Ғажайып білім әлемі
Ғажайып білім әлемі
Білім беру саласы: Таным, коммуникация
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»
Мақсаты: Сандарды санау,салыстыру,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру,бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Білімділігі: баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру
Дамытушылығы:, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: күз, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер.
Билингвалды компонент: күз-осень,төртбұрыш – четыреугольник, үшбұрыш – триугольник.
Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық пішіндер, карточкалар,жемістер мен көкөністер.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, түсіндіру
Қызметкезеңдері Тәрбиешініңқызметі Балалардың
қызметтері
Мотивациялыққызығушылық
Тәрбиеші: – Қайырлыкүн, балалар! Қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті. Кәне, қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» тілейміз.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Балалар шеңберге тұрады. Қонақтармен амандасады.
.
Ұйымдастыру –
іздестіру Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
-Жақсы балалар,бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
– Балалар қазір жылдың мезгілі?
– Күз мезгілінің қайы айы?
– Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Осы кезде есік қағылады.
Балалар, есік қағылған сияқты,қәне қарайық кім екен бұл?
Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Буратино: Балалар осы жер «Ғажайып білім әлеміме»
Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша.
Буратино: Балалар мен «Ғажайып білім әлеміне» кіретін кілтімді жоғалтып алдым. Маған көмектесесіңдерме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино. Қәне балалар, Буратиноға көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық.
Қәне,енді балалар бәріміз бірге қол ұстасып саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі кедергілер кездеседі,сол кедергілерді бірге жеңе білейік.Ол үшін бір-бірімізді мұқият тыңдап , сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Тәрбиеші: Балалар міне біз«Ғажайып білім әлемінің »1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.Бұл бірінші аялдама «Математика» аялдамасы екен.
-Балалар 1-ші аялдамада біздерге хат қойып кеткен екен , кәне хатта не жазылған екен мен сендерге оқып берейін.Бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты: 1-5ке дейін тура және кері санау.Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып,түстерін ата. Үйшіктің терезелері мен есіктерін тауып жабыңдар.
-Жарайсыңдар балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
-Ендеше,саяхатымызды жалғастырайық.
2-ші аялдама:бізгежұмбақтар жасырыпты. Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен.
1.Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
2.Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады.
3.Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Сергітусәті:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер,
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
3-ші аялдама «Бау-бақшада» аялдамасы.Бау-бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.
-Жарайсыңдар,балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
4-ші аялдамаД\О: «Кім жылдам,дұрыс құрастырады?»
Буратиноның кілтін құрастыру.
Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды.
«Ғажайып білім әлеміне» дұрыс келген екенмін, сендер балақайлар тапсырмаларды дұрыс орындап менің кілтімді табуға көмектестіңдер.
Сендерге көп рахмет, балалар.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы
«Ғажайып білім әлемі» деген осы жер екен.
Ең бастысы «Ғажайып білім әлемі»
бізге білім сыйлады.Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық. Буратиноға кілтін табуға көмектестік. Ендеше,балалар біз осы жерден қол ұстасып балабақшамызға оралайық.
Буратино: Сендерге көп рахмет, балалар. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес,қайырымды балалар екендіктеріңді көрсеттіңдер.Мен осындай «Балауса» балабақшасының, тапқыр, білімді балалалр барына қуанып тұрмын.
Сау болыңдар.
Тәрбиеші:Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер.Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің тапқырлықтарыңды, ұшқыр ойларыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.
-Балалар Ғажайып білім әлемінде кездескен тапсырмаларды ұмытып қалмау үшін ,ойын арқылы есімізге түсірейік.
Ойын: «Сандар мен пішіндер»
-жылулықты, мейірімділікті,достықты.
– Күз
– Қараша айы.
– Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, адамдар жылы киенеді.
-Буратино мен амандасады.
-иә,көмектесеміз.
-Балалар, берілген тапсырмаларды орындайды.
-Күз.
-Күн.
-Жаңбыр.
-Жарайсыңдар , балалар жұмбақтың да жауабын шештіңдер.
-Балалар педагог жетекшілігімен орындайды.
-Балалар тапсырманы орындайды.
-Ойынға белсенді қатысады.
Рефлекстік -түзетушілік -Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?
-Балалар сендерге саяхат ұнадыма?
-Балалар сендерге жолда қандай тапсырмалар кездесті?
-Біздер кімге көмектестік?
Жарайсыңдар, балалар бүгінгі ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,ойынға белсенді қатыстыңдар.Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетіннәтиже:
Ненібілді: 1-ден 5-ке дейінгісандарды тура жәнекерісанайбілді, пішіндерденүйжасауды;
Қандайтүсініктердіигерді:жемістер мен көкөністерді ажыратады;
Меңгергендағдылары мен іскерліктері: жұмбақтардың шешуін табуды меңгерді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718