«Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу»

Айгаракова Айтолқын Аманбаевна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Дене нұсқаушысы

Материал тақырыбы: «Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу»

Білім беру саласы:   Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:     Дене тәрбиесі

Тақырыбы:    Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу.                                   

Мақсаты:

Білімділік: Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, балалардың қозғалыс дағдыларын және қозғалыс тепе-теңдігін жақсарту.

Дамытушылық:_Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар арқылы балалардың қозғалыс координациясының дамыту. Балалардың қолдың, бастың, дененің және аяқтың қозғалыстарының үндесуін және оларды синхронды орындауға үйрету. Тепе-теңдік сақтап тақтайшалармен жүруге.

Тәрбиелік:    Жаттықтыру.

Керекті құралдар:Құрсаулар, тақтайшалар, сылдырмақ, үн таспалар.                                  

Әдіс-тәсілдері:       Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, нұсқау беру, мадақтау.

 

Әрекет кезеңдері

                Тәрбиешінің іс-әрекеті

          Балалардың іс-әрекеті

  Мотивациялық     

     қорғаушы

 

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Амандасу (үш тілде)

3.Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; екі сапқа тұру, шеңбер бойымен жүгіру, шеңбер бойымен отырып жүру, екі шеңберге бөліну, бір саптан екі сапқа бөлініп жүру, қаздарша жүру.

 

-Бір қатар сапқа тұрып қонақтармен амандасады.

– Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; екі сапқа тұру, шеңбер бойымен жүгіру, шеңбер бойымен отырып жүру, екі шеңберге бөліну, бір саптан екі сапқа бөлініп жүру, қаздарша жүру жаттығуларын орындайды.

 

                                                    Іздену-   ұйымдастырушы

Құрсаумен ырғақты-гимнастикалық орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

 

1.«Шатыр» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды жоғары, төмен түсіру арқылы, оңға, солға бұрылу. Құрсауды желпіту арқылы оңға, солға бұрылу. Б.қ. келу. (5-6 рет).

2.«Көбелек» жаттығуы. Б.қ. н.т., Құрсауды жаурынға қойып оңға, солға бұрылу.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

3.«Шәркей» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсаудан оң және сол аяқтың ұшын кезекпен шығару. Құрсаудан қос аяқтап кезекпе кезек шығару.

 Б.қ. келу. (5-6 рет).

4.«Отшашпақ» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оң жаққа қойып, жоғары көтеріп, төмен түсіру арқылы оңға, солға бұру.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

5.«Сегіздік» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оң жаққа қойып, жоғары, төмен түсіру арқылы, оңға, солға бұру.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар әуен ырғағымен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындай алады.

 

 

 

6.«шарлар» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оңға, солға домалату. Б.қ. келу. (5-6 рет).

7.«Белдемше» жаттығуы. Б.қ. н.т., Құрсауды белден айналдыру.  Б.қ. келу. (5-6 рет).

8.«Секіру» жаттығуы. Құрсаудан аттап секіру.

9.«Отшашпақ» жаттығуы. Б.қ. отыру, құрсауды тіке ұстап оң және сол аяқты кезекпе кезек көтеріп, түсіру. Қос аяқты кезекпе кезек тіке көтеріп, түсіру. Б.қ. келу. (5-6 рет).

10.«Алға ұмтылу» жаттығуы. Б.қ. денені тіке ұстап отыру. Денені төмен иіп, құрсауды алға созу, денені тіке ұстап, құрсауды өзіне тару.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

11.«Баспа» жаттығуы. Құрсаумен аяқты жоғары көтеріп түсіру. Құрсаудың ортасына аяқты салу. Б.қ. келу. (5-6 рет).

12.«Қайың құрсау» жаттығуы. Құрсаудың ортасына аяқты кезекпен кезек көтеріп, түсіру.  Б.қ. келу. (5-6 рет).

13.«Қайықша» жаттығуы. Етпетінен жатып, құрсаумен аяқты жоғары көтеріп түсіру.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

14.«Қорапша» жаттығуы. Етпетінен жатып, аяқты жоғары көтеріп, құрсауға аяқты іліп жату. Б.қ. келу. (5-6 рет).

15.«Құрбақа» жаттығуы. Құрсаудың ортасына бүктеліп жату.

 

Негізгі қимылды жаттығулары.

 

1.Тақтайшалардан тақтайшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіру.

2.Таяқшалармен жүру.

3.Құрсаудың ортасынан көлденең қапталдап өту.

 

Нүктелі массаж жаттығулары.

Мақсаты: Нүктелі уқалау – өз ақзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі.  Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға, денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.

Шарты: Массажды жасағанда денені қатпарландырмай, тартып, созып тұрып жасайды. Алдымен алақанымызды ысқылап қыздырып аламыз.

Қысып ұстау – Алақанның арасында қысып ұстау арқылы орындалады. Биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап, езгілейді. Сондықтан қабылдауға екі трек жағынан салып, екінші қолымен қатты басу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар қызығушылықпен, татулықпен берілген жаттығуларды дұрыс орындап шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтайшалардан тақтайшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіріп, тақтайшалармен жүріп, құрсаудың ортасынан көлденең, қапталдап өтіп негізгі қимылды жаттығуларын орындай алды.

 

 

 

 

 

 

-Нүктелі массаж жаттығуларын қызығушылықпен орындайды.

 

Ысқылау: 

1.Бұл тәсілде алақанға батыра ұстап тұрып шыр айналдырады. 

2.Оң алақанымызға жаңғақты 3 рет сағат тілімен, содан соң сол алақанымызға жаңғақты 3 рет сағат тілімен орындалады

3.Енді осы жаңғақты оң саусақтарымен 3 рет сағат тілімен, сол саусаққа қойып орындалады.

4.Осы жаттығуларды саусақтың сырты жағымен орындау.

Қимыл-қозғалыс ойыны:«Жұбыңды тап»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдылыққа, қызыға ойнауға баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды қарым-қатынас, ұжымда ойнай алуға тәрбиелеу.

Шарты: Балалар құрсаумен шеңбер жасап тұрады. Нұсқау берілгенде сан ретіне қарай жүгіріп келіп, шеңбер бойымен , ия құрсау ішінде жұптасып үлгеру керек. Жұптаса алмаған бала ойыннан шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ойынды жұптасып ойнайды.

            Рефлексті   коррекциялаушы

 

Тыныс алу жаттығулары:

 

Мақсаты: Зат алмасуын үдетеді, тыныс алу тереңдігі, жиілігі, өкпенің қимылы, кеуде қуысының дем алуға қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге, адам денесінде болып отыратын зат алмасулары артады.

-Жәй жүру, сапқа тұру.

 

-Қорытынды.

-Мадақтау.

 

 

 

 

-Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

 

-Жәй жүріп, сапқа тұрып, берілген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:                                        

 

Нені білуі керек: Әуен ырғағымен жүру, жүгіру дағдыларын орындауды.

 

Нені игереді: Таяқшалардан таяқшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіруді, тақтайшалармен жүруді.

 

Нені біледі: Нұсқау бойынша жалпы жетілдіру жаттығуларын орындайды.                                                                                               

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *