Тоғызқұмалақ ойынындағы «Атсырау » тәсілдері

Қызылорда обылсы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

«Қазалы ауданының білім бөлімінің

оқушылар үйі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінің мұғалімі: Кушербаев Сатыбалды Бектемірұлы      

Сабақтың тақырыбы:    Тоғызқұмалақ ойынындағы «Атсырау »  тәсілдері

Сабақтың мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға  әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін  дамыту;                    

  Сабақтың типі: Жаңа сабақ

    Сабақтың түрі:  ойын сабақ

    Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Ойын тәсілдері арқылы атсырау  ережесін меңгеру
Керекті құрал – жабдықтар: 
          

тоғызқұмалақ  тақтасы                                                                                                                       Сабақтың құрылымы.                                                                     

 Ікезең (5-7 минут)

А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.

Ойларын  сабаққа  аудару

Ә)Үй жұмысын     тексеру

Сұрақ– жауап әдісі:

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қоштаушы деген кім?

Бастаушы деген кім?

Қазан деген не?

Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.

ІІ кезең (20-25 минут)

5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін  ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

      Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады.    (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21. )тақ сан) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.) жұп сан жабық деп жазған жөн.
«Тұздық алу»    Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

«Атсырау» деген не?
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.    Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады

 Роликтер көрсету

Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ   ойынының  негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қоштаушы
• Тұздық
• Атсырау   ( Анықтама беру)

 Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).

Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына  жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81    б) 82  с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

А)бастаушы    б)Қоштаушы    с)Жүрүші                                                                                      3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А) 9       б) 18      с) 16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау      б)тақта     с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А) тоғызыншы отауға       б) екінші отауға     с) алтыншы отауға                                              ІІ-деңгей тапсырмасы:

   Сәйкестендіру тесті

1.         отау                          „ Көкмойын“

2.         отау                          „Бел“

3.       отау                           „Қандықақпан“

4.       отау                           „Маңдай“

5.                 отау                          „Атөтпес“

6.                 отау                          „Тектұрмас“

7 .      отау                           „Арт“

8 .      отау                          „Белбасар“

9 .      отау                          „Атсыратар“

Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың  ұлттық  ойын түріне кіре ме?                        

Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке  бөлінген?                                                                        

Әр бөлікте неше отау,неше қазандық  бар?                                                                        

 Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?                                              

 Тоғызқұмалақ терминдерін ата?                                                                              

Бірінші ойынды бастаған ойыншыны  қалай атаймыз?                                                           

 Жұп, тақсандар

Үйге  тапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауаттарының мағынасын, атауын жаттап алу және «атсырау» тәсілін меңгеру                                                  

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *