Ы.Алтынсарин. «Атымтай Жомарт» әңгімесі.
Облыс: Жамбыл
Аудан: Т.Рысқұлов Мектеп: Б.Момышұлы атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты – жөні: Тойшыбекова Сулушаш Сайлаубековна |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ы.Алтынсарин. «Атымтай Жомарт» әңгімесі. | ||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) | 5.1.1.1. «Атымтай жомарт» әңгімесінің фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
5.1.4.1. «Атымтай жомарт» әңгімесін мәнерлеп оқу. |
||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 1.Барлық оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнын түсінеді, зерттейді. Рөлдік ойындар, таныстырылым әдістері арқылы шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды. Қарама-қарсы ұғымдағы жомарттық пен сараңдықты мәтін мазмұнынан табады,салыстырады.
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармада көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын дәлелді етіп жеткізеді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды, «Ойлан,зерделе» әдісі арқылы сыни ойлау тұрғысынан зерделейді. 3. Кейбір оқушылар орындай алады: «Құнды пікір» әдісі арқылы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, түйінді ой айта алады. Жомарттық пен сараңдықты адамгершілік тұрғысынан салыстыра бағалайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады. |
||||||||||||
Жетістік критерийі | ü Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
ü Шығарманың мазмұнын түсінеді; ü Қанағатшыл болуға талпынады.; ü Еңбекпен тапқан нанның тәтті, болатынын білетін болады. |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, дәулет,әдет, кем-кетікке жәрдем беру, әбірет алу
Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: шөп тасып, жұмыс қылады, ұмытармын деп қорқамын, әбірет алсын деймін. Талқылауға арналған сұрақтар: -Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді? – Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай? -Егер сен бай болсаң, не істер едің? |
||||||||||||
Құндылықтар | Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулимын. | ||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Әр адам үшін жомарттық, достық, адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын түсінеді | ||||||||||||
Өмірмен байланысы | Адам бойында ізгі істерді көре білу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | ||||||||||||
Алдыңғы білім | Ыбырай Алтынсарин өмірі | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы
5 минут
|
1.«Сәлемдесу» сәті.
Білім алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды: -Мен саған тілеймін(бас бармағын тигізеді) -Бақыт(сұқ саусағын тигізеді) -Денсаулық(ортаңғы) -Барлығында(атаусыз саусақ) -Барлық жерде(шынашақ) -Сәлеметсің бе!(алақанын бір-біріне тигізеді) 2.«Суреттер: не болды?» әдісі. Тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады.
Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады: – Суреттен не байқадыңдар? – Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз? – Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз. 3. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап аламын. 4. Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін. І топ. Жомарт ІІ топ. Мейірім ІІІ топ. Еңбек |
«Суреттер: не болды?» әдісі
«Жомарт», «Мейірім», «Еңбек» топ аттары жазылған үлестірме қағаздар |
|||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут
Білгенге маржан!
15 минут
7 минут
|
Білім алушы әрекеті: Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша сызбаға жазады. Тапсырманы орындауда мағынаны ұғынуға арналған оқылым мен жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: білу,түсіну Бағалау критерийі: Шығарма мазмұнын түсінеді Тұжырым жасайды. Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі. «Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз. Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. Дескриптор: 1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді. 2. Мәтін мазмұнына анализ жасайды. 3. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді. Қ.Б: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!» Жұптық жұмыс. «Ойлан, зерделе» әдісі Білім алушы әрекеті: Берілген сөздің мағынасын түсіне отырып, жомарттық пен сараңдық сөзі қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады. Тапсырманы орындауда тілдік мақсатты басшылыққа ала отырып, жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын. Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану. Бағалау критерийі: Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады. Тапсырма. Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.
Дескриптор: 1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады. 2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады. 3. Мақал-мәтелді тауып жазады. 4. Кестені толтырады. Қ.Б: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» Топтық жұмыс «Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы Білім алушы әрекеті: Білім алушылар интерактивті тақтада жазылған топ аттарына назар аударып, өзінде қызығушылық тудырған топқа бірігеді. Сол топқа берілген тапсырманы орындайды. Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану,талдау Қ.Б: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды. Тапсырма: 1. Баяндаушылар (әдеби шығарманың мазмұнын баяндайды) 2. Зерттеушілер ( Шығарма туралы,оның авторы жайлы зерттеу жүргізеді) 3. Сұрақ құрастырушылар (Әңгіме желісі бойынша қарапайым және күрделі сұрақтар құрастырады) 4. Афоризмдер табу (Көркем шығармадағы мақал-мәтел,нақылға айналған сөздерді тауып, мәнін ашады) 5. Талдаушылар (Жомарт пен сараң адамның бойындағы қасиеттерді талдай отырып,интернет желісінен суретін табады немесе сурет салады.) 6. Дәнекерлеушілер (Көркем шығармада көтерілген мәселені, кейіпкерді қазіргі заманмен салыстырады.) Дескриптор: 1 Шығарманың мазмұнын баяндайды. 2. Шығарма туралы, оның авторы туралы зерттейді. 3. Мәтін мазмұны бойынша әр түрлі деңгейлегі сұрақтарды құрастыра алады. 4. Шығармадан афоризмдерді, нақыл сөздерді табады. 5. Жомарт адам мен сараң адам бейнесін салыстырады. 6. Жомарт пен сараң адам бейнесін интернет желісінен табады немесе сурет салады. 6. Шығармада көтерілген мәселені қазіргі заманмен салыстырады. Қ.Б: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Шебер орындалған!», «Құнды пікір айттыңыз!», «Дөп түстіңіз»», «Өте жақсы!» |
«Атымтай
Жомарт» әңгімесі
«Уақыт тізбегі» Әдісі
«Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы
Топтық жұмыс
|
|||||||||||
Сабақтың соңы
3 минут |
Рефлексия.
|
||||||||||||
Үй жұмысы | Образ, кейіпкер, бейне ұғымдары туралы ақпарат қарастыру. | ||||||||||||
Рефлексия
1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? 2.Бүгін оқушылар не үйренді? 3.Оқыту ортасы қандай болды? 4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) 5.Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
|
||||||||||||