Өз мұратына жету

Тақырыбы: Өз мұратына жету.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Білім іздеу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.

 

Мақсаты: Оқушыларға алдына дұрыс мақсат қою арқылы өз мұратына жететіндігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.      Білімділік: Оқушыларға білім іздеудің маңызын түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

А4 қағазы,поезд билеттері,оқулық,видеоролик

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Психологиялық ахуал:  «Поезд жаттығуы»

Жаттығу барысы: 

1. Бір,екіге саналады

2.Бірінші номердегілер 1 рет шапалақтап,екі рет аяқтарымен еденді тарсылдатады,екінші номердегілер, 2 рет  шапалақтап,бір рет аяқтарымен еденді  тарсылдатады.

Топқа бөлу: «Арман» поездына

1-топ: Бақыт

2-топ: Шаттық болып тірек сөздер арқылы бөлінеді

2.      Үй тапсырмасы:  «Менің сыныптасым » эссе

Тақырып ашу:  «Мұратқа жету» туралы видеоролик көрсету

(мұғалім видеоға байланысты түрткі сұрақтар қояды)

Нені түсіндіңдер?

Нені ұқтыңдар?

Нені көрдіңдер?

Сергіту сәті: «Арқаға сурет салу» әдісі

1.Мұғалім оқушыға жасырын түрде «күн» сөзін  көрсетеді

2.Алдағы оқушы  сол суретті келесі оқушының артына бейнелейді

3.Оқушылар барлығы бейнені салып болған соң мұғалім соңғы оқушыдан ненің суреті екенін сұрайды.

4.Мұғалім оқушыларға өз тілегін айтады

Мәтінді 2-топқа бөліп оқылу ұсынылады

 

 
Топтық жұмыс:  Постер қорғау «арман мен бақыт туралы ой» екі топ осы тақырып бойынша өз ойларын суреттеп қорғайды

Жұптық тапсырма:  «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша қиылған суреттерді жұптарын табу арқылы құрастырып,ертегінің түсінігін айтады.

Жеке жұмыс:  «Хат қоржыны»  89-бет.№ 2-тапсырма

1-сұрақ. 1-топқа

2-сұрақ. 2-топқа

 

 
Бағалау : «Поезд билеттері» арқылы  

1.купе

2.пласкард

3.жай адамдар отыратын орын

Кері байланыс:  «Бөлмедегі заттар»

Оқушылар бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады.Қағаздар жиналып,әр оқушы бір қағаздан суырып алады да,сол заттың атынан бүгінгі сабақ өзінің оған қатысы туралы сөйлейді

Мысалы: « Мен столмын»бүгін маған тыныштық болмады,алдымен топқа бөліну үшін құлағымнан жан-жаққа сүйреледі,содан соң үстіме қағаздар жайып,постер сызды т.б

Үйге тапсырмасы:  «Бақыт іздеушілер ертегісін сахналау»

 
 Топпен ән айту.

Арманым ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің.

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым айтарым көп саған менің.

 

Қ а й ы р м а с ы:

 

Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған

құсым ба едің,

Мен сенің құдіретіңе, мен сенің

құдіретіңе түсінбедім.

 

Арманым құздан құлар бұлақпысың,

Әлде бір күлімдеген шырақпысың.

Әлде бір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

 

Қ а й ы р м а с ы:

 

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлде бір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.

Кайырмасы

 

 
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *