АБАЙ ЖОЛЫ РОМАНЫНЫҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ
ОРАЛОВА Р
Сынып: 9
Тақырыбы: «Абай жолы» романының композициясы
Мақсаты: 1. «Абай жолы» роман-эпопеясын талдату, құрылымын жинақтату;
2.Шығарма бойынша алдын ала тапсырмалар беру арқылы талдай білу дағдыларын дамыту;
3.Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: талдау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ- жауап, іздендіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Күтілетін нәтиже:
–«Абай жолы» роман-эпопеясын талдайды, құрылымын жинақтайды;
-Шығарма бойынша алдын ала тапсырмалар беру арқылы талдай білу дағдыларын дамытады;
– Имандылық, адамгершілік тәрбие негіздері қаланады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі ОЖТ 2 минут |
-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Бір-бірімізге сәттілік тілейік! -Сабақта қолдану үшін алдарыңызда дидактикалық тапсырмалар жатыр. |
Екі топтың да мүшелері бір-біріне «мен саған ….тілеймін» деп тілегін айтып, смайлик береді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білу АКТ ОБжК 10 минут |
Үй тапсырмасын тексеріледі. І топ пен ІІ топ слайдпен үй тапсырмаларын қорғайды. «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесін нақты оқиға негізінде талдайды (слайд). І топ Тарауы: Қайтқанда. Оқиға: Абайдың елге қайтуы. Оқиға: Қодар мен Қамқаның өлімі. Оқиға: Абайдың ауылына ақын қонақтардың келуі. Тарауы: Қат-қабатта. Оқиға: Смағұл мен Оспанның асқа таласуы. Ұлжанның, Зеренің, Айғыздың, ауыл қатындарының іс-әрекеттері мен сөздері. ІІ топ Тоқпанбет үстіндегі төбелес Тарауы: Шытырманда Оқиға: Кәмшаттың ауыр жағдайы. Тарауы: Бел-белесте. Оқиға:Бөжей ауылының Жәнібекке көшіп келуі, Бөжейге бата жасауы. Ұлжанның, Зеренің, Айғыздың, Күңкенің, Бөжейдің әйелінің іс-әрекеттері мен сөздері. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсіну ОБжК ОЖТ 10 минут |
«Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып, баса назар аударатын проблемалық тартыстарды табады: а/ күндестік; ә/ даланың бар билігі қолында, бар қасиеті малындағы билеп-төстеушісі, қожалар мен қарапайым еңбеккерлері,халық бұқарасы арасындағы тартыс б/ эпопеядағы рулық тартыс в/ эпопеядағы әкелер мен балалар проблемасының көрінісі Құнанбай – Абай, Құнанбай – Тәкежан, Тәкежан – Әзімбай, Абай – Әбіш г/ екі ұрпақ, олардың арасындағы яғни, көктей орылып келе жатқан ескі мен көктей өсіп келе жатқан жаңаның тартысы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану ЖЕСО 12 минут |
Оқушылар алдарында жатқан кестені толтырады (қосымша №1). Көмек ретінде «Абай жолы» романының қысқаша мазмұны беріледі (қосымша №2). І топ
ІІ топ
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау СТО 5 минут |
Электронды оқулықтан «Абай жолы» романынан үзінді. Кәмшатты алып кетуі тыңдатылады (қосымша №3). Проблемалық сұрақ: Кім кінәлі?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау ТжДБО 3минут |
Тарау атауларын пайдалана отырып сөйлемді аяқта (қосымша №4). І топ: … Абайды көреміз. ІІ топ: … Құнанбайды көреміз.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау СТО, ОБжОүБ 3 минут |
Топ басшыларының бағаларын ескеріп, ортақ баға шығарады. Үйге тапсырма: Абай жолы романынан 1-топ жатыс түрлерін, 2-топ отырыс түрлерін теріп, картотека жасауы тиіс. |
Топ басшысы топ мүшелерін бағалау критерийлер негізінде бағалайды. Бағалау өлшемдері: 1.Үй тапсырмасын қорғау барысында белсенділігі; 2.Топтық жұмыстарға қатынасуы; 3.Өз ойын еркін жеткізе алуы; 4.Романның мазмұнын білуі; 5.Романның құрылымын талдай алуы.
|