Ашық сабақ “Деформация”

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі

Мектеп: Восход ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Адиетова Лунара Жанарбекқызы

 

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Деформация

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Деформация ұғымын және оның түрлерін ажыратады

Оқушылардың басым көпшілігі: Деформацияның түрлеріне мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: Деформация құбылысына мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жүзінде дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

– деформация ұғымын түсінеді

– серпімді және пластикалық деформацияны ажыратады

– өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады

Тілдік мақсат

Оқушылар серпімді және пластикалық деформацияны ажырата отырып, мысалдар арқылы өмірмен байланыстырып ауызша түсіндіре алады

Пәнге тән лексика мен терминология: деформация, пластикалық деформация, серпімді деформация

Диалогтар мен сөз тіркестері:

– Менің ойымша………. болады

– Мен деформацияны……………қолдана аламын

– Деформацияның түрлеріне …………… мысалдар келтіре аламын

-Бұл құбылысты ………………..қолдана аламын

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау

Еңбекқорлыққа және жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыстар

Дене тәрбиесі, математика, технология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Денелердің өзара әрекеттесуі, салмақ, күш

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған ісәрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру. Оқушылар сыныпта жақсы ахуал туғызу үшін «Ұлттардың сәлемдесуі» тренингі арқылы амандасады

«Жауапты суреттейміз» әдісі (Өткен тақырып бойынша мұғалім сұрақтарды береді, оқушылар жауабын сурет арқылы береді) Оқушыларға суреттер үлестіремін, сұрақтар қоямын.

Оқушылар сәйкесінше  қолдарындағы суреттерді байланыстырып жауап береді.

1.Күш дегеніміз не?Өлшем бірлігі?

2.Ауырлық күші дегеніміз не?

3. Гравитациялық күштер дегеніміз не?

4. Асқын салмақ қандай жағдайда болады?

5.Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?

6. Адамзаттық тұңғыш ғарышкері?

7. Қазақстандық  ғарышкерлер?

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Суреттер

 

Сабақтың ортасы

            32 минут

«Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға әртүрлі заттар таратылады. Қолдарындағы заттарды зерттейді.

1.     Сұрақ қойылады

1)    Қолдарыңыздағы заттар бүгінгі сабақта не үшін қажет деп ойлайсындар? Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыздар? Өз болжамдарын стикерге жазып «Идеялар себетіне» орналастырады

2)    Қолдарыңыздағы заттарға физикалық сипаттама беріңдер?

3)    Қолдарыңыздағы заттармен не істей аласыз?

4)    Заттардың пішіні мен өлшемін өзгерте аласыздарма?

Оқушылардың пікірі тыңдалып, жаңа тақырып ашылады.

2.     Деформация құбылысын видеоролик арқылы көріп, түсінеді.

3.     Топтық жұмыс

Өздерінің түсінгендері бойынша серіппелі және пластикалық болып топтасып отырады. «Ақпарат парақшалары» үлестіріледі

 

Постер қорғайды.

Дескриптор:

         Деформацияның түрлерін түсіндіреді

         Мысалдар келтіреді

 

ҚБ: «Қол шапалақтары» әдісі

Эксперименттік жұмыс:

Деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.

1.     Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүк ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.

2.     Қорытынды жасаймыз.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

 

 «көңілді күн» сергіту сәті Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды

Жеке жұмыс

Бағалау критерийі 

Пластикалық және серпімді деформациялардың айырмашылығын көрсетеді

1- тапсырма:

Көрсетілген суретте деформацияның қандай түрлері берілген?

 

Дескриптор:        Білім алушы

         серпімді және пластикалық деформацияларды анықтайды.

2-тапсырма:

Берілген суреттердің айырмашылығы неде, түсіңдіріңіз. Деформация түрін анықтаңыз. Деформация неге тәуелді екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:       

         денелер деформациясын салыстырады;

         деформация түрін анықтайды;

         деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.

ҚБ: 1-3 балдық жүйе

 

 

Пластилин

Резинка

Серіппе

Шар

Пластикалық қаламсаптар

Губка

 

Стикер

Видеоролик

https://www.youtube.com/watch?v=0MGnlXIDEaI  

 

 

 

 

«Ақпарат парақшалары»

 

А3 форматтар

Фламастер, маркерлер

Штативтер

Серіппелер

Денелер

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:1.  Деформация тақырыбын оқу

2. Шығармашылық жұмыс Деформация құбылысына негізделген демонстация дайындау

Рефлексия «Бес саусақ » әдісі

Бас бармақбасты мәселе. Бүгінгі күнде ең мәселе қандай болды

Балан үйрек –бірлесу.топта қалай жұмыс жасады?кімге көмектестім?кімге риза болдым?

Ортан терек – ойлау.мен бүгін қандай тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ ұнадыма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Жазады. оқиды  

Саралау – Сыныпта ең бірінші жағымды ахуал туғызу мақсатында  «Ұлттардың амандасуы» тренингін өткіземін.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Блум таксономиясы»әдісін толықтай қамтыдым.Өткен тақырыпты қайталау үшін

«Жауаптарды суреттейміз» әдісін пайдаландым.Жаңа сабаққа шығу мақсатында әртүрлі деформацияланатын заттарды таратып «Ой қозғау» әдісін пайдаландам.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру үшін «Идеялар себетін» пайдаландым.Себетке оқушылар өз болжамдарын салады. Жаңа сабақты оқушылар видеоролик арқылы көріп, түсініп топта талқылап «Постер» қорғайды.Оқушыларды сергіту үшін «Көңілді күн» сергіту сәтін өткіземін.

Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын жеке жұмыс ретінде ұсындым. Барлық тапсырмаларға критерий мен дескрипторлар құрдым және сол бойынша қалыптастырушы бағалау әдістерімен бағаланады.

Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасап оқушылардың пікірлерін алып, келесі сабаққа тиімді жоспар құрамын

 

Бағалау –

Қалыптастырушы бағалау әдістерін пайдаландым:

«Бас бармақ» әдісі

«Қол шапалақтары» әдісі

«Бес саусақ» әдісі  

1-3 балдық жүйемен бағалаймын

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын

АКТ-ны уақытылы қолданамын

Серпімді заттармен жұмыстанғанда сақтық шараларын қадағалаймын

Психологиялық жағымда ахуал туғызу;сергіту сәтін ұйымдастырамын.

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы бағалау

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

 

1:

 

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

 

1:

 

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *