Ертегілер еліне саяхат
Қорытыңды ҰОҚ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№7«Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Нурекенова Карлыгаш Салыковна
Білім беру саласы:Коммуникация, Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту+көркем әдебиет+шығармашылық.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат .
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жыл мезгіліндері туралыбілімдерің пысықтау, жабайы аңдар туралы алған білімдерің тиянақтау, жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жануарларды ,табиғатты қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне деген көмек көрсете білу сезімдерін нығайту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, драматизациялау.
Оқыту құралдары: Аңдар, шырша, ойыншықтар, суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Билингвалдық компонент: аю-медведь, қонжық-медвежонок, қоян-заяц, көктем-весна, орман-лес, қасқыр-волк.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс—әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балалар енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы-жылы лебіздемізді білдірейік. |
Әдемі әуенмен балалар музыка залына кіреді, жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасады.
|
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
-Балалар жылаған дауыс естілетін сияқты. -Ал, балалар қонжыққа анасын табуға көмектесеміз бе? -Көктем мезгілінен басқа қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Д/ойын
-Жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтылады
-Балалар орманға бармас бұрын сергіту жаттығуын жасайық, қонжық та сергіп қалсын. Он сидит глядит в окошко Заяц мимо пробежит Тук-тук-тук Дверь открой Там влесу охотник злой Заяц-заяц забегай Лапу мне давай. -Ал енді сиқырлы желдің көмегімен орманға жылдамырық жетейік. (желдің әуені ойналады) Сылдырдан қорқады Орман жалпақ даладан
Шырша саясы – күркесі Өзі айлакер, өзі қу Сұрғыл тартқан түсі бар -Балалар естеріңе түсті ме бұл қай ертегі кейіпкерлері?
-Балалар енді Маша қызды қайдан іздеу керегін білеміз ба? Ата мен әженің үйіне Машаны апарады. Қуанған ата мен әже балаларға бауырсақ таратады. |
Қонжық – Мен анамнан адасып қалдым.
-Ия, ол аюдың баласы.
-Күз,қыс, көктем, жаз. -наурыз,сәуір,мамыр.
-Көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштарда жапырақтар шығады. -Күз мезгілінде жапырақтар түседі, жеміс-көкіністер піседі. -Қыста күн аяз болады, қар жауады.
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап, әуен ырғағымен айналады.
-Ағаштар, құстар, қалың шөптер.
-Қоян
-Аю
-Тиін
-Түлкі
-Қасқыр
-Апай бұл қоян ғой, қорқып отырған .
Геометриялық пішіндерден қоянға үй жасап береді. -Қызымыз Маша жоғалып кетіп соны іздеп жүрміз.
Балалар Маша мен аю ертегісін сахналайды.
Аюдың үйінен.
Аю -Бұл кім мені мазалап жатқан? -Ой шынымен менің қонжығым табылды ма? Қонжығым табылмайтын шығар деп Маша қызды өзіме қыз қылып алып едім. Енді кішкентай қонжығым табылғасын Маша қызды жіберейін. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Бүгін біздер қайда бардық?
-Қандай ертегіні сахналадыңдар? |
-Орманға.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Адамдар бір-біріне қиын жағдай туғанда көмектесу керек екенін білді. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтты. Орманда мекендейтін жануарларды біледі.
Меңгереді: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа қамқор бола білу. Ертегікейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнауды еңгерді, тілдері дамыды, сөздік қорлары молайды.
Істей алады: Киын кезде бір-біріне көмек көрсете алады, ертегі рөлдерің сахналай алады.