Базар жырау «Әмина қыз» дастаны

Қызылорда обылсы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

«Қазалы ауданының білім бөлімінің

оқушылар үйі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

«Жігер»үйірмесінің жетекшісі: Елеева Роза Жағалқызы

 Сабақтың мақсаты: Базар Оңдасұлы туралы мәлімет беру.

 Әмина қыз дастанының мазмұнын меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

 Білімділік: Аңыз-әңгіме арқылы Әмина қыз бейнесіне талдау жасау,әңгіме

мазмұнына талдау жасай отырып, терең түсіне білуге, қызыға оқуға  жетелеу.

Дамытушылығы: сыни тұрғыдын ойлау арқылы өз пікірін қорғауға

дағдыландыру,көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға  үйрету

Тәрбиелік: Дастандағы белгісіз есімді қыз бейнесі арқылы тапқырлыққа,досқа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі:«мина» әдісі, түсіндіру,сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс

Көрнекілігі: Базар Оңдасұлының суреті және нақыл сөздері

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

А. Оқушылармен сәлемдесу

Б. Оқушыларды түгелдеу

С. Оқушылардың назарын сабақққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау(Мина әдісі арқылы)

Үй тапсырмасының сұрақтары:

Төрт түліктің пірлері

1.     Түйенің пірі кім?( Ойсылқара)

2.     Жылқының пірі кім? (Қамбар ата)

3.     Сиырдың пірі кім?(Зеңгі баба)

4.     Қойдың пірі кім? (Шопан ата)

5.     Ешкінің пірі кім? (Сексек ата)

Қосымша сұрақтар

1.     Батырдың пірі кім?(Ғайып ерен, қырық шілтен)

2.     Әйелдің пірі кім? (Бибі Бәтима)

3.     Төрт шадияр дегеніміз кім?  (4 дос.Омар, Оспан,Әубәкір,Әли)

III.Жаңа сабақ

Базар Оңдасұлы

(Өмірбаян)

Базар Оңдасұлы –Қызылорда облысы,Қармақшы ауданында туған. Руы- Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы базар атанып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. 9 жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Таспен би ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар келіп, апталап,айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп,үлкен мектеп болды. Базар жырау 15-16 жасында «бала жырау» атанды.  Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз,Сыр бойы,Қызылқұмды, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жатап,халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кезідерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды ( «Көрұғылы», «Жүсіп-Ахмет»т.б) қазақ тілінде өзінше жырлап Сыр бойына таратады. Сонымен қатар Шығыс аңыздарының ізімен «Айна тарақ», « Әмина қыз» атты шағын дастандарды шығарды.

                                                            «Әмина қыз»

Адам аңдып жүрген ажал- дұшпан,

Өлімнің білмейді ешкім ерте кешін

Бағдаттың шаһарында ертеде өткен

                                                 Айтайын Әмина қыз әңгімесін

Түсіндірме сөздік(дәптермен жұмыс)

1.     «Бір зауал-әр кемелге»Әр жасалған істің соңы бар

2.     «Гөрбан»Есінен алжасу

3.     «Пазылына»Алланың қиындықтан құтқаруы

4.     «Жаһанның»Ел кезіп кетуі

IV Сабақты бекіту

Cұрақ жауап

1.      Бүгін сіздер қандай дастанмен таныстынңыздар?

2.     Аңыз сіздерге несімен ұнады?

3.     Әминаның әрекеті дұрыс па?

4.     Белгісіз  есімді қыздың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?

5.     Ойларыңызда сақталған қандай дана сөздер бар?

Қорытындылау:

Бүгінгі сабақтан мен ___________________ алдым

Мен бүгінгі сабақтан___________________ үйрендім

Бүгінгі сабақтан мен ___________________ ой түйдім

Әмина қыз дастанынан алған әсерім____________________________

Үй тапсырмасы: Базар Оңдасұлының «Әмина қыз» дастанын оқып келу

 Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен үй тапсырмасын орындауы бойынша

                                                                        бағалау.

Оқушының қорытындылау парағы

Бүгінгі сабақтан мен _____________________________________________ алдым

Мен бүгінгі сабақтан___________________ _________________________үйрендім 

Бүгінгі сабақтан мен _____________________________________________ ой түйдім  

Әмина қыз дастанынан алған    _____________________________________әсерім

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *