ән айту

     Жақсы адамдар                         Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.
4.      Үй тапсырмасы.

1.      «Сөз маржанын терейік»  тақырыбына жоба жасап келу  (сөйлесе білуге үйрету)

 
1.      Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған  игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *