Құрлық жануарлары

Қызылорда обылсы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

«Қазалы ауданының білім бөлімінің оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

«Жас натуралист» үйірмесінің мұғалімі: Еламанова Жанар Әбілжанқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-жануарлардың тіршілік әрекетіне,ортасына байланысты,оның ішінде құрлық жануарларымен таныстыру,жыл маусымдарына байланысты тіршілігін білуге үйрету.

Дамытушылық-оқушылардың ойлау операциясын дамыту,жылдам жауап табуға дағдыландыру,топпен жұмыс жасауға бейімдендіру.

Тәрбиелілік– оқушыларды Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар түрлерімен таныстыра отырып,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топтық

Сабақ әдісі : жаңа  бағдарлама бағытын пән арқылы пайдалану(түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап)

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық

Сабақтың өту тәсілдері: сөйлеу,ойлау,тыңдап бақылау,сөзбен жеткізу,ақпарат жинау.

Сабақтың жаңашылдығы:

1.    Сабақ  барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану.

2.    Жаңа сабақ пен өткен сабақты өзара байланыстыру

3.    Сигналды жүйені пайдалану(ойлау жүйесі)

4.    Ойлау  резервтерін дамыту барысында сұрақ-жауап(ойын әдісі)

5.    Теория барысында алған білімдерін іске асыру (логикалық ойлау)

 Сабақтың интеграциясы:

Гуманитарлық пәндерді байланыстыру

Сабақ жоспары

1.    Ұйымдастыру кезеңі

2.    Жаңа сабақ

3.    Сұрақ-жауап(Кім тапқыр?)

4.    Сәйкестендіру тесттері.

5.    Сергіту сәті

6.    Биологиялық эстафета(терминдік сөздер)

7.    Кодоскоп ойыны(жануарлар бейнесін өз орнына орналастыру)

Бағалау

Қорытындылау

Үйге тапсырма

1.    Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды түгендеу

Б)Психологиялық дайындық

   2. Үй тапсырмасына шолу.

1. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Сүтқоректі жануарларды атаңыз?

3.  Жаңа сабақ

Кіріспе

Жануарлар түрі  әлемде сан алуан. Олар кез-келген жерден табылады. Суға үнілсекте,топырақты қазсақ та,аспанға қарасақта,айналаға көз жіберсек те жануарларды кездестіреміз. Ғаламшарда 1,5млн астам жануарлар белгілі және өсімдіктерге қарағанда жануарлар түрлері жер бетінде әлдеқайда көп. Соның ішінде құрлықта мекендейтін жануарлар түрлерімен танысып,қарастырамыз. Құрлықта кездесетін жануарлар көп. Құрлықта тіршілік ету факторларының өзгеруі-теңіз немесе тұщы судағы тіршілікке қарағанда көбірек байқалады. 

1.Ылғал сүйгіш жануарлар-гигрофилді деп аталады

2. Құрғақ сүйгіш жануарлар-ксерофилді деп аталады

1. Шөлді –шөлейтті жерлерде: қосаяқ, тасбақа, құмқоян

2. Далалы жерлерде-саршұнақ суыр, түлкі, кесіртке, дала тышқаны

3. Орман-тоғайларда-бұлан, тиін, аю, бұғы, сілеусін, бұлғын.

Жануарларды қорғау шаралары, Сирек кездесетін жануарлардлы арнайы мақсатта қорғау ұйымдастырылған және аулауға тиім салынған.

  Карта ойыны

І топ

1.    Сүтқоректі жануарлардың жүрегі неше камералы?(4)

2.    Жануарларды жалпы қайда кездестіруге болады?(суда,топырақта,құрлықта,ауада,жануарлар денесінде)

3.    Жыртқыштық қандай жануарлар арасындағы байланыс?(қасқыр,ақбөкен)

4.    Қазіргі кезде жолбарыстың қанша түрі бар?(5000)

5.    Ең ірі тұяқты жануар?(сусиыр)

6.    Керіктің салмағы?(1200 кг)

7.    Құрылықтағы ең жылдам жануар?(қабылан)

8.    Қазақстанның қызыл кітабы қай жылы шықты?(1978ж)

9.    Өсімдікқоректі  жануарларды ата?(бұғы,керік,сусиыр,ақбөкен т.б)10.Күйіс қайырмайтын жануарлар?(доңыз,сусиыр)                                   

ІІ топ

1.Зоология қандай ғылым?(жануарлар)

2. Жер шарындағы  жыртқыш аңдар саны?(340)

3. Жұмыртқа салатын сүтқоректі  қай жануар?(үйректұмсық)

4. Құрылықтағы сүтқоректі жануарлардың ең үлкен тобы қай жануар? (піл)

5. Түнде белсенді тіршілік ететін жануар қандай тұқымдасқа жатады?(мысықтұқымдас)

6. Ең сасық иісті  сүтқоректілер?(күзен)

7. Қазақстанның қызыл кітабы қай жылы шықты?(1978ж)

8. Кенгуру қай құрылықта  кездеседі?(австралияда)

9. Жыртқыш жануарларды ата?(аю,қасқыр,арыстан,сілеусін)

10. Күйіс қайыратын жануарлар?(арқар,киік,бұғы,керік)

 Сәйкестендіру тесттері

Жануарлар

Өкілдері

 

1.Құрлық жануарлары

А)кенгуру,қасқыр

2.Күйіс қайыратын жануарлар

В)нар

3.Дара өркешті түйе

С)тышқан,суыр

4.Жыртқыштар отряды

Д)керік,жылқы

5.Кемірушілер отряды

Е)арқар,бұғы

6.Қалталы сүтқоректілер отряды

К)сиыр,бұлан,бегемот

7.Жылықанды омыртқалы жануар

Л)қасқыр,қабылан

 Сергіту сәті

Терминдік сөздер

1.    Жануарларды зерттейтін ғылым( зоология)

2.    Балықтарды зерттейтін ғылым(ихтиология)

3.    Шаяндарды зерттейтін ғылым(карциналогия)

4.    Жәндіктерді зерттейтін ғылым(энтомология)

5.    Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым(маммология)

6.    Құстарды зерттейтін ғылым(орнитология)

7.    Жыландарды зерттейтін ғылым(серпентология)

8.    Аңдарды зерттейтін ғылым(териология)

9.    Тірі табиғат туралы ғылым(биология)

10.Қосмекенділерді  зерттейтін ғылым(батрахология)

     11.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым(герпентология)

     12.Құрттарды зерттейтін ғылым(гельминтология)

     13.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым(ботаника)

     14.Өрмекшілерді зерттейтін ғылым (ахронология)

Кодоскоп ойыны (жануарлар бейнесін сәйкестендіріп өз орнына қою)

Бағалау

Қорытындылау

Оқушылардың жаңа сабақ   бойынша әрбір тапсырмаларға жауап беру,қатысуларына байланысты мағлұмат беріліп,бағаланып,қорытынды жасау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *