Отбасы дәстүрлері
Тексерілді: _______________
«____»____________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Райымбек Смаилов атындағы орта мектеп
Күні: 20.11.2019ж
№: 11 сабақ
Мұғалімі: Жорабекова Ләйлә Бақытқызы
Сыныбы: 4
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Отбасы дәстүрлері
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: қамқорлық, жауапкершілік, дәстүрлерді құрметтеу, сақтау.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы дәстүрлерінің адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға отбасы дәстүрлері туралы білімді қамқорлық қасиеті арқылы тҥсіндіру; Дамытушылық: оқушыларды отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға, жалғастыра білуге үйрету; Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. «Орманға ойша серуен» жаттығуын баяу әуен қоя отырып жасау |
|
Үй тапсырмасы.
Бауыржан Момышұлының «Әке тәрбиесі» мәтінінің мазмұнын сұрау. Сұрақтар: • Әкесі кішкентай Бауыржанды қандай әдептілікке үйретті? • Сәлем беру дәстүрі туралы не білесіңдер? • Өз отбасыларыңда қонақ келгенде қандай дәстүрді сақтайсыңдар? • Өз отбасыларыңда тағы қандай дәстүрлер сақталған? • Саған қандай отбасылық дәстүр ұнайды? Неліктен? |
|
Сабақтың дәйексөзі.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Нақыл сөз • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Оқушыларға дәйексөзді жаттап, дәптерлеріне жазып алуды тапсыру. |
|
Әңгімелеу (Мұғалім сыйы).
Тату ағайындылар[1]
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір – біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды: –А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың? Інісі айтады: –А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың? Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді. Сұрақтар: · Екі ағайындының іс әрекетінен қандай қасиеттерді байқадыңыздар? · Қай кезде «Ішкі тыныштық» сақталады? · Бауырларыңа ағайынды жігіттердей көмек қолыңды соза аласың ба? · «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіздер? |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Сыңарын тап» ойыны 1 – топ: «Татулық» 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар Әдепсіз бала ата-анасын …. (қақсатар) 2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім …. (жақтамайды) 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без … тұрып қыз сөйлегеннен без (шеше) 2 – топ: «Достық» 1. Қарағайға қарап тал өсер, Қатарына қарап …. өсер. (бала) 2. Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес … бар. (жұлдызы) 3. Жығылып жатып … күлме (сүрінгенге) 3 – топ: «Бірлік» 1. Күлме досыңа … басыңа (келер) 2. Ауру қалса да … қалмайды (әдет) 3. Әдепті бала арлы бала әдепсіз бала … бала (сорлы) 6-тапсырма. Суреттерге қараңдар. Олардың ішінен өзіңнің туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді? Ал отбасы мүшелерінің туған күніне не сыйлар едің? Атап айт. |
|
Топпен ән айту.
Туған күн Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев |
|
Үй тапсырмасы.
№12 сабақ, 51-53-беттегі Роза Әбілқадырованың «Туған күн» мәтінін оқып келу. |
|
Сабақтың қорытынды сәті.
Оқушыларды мадақтау, алғыс айту. |
[1]Даналардан шыққан сөз. – Алматы: Жазушы, 1994. – 68 бет.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718