күз кереметтері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы : 8 қараша 2019 жыл
Білім берусаласы:Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Күз кереметі
Мақсаты: Табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға жəне бақылаудың нəтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету; Күзгі табиғатты бақылау кезінде емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашын жапырақтары, діңіне қарап ажырата білуге. бөліктерін атай білуге үйрету. Ағаштарға қамқорлық қажет екендігін түсіндіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: еңбек құралдары.
Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.
Билингвальді компонент: емен – дуб, үйеңкі – клен.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білудіжәне өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуді. Өсімдіктердің тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігін.
Игереді:күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді.
Меңгереді: емен ағашының емдік пайдасымен құрылыста пайдаланылуы, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктерді күтуді, қамқорлықпен қарауды
Оқу қызметінің барысы
І кіріспе бөлім
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де.
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,п
Арайлап атқан күнге.
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?
– Күн қысқара бастады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр құстар жылы жаққа ұшады.
– Дұрыс байқапсыңдар, тағы қандай өзгерістер болады?
– Ауа райы суытады, жаңбыр жауады
Балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат беру.
ІІ негізгі бөлім
Өткенді қайталау
Жаңа тақырып
Балалармен жұмыс
Сергіту сәті
– Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Бірінші кіші топта өткен қайың және т.б ағаштар туралы қосымша сұрақтар қойылады.
Ағаштың түрлері көп. Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы. Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма?Мынау– үйеңкі ағашы.
Үйеңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр?
Үйеңкі ағашы ерте көктемде гүлдейді, жазда жемісін беріп, күзде жемістері піседі. Бұл ағаштың жапырақтарын көгалдандыру жұмысына қолданады. Қараңдаршы, үйеңкі ағаштары қай жерлерде өсіп тұр?
-Яғни, балалар, үйеңкі ағашы күн көзінде де, немесе ала көлеңкеде де өсе береді. Суыққа төзімді және ылғалды өте жақсы көреді, сондықтан не істеуіміз керек екен?
-Жиі суғарып тұру керек.
Балалар білетін болса, жауап береді.
-Енді, балалар, мына бір ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады, кім біледі?(балалар білмесе, толықтыру) Бұл – емен ағашы.
– Кәне, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен?
- Жуан.
-Енді үйеңкі ағашын құшақтап көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде жіңішке ме?
–Емен ағашына қарағанда жіңішкерек.
-Балалар,жоғарыға қарап, екі ағаштың биіктігін салыстырайық. Қайсысы биік, қайсысы аласа? Жапырақтарының пішіні қандай?
–Сопақша, жиегі ирек. Емен ағашының жемісін алып келіп, оның жаңғақ деп аталатындығын айтады.
-Емен ағашы да жеміс береді, кәне, еменнің жемісін кім көрсетеді және оны қалай атайды?
Емен ағашының қабығы мен жаңғағының емдік мақсатта қолданатындығын, ал діңі мықты болғандықтан құрылыста көп қолданатындығын және есіктер мен еден жасайтындығын, ағаштан жасалған заттардың Жаратылыстанулық тұрғыда зияны жоқтығын айтып түсіндіру.
–Балалар, ағаштар жанды табиғатқа жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата ма?
– Жанды табиғатқа жатады.
–Неліктен олай ойлайсыңдар?
–Өйткені оларда біз сияқты өседі.
– Олардың өсуі үшін не қажет?
–Ауа, су, жарық, жылу қажет.
–Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
–Көлеңке болады, әдемілік үшін қолданады, жиһаздар жасайды. Шаңды жапырағына қондырып алады.
–Дұрыс айтасыңдар, ағаштарды көгалдандыру үшін де пайдаланады және шаң тозаң, түтіннен қорғайды. Қалай қорғайды.
Ал жануарлар үшін қандай пайдасы бар?
Міне балалар, басқа өсімдіктер сияқты емен ағашы мен үйеңкі ағашының да пайдасы көп екен. Сондықтан да оларды күтіп-баптап қамқорлық жасауымыз керек. Өсімдіктердің тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігін айта отырып балалар еңбегін ұйымдастыру.
«Жапырағынан таны» ойыны:
Ойын шарты бойынша
- Әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды.
2.Жинаған жапырақтарының ішінен үйеңкі және емен ағаштарының жапырақтарын тауып, сипаттап береді
(пішіні, түсі, қай ағаштың жапырағы т.б.).
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Сергіту сәті аяқталғаннан соң балаларға үйеңкі және емен ағашының жапырақтарын жинауды тапсырады.
ІІІ қорытындылау
Талдау
Бағалау
Мадақтау
(2 мин)
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау.
Сөздік жұмыс жүргізу.
Екі тілде емен – дуб немесе үйеңкі – клен сөздерін бірнеше рет қайталайды.