Ғылыми жоба “Итмұрын – дәрілік өсімдік”
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми зерттеу жоба
Тақырыбы: «Итмұрын-дәрілік өсімдік»
(Облыстық семинар)
Дайындаған: Асылбекұлы Оразай
Жетекшісі: Н.С.Кубашева
2017-2019 оқу жылы
Т
Тақырыбы: Итмұрын- дәрілік өсімдік
Зерттеудің мақсаты: Жергілікті жерде кездесетін итмұрын өсімдігіне терең зерттеу жасай отырып, оның адам ағзасына пайдасы мен емдік қасиеттерін анықтау.
Міндеттері:
· оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру;
· әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктерді
пайдалану ережелері;
· дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды
жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері;
· Адамдар арасында кездесетін түрлі аурулар түрлері мен оларға қарсы
дәрілік өсімдіктерді пайдалану жолдарын меңгерту.
Өзектілігі: Өсімдік – тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.
Шынында да өсімдіктер бар болғандықтан «Дүние – жап-жасыл жаңа, әдемі әлем».
Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында өз ауылымда өсетін өсімдіктердің бірі итмұрынның емдік қасиеті туралы зерттей отырып, оның адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын және пайдасы бар екенін зерттедім Итмұрынның ерекшелігі-бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолдануға болатынын білдім. Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.
Жеріміз өсімдіктер түрлеріне өте бай. Өсімдіктердің қасиеті – кейбірінің жапырағында, ал кейбіреулерінің тамыры немесе тұқымындарында болатыны анықталды. Қазақ халқы ежелден-ақ өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін білген. Жанға шипа, дертке дауа емнің бәрі өсімдіктерден алынады. Жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Жинақтау, әңгімелесу, пікірлесу, іздену, қорытынды жасау.
Зерттеудің жаңалығы:
Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Итмұрынның шығу тарихы
Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар.
Итмұрын.
Раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды. Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән.
Итмұрынның жыл мезгілдеріне тән ерекшеліктері. Итмұрын жаз мезілінде гүлдейді. Оның гүлі ақ, қызғылт сары, алқызыл болады. Жапырақтары жап-жасыл болып жайқалып тұрады. Күзде жапырақтары сарғаяды. Жемістері пісе бастайды. Қыста жапырақтары түсіп, итмұрынның жемістері түсін сақтап қалады. Жапырақтары қар астында ұзақ сақталады.
Итмұрынның пайдасы
Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады[2] .
Зерттеу барысы
Итмұрынның дәрілік қасиетін зертеу үшін қыстың алғашқы айы желтоқсан айында жетекшім Кубашева Нұргүл Сагидуллинамен ауылымыздың жанындағы орман алқабына бардым. Итмұрынның жемісі өте аз кездесті. Дегенмен, сол итмұрынның жемісін алып келіп, кептіріп қойдым. Кептірген жемістерді қайнатып, сусын дайындадым. Дайын сусынды отбасымызбен іштік. Осылайша итмұрынның емдік қасиетіне көз жеткіздім.
Итмұрыннан витаминді сусын жасау әдісі. (Видео)
Кептірілген жемісті жақсылап жуып, аздап ұсатады. Сонда С витамині суда жақсы ериді. Сонан кейін жемістерді эмальды кастрюльге салып, үстіне қайнаған ыссы су (1 қасық ұсатылған жеміске 1 стакан су) құяды да, қақпағын жауып, 8-10 минут қайнатады. Сонан кейін басқа ыдысқа құйып алып, қараңғы жерге қояды. Суыған соң 2 қабат дәке арқылы сүзіп жемісті қысып барлық сұйықтықты шығарады. Алынған сұйықтықтың дәмін жақсарту үшін аздап қант қосады. Бұл ішуге сүйкімді сусынды жасалған күні ішу керек. Егер сусын ұзақ сақталса С витамині ыдырап кетеді. Бұл сусынды дені сау ересек адам бір тәулікте 1-2 стакан, бала 1 стакан ішкені жөн.
Итмұрын шайы антиоксиданттар, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз. Эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
· Асқазан, бауыр ауруы
· Қан аздық
· Қан қысымы көбейуде
· Имунитетті көтеруге
· Тұмауға қарсы
Итмұрын жемісін консервіленген күйінде қолданады және одан витамин препаратын жасайды. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, диеталық сусын және қайнатып алған суын экстрактар, сироп ретінде пайдаланады. Организмінде витамин жетіспейтіндерді, атеросклероз және басқа аурумен ауыратын адамдарды емдейді. Итмұрын әсіресе аскорбин қышқылын жасайтын өндірістер үшін өте бағалы шикізат болады. Итмұрынның 5-20% аскорбин қышқылын, С1, В2, К, Р витаминдерін және каротин, қант, органикалық қышқылдар, пектин, илік, бояулық заттар, минералдық тұздар алынады.
Жемісі кондитер және витаминді препарат жасайтын өндірістерде қолданылады. Итмұрын жемісінен жасалған препарат – бауыр ауруына бірден-бір ем. Итмұрынның ішінде аскорбин қышқылы құрғақ жемістің 12,5%-тін алады. Аскорбин қышқылы ең көп болатын итмұрьш сорты Альберта.
Қорытынды.
Итмұрынды кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Емдік өсімдіктерден дәрі дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді.
Зерттеу жұмысымды қорыта келгенде итмұрынның дәрілік өсімдік екені дәлелденді деп айтуға болады. Себебі көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанмен адамдар үнемі оны пайдалана бермейді. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және әрқайсысының емдік қасиеті барын анықтай білу керек. Әркім өз жерінде өсетін қасиетті емдік өсімдіктерді бағалап, оларды бағып күту, табиғатты аялау әркімнің міндеті деп білемін. Химикатты көп дәрілерді қолданғанша емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Қожабеков, Г.Қожабекова Дәрілік өсімдіктер Алматы 1982ж
2. Ә.Нысанбаев. .«Қазақ эпциоклопедиясы» Алматы 2002ж 3. Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008ж
Жақсы