Тірі табиғат

Канаткулова Асель Айдаровна

 

Пәні: Жаратылыстану                                           

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат.

Күні: 21.06.2019

Сынып: 1

Мектеп: № 157

Мұғалімнің аты-жөні: Канаткулова Асель Айдаровна.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік бөліктері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:  Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.

 Көптеген оқушылар:  Өсімдіктердің бөліктерін сипаттап, маңыздылығын анықтайды.

 Кейбір оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін алады, қызметінің  ерекшелігін атап, өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері.

1. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.

2. Өсімдіктердің бөліктерін сипаттау, маңыздылығын айту.

3. Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметінің  ерекшелігін айта алады, өмірмен байланыстырады.

 

Тілдік мақсат:

Тірек сөздер:

1. Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ,жеміс, тұқым.

Талқылауға арналған сұрақтар:

2. Жеміс ағаштарымен бақша өсімдіктерінің қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

3. Бір-біріне ұқсайтын бес өсімдікті атаңыз.

 

Құндылықтарды дарыту.

Жауапкершілік. (сыныптағы және ауладағы өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу)

Пәнаралық байланыс.

Математика. (өсімдіктердің биіктігін салыстыру)

 

АКТ қолдану дағдылары.

Видео ролик, өсімдік суреттері.

 

Бастапқы білім.

Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (мәдени және жабайы өсімдіктер)

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың басы.

 

 

   Ынтымақтастық атмосфера:

 

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп күлімсіреп

Біз сабақты бастайық.

 

 

 

 

 «Құпия зат» әдіс-тәсілі.

Мұғалім өзін бір өсімдік ретінде жасырады: Мысалы: Мен өте тәттімін, қызыл, сары, жасыл жеміс беремін. Көлемім үлкен, бойым ұзын. Мен Алматыда өсемін. Өз қаламның символымын.  

Әр топ өздерін өсімдік ретінде жасырады.

-Олай болса балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Өсімдік бөліктері.

 

 

 

 

Алақан жылулығы.

 

 

 

 

 

 

Алма ағашы.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

№1 Тапсырма: «Ойлан –көрсет»  әдіс тәсілі.

Саралау: Тапсырма

Суретке қара. Өсімдіктердің бөліктерін көрсет.

1. Критерий: Суретке қарйды, сипаттайды.

          Суреттегі өсімдікті атайды.

          Өсімдіктіктің бөлінетін орнын анықтайды.

          Бөліктерін түсіндіріп  береді.

 

2. Критерий: Өсімдік бөліктерінің  маңыздылығын көрсетеді.

          Өсімдік бөліктерін көрсетеді.

          Ажыратқан бөліктерін айтады.

          Олардың қызыметінің маңыздылығын әңгімелейді.

 

3.Критерий: Өсімдіктің пайдасы туралы әңгңмелейді.

          Өсімдіктің пайдасы туралы айтады.

          Беретін өсімдіктерден жасалатын таңамдарды айтады.

          Өсімдіктің пайдасы туралы дәлелдейді.

Мақсатқа оралу: -Балалар өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады екен?  (бөліктерін нақтылап айтады)

Бағалау: «Үш шапалақ » арқылы.

 

№2 Тапсырма: «Өсімдікті топта жина» әдіс тәсілі

Саралау: Қорытынды

 Топтық жұмыс:

1 топ. Суретте берілген өсімдікті  өсу ретіне қарай орналастырыңдар.(Мозайк әдісін қолданады)

2 топ. Әртүрлі өсімдіктердің сабақтарын анықтаңдар. (ағаш, гүл, бақша өсімдіктері)

3топ. Өсімдіктердің гүлдері мен тұқымына қарай, қандай жеміс екенін анықтаңдар.

 

1. Критерий: Өсімдік бөліктерін дұрыс орналастырады.

          Тамырын орналастырады

          Сабағын және жапырағын орналастырады.

          Гүлі мен жемісін орналастырады.

 

2. Критерий: Берілген өсімдіктердің сабақтарын жапырақтары арқылы анықтайды.

          Ағаштың сабағы жуан, жапырағы жіңішке.

          Гүлдің сабағы жіңішке ,жапырағы жуан.

          Қиярдың сабағы ұзын, жапырағы орташа.

 

3. Критерй: Өсімдіктердің тұқымдары мен гүлдерін ажыратып жемістерін салады.

          Алманың тұқымы кішкентай, гүлі майда,жемісі үлкен домалақ болады.

          Қиярдың тұқымы кішкентай сопақша, гүлінің түсі сары, жемісі ұзын болады.

          Гүлдің тұқымы майда, жаратын қауырсыны үлкен жапырақ болады.

 

Мақсатқа оралу: Ағаштар мен бақша өсімдіктерінің сабақтарының айырмашылықтары қандай екен? (Салыстыру жуан-жіңішке)

Бағалау: Бағдаршам арқылы.

 

№3 Тапсырма.

Саралау: Диалог пен қолдау көрсету.

Зерттеу жұмысы: «Қолмен ұстап-көзбе көру» әдісі.  Оқушылармен шағын тәжірибелік жұмыс жүргізу: Өсімдіктер қалай өседі? Не арқылы өседі және оларға не қажет?

-Әуелі оқушылардың жауабын тыңдау. Тәжірибе жасап қортынды шығару. (Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет, сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса онда тұқым өне алмайды. Егер тұқымды құры суға батырып қойса олар өнбейді, себебі оларға оттегі жетіспей қалады).

 

1. Критерий. Өсімдіктер қалай өседі.

  – Тігінен өседі.

  – шырмауық тәріздес иректеліп өседі

  – жуан және жіңішке болып өседі.

 

2.  Критерий: Өсімдіктер өну үшін не қажет.

     -Топырақ

     -Ылғал

     – Оттегі.

 

3. Критерий: Өсімдіктер қандай жағдайда өспейді?.

     – Құрғақ топырақта

     – Оттегі жетіспегенде

      -Құры суға салып қойғанда.

 

Мақсатқа оралу: Өсімдіктерді өндіру барысында не бұрыс/дұрыс екен? (Топырақтың ылғал болуы, оттегінің жеткілікті болуы)

Бағалау: Басбармақ арқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсімдік бөлшектерінің қиындылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жемістердің суреті.

 

 

 

 

 

Мақта, стақанда су, домалақ ыдыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

Қимыл-қозғалыс.

«Жаңылмай бағдаршам бойынша қозғал»

Оқушылар шеңбермен тұрып мұғалімнің айтқанын жасайды. Бірақ қимылын қайталамайды. Мұғалім бағдаршам түсін айтады. Оқушылар соған байланысты қозғалыс жасайды. Жасыл-жүр, сары-дайындал, қызыл-тоқта. 

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы

 

 

Кері байланыс.

«Табыс сатысы» әдісі

       Мен бүгін не білдім?

      Қай тапсырма қызықты болды?

      Әлі де нені білгім келеді?

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

 

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма арқылы саралап ойлауға жетелеу, себебі қажеттіліктеріне қарай нәтижесін береді деп ойлаймын.

 

Оқушылардың өсімдік бөліктерін ажырата білуі бағаланады. Оқушыларға арналған ресурс «Бағдаршам» түстері.

 

 

 

 

 

Тапсырмалар орындау барысында, техникалық, қауіпсіздік нұсқаулығы жүргізіліп отырылады.

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушы денсаулығы нығайтылады.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *