“Жәндіктер әлемінде”
Сырдария ауданы Бесарық ауылы «Бөбек» балабақшасы
Тәрбиеші: Қаршығаева Айсұлу Алтынсарықызы
Күні: 20.04.18 жыл
Тобы: «Балдәурен» тобы
Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет. Құрастыру. Жапсыру.Сурет.
Тақырыбы: “Жәндіктер әлемінде”
Мақсаты: Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, құмырсқа жайлы білімдерін кеңейту, табиғатқа сүйіспеншілік пен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал –жабдықтар,көрнекіліктер: суреттер, слайд, жәндіктер муляждары ,нутбук, картоп, түрлі -түсті қағаздар, желім, қайшы, мақталы таяқша, сулық.
Қолданылған технология: “Тәй -тәй технологиясы”. АКТ
Әдіс – тәсіл: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер
Билингвальды компонент: көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші-паук, , қоңыз -жук,
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық –қозғаушылық |
Балалар бүгін бізге көп апайлар қонаққа келді. Қане апайлармен амандасамыз -Сәлеметсіздер ме! -Здравствуйте! -Good moonimg (балалар амандасады) – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? – Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады. Көктем мезгілінде неше ай бар? Құмырсқа жайлы мультфильм көрсетіледі.
– Балалар, сендердің ақылды, алғыр екенсіңдер мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтар 1. Ағайынды жұмыскер, Ерінбейді жұмысқа. Үйі толы бір әскер, Аты оның …. (құмырсқа) 2.Шидиген ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүрген көп жерге, Аспалы торлар тұрады. (өрмекші) 3. Қарайын ұшты қарғадай, Бармаған жері қалмады-ай, Жерге түсті ін қазды. Аяғымен тырмалай. (Қоңыз) 4. Гүл үстінде әдемі, Төрт жапырақ биледі. Жұлып алайын деп едім, Ұстатпай ұшып кетті. (Көбелек) Ғажайып сәт Көбелек кіреді. |
Балалар апайлармен үш тілде амандасады. Сұрақтарға жауап береді. Көктем мезгілінің өзгерістерін айтады.
Балалар жәндіктердің орналасу ретін анықтайды.
құмырсқа
өрмекші
қоңыз ,
көбелек
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
– Енді осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтуға болады ? – Дұрыс, бүгін біз оқу қызметімізде осы жәндіктер туралы білетін боламыз. Құмырсқа – еңбекқор, қайсар жәндік. Ол өзінен үлкен дәнекті көтере алады. Құмырсқалар өздеріне шөп-шалам, сабаннан үйіп илеу жасап алады. Жаз бойы илеуіне азық жинайды.
Бүгін біз 3 белсенді орталықтармен жұмыс жасайтын боламыз. «Өнер», «Құм мен су», «Құрылыс», « Әдебиет» орталықтары.
“Өнер орталығы” Мақсаты: Қоңыздың суретін боялған тұзбен, құмырсқаның суретін боялған сокпен, көбелектің суретін боялған күрішпен желім арқылы жапсыру. Қалдық заттардан араның бейнесін жасап шығарамыз. Ермексаздан құмырсқа бейнесін мүсіндейміз.
“Құрылыс орталығы “Мақсаты: Күнделікті өзіміз тұтынып жүрген көкөніс картопқа мақталы таяқшаны пайдалана отырып дене бөліктерін жасаймыз. «Құм мен су» орталығы Құмға суды құйып құмырсқаның илеуін жасайды. «Әдебиет» орталығы «Құмырсқаның бірлігі» мультфильм көрсетіледі.
Балалардан қай орталықта болғандарын сұрау.
Сергіту сәті. Жел соғады, соғады, Құстар жерге қонады. Көбелектер тығылып, Дір-дір етіп тоңады. Жел кенеттен тынады, Күн де бұлттан шығады. Шегірткелер секіріп, Араларда ұшады. Балаларды қалаған орталықтарына барып жұмыс жасауға бөлу.
Балалар кім жәндіктер туралы тақпақ біледі. |
Жәндіктер дейміз .
Балалар белсенді орталықтарға таратылған текше арқылы бөлінеді.
Картопқа мақталы таяқшаны пайдалану арқылы тесіп өрмекші жасайды. Балалар ылғалды құммен құмырсқаның илеуін жасайды.
Балалар мультикті көреді. Балалар қалаған орталықтарына барып жұмыс жасайды.
Тақпақтар Жания: Ерте тұрып құмырсқа, Кірісіп кетті жұмысқа Еңбекқор десек біз оны, Дұрыс па әлде бұрыс па? Раяна: Ара, ара ,аралар, Гүл қауызын жағалар, Оны баққан ағалар, Шелек-шелек бал алар.
Медина:Балалар – ау, балалар! Жібек:Инелік – ау, инелік |
Рефлекция-қорыту |
Билингвальды компонент: көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші -паук, қоңыз -жук, Ойын “Жәндіктер әлемі” Балалар суда, жерде, ауада жәндіктерді ажыратып айтады, оларды ұяшыққа салады.
– Бүгінгі оқу қызметін балаларды марапаттап, мадақтап оқу қызметін қорытындылау.
|
Балалар, жәндіктердің мекенін тауып орналастырады, ойынға қызыға ойнайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Жәндіктердің аттарын, түрлерін.
Түсінеді: Жәндіктердің адамға берер пайдасы туралы.
Қолдана алады: жәндіктер мекенін табуды, түрлі жарамсыз заттардан, картоптан, қағаздардан жәндіктер бейнесін жасауды.