Қазақстандағы қорықтар
Майра Тайтәлі
Бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис |
Мектеп: Қ Аманжолов |
|||||
Күні: 29.01.2019ж |
Мұғалім: Майра Тайтәлі |
|||||
Сынып: 8б |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстандағы қорықтар |
|||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
8.2.4.1.- тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдайды. 8.4.4.2.- тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана алады. |
|||||
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы: Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтін мен берілген кестедегі мәліметтерді талдайды. Оқушылардың көпшілігі:Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана алады. Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша ақпаратты шығармашылық жұмыстарда және сұхбатта еркін қолдана алады. |
|||||
Құндылықтарды игерту: |
Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. |
|||||
Пәнаралық байланыс: |
Тарих, өлкетану, география |
|||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
PowerPoint таныстырылымы. |
|||||
Бағалау критерии |
– Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдайды. – Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана алады. |
|||||
Тілдік мақсаттар: |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, 1926 жылғы шілденің он төрті, табиғат ескерткіші, Ақсу мен Жабағылы өзендері, Қырғызыстан, Өзбекстан, қорықтың аумағы, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би, Бәйдібек аудандары, Жамбыл облысының Жуалы ауданы, Сайрам шыңы, «Ақтүйе өлген» Бұғылытұр шыңы, бұғылыр,120км. Сыныптағы диолог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Менің ойымша, ендеше, келісемін, басқа мәліметтермен салыстырғанда, жолдастарымның пікірінше, ғалымдардың пайымдауынша, ақпараттарға сәйкес, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынадай, өзекті мәселе деп ойлаймын. |
|||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Қазақстан аумағында орналасқан қорықтар туралы білетін мәліметтерімен бөліседі |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||
Сабақ басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағымды жағдайды қалыптастыру «Тілектер шеңбері» Мұғалім: «Шеңбер болып тұрып әуен ырғағымен билей жүріп алдымыздағы сыныптасымыздың арқасына үлестірмелі кеспе қағазды қойып, тілек жазамыз және оны алдымыздағы оқушыға оқып береміз. Осы қағазда бейнеленген суреттерге қарап екі топқа бірігеміз » І топ: «Ақсу -Жабағылы » ІІ топ: «Марқакөл »
«Досыңа қоңырау» әдісі. Бұл әдіс белсенділігі төмен оқушыны жұмысқа тартуға көмектеседі.Сұраққа жауап бере алмаған оқушыға өзі үшін досының жауап беруін өтінуіне мүмкіндік беріледі. Соңынан досының жауабы негізінде сол сұраққа өз жауабын тұжырымдайды. Әдіс сынып белсенділігін арттырып, ортада туындаған қолайсыздықтың жойылуына, оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, жан-жақты қолдауға ықпал етеді әрі үй тапсырмасын тексеруге ыңғайлы тәсіл болып табылады. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы Топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Шапалақты бір ұрса жауап – орта деңгей Шапалақты екі ұрса жауап – жақсы деңгей Шапалақты үш ұрса жауап – өте жақсы деңгей Кері байланысты ауызша беремін Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушылар оқылым мәтінімен танысады. Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды. Сұрақтарға жауап береді: 1. Жергілікті жердің табиғи қалпын сақтап қалу үшін қорықтар ашудан басқа не істеуге болады? 2. Жануарлардың бейнесіне ұқсастырып аталған тағы қандай жер-су аттарын білесіңдер? Тапсырма Оқылым алды: «Мина алаңы» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнына қатысты ой қозғау сұрақтарын қоямын және де сұрақтарды жерге шашып тастап, көзі байланған оқушы басып кеткен сұраққа жауап береді. (сұрақтар жеңілден күрделіге қарай негізделеді ) 1. Қорық дегеніміз не? 2. Қазақстанда қанша қорғалатын аймақтар бар? 3. Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастырудағы көзделген негізгі мақсаттарды атап беріңіз? 4. Палеонтология- қандай ғылым? Оқылым тапсырмасы: Шығыс Қазақстанда Марқакөл деген табиғаты әсем көрікті жер бар. Тіпті сонда республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық орналасқан. Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Аңыздарға сүйенсек, Марқакөлдің атауы туралы да қызықты әңгімелер бар. Марқакөл қорығының табиғат байлығын, оның таңғажайып сұлу көрінісін қазақтың көрінекті жазушысы Ж.Аймауытов «Ақбілек» атты романында ерекше атап көрсеткен. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Және, бұл мекенді көрген адам сұлу жер туралы аңызды да біле жүргені абзал. (І нұсқа) Ерте кезде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Бұл жерде алуан түрлі әсем жасыл шөптер өскен екен. Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты бір орнында тұра алмай, қатты мазасызданыпты. Бір кезде су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген қозы-марқалары су астында қалып қойыпты. Осыдан барып пайда болған көл «Марқакөл» деп аталыпты. (ІІ нұсқа) Бұл оқиға ертеде болған. Таулардың арасындағы жазықта кішкентай ғана таза бұлақ сылдырап ағып жататын. Әкесі мен ұлы бағатын қойлар осында су ішуге келетін. Олардың отарында бір кішкентай марқа қозы болушы еді. Бір күні сол қозы бұлақтан су ішуді ойлайды. Кенет оны су тарта бастайды. Мұны көрген бала марқаны құтқаруға жүгіреді. Бірақ қанша тырысқанымен шамасы келмейді. Содан соң көмекке әкесін шақырады. Олар екеулеп тартып жүріп, ақыры қозыны құтқарады. Сол кезде бұлақтан су атқылап кетеді де, бүкіл жайылымды басады. Сөйтіп, көл пайда болды. Содан бері бұл көл «Марқакөл» аталып кетті. Дескрипторлар: – Мәтін мазмұнын түсінеді; – Мәтіннің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыра талдайды . Оқушылар жұмыстарын өзара бағалатады. Өзге топтар өз кезегінде жұмыстың орындалу барысын бағалайды. Әр топ өз ұстанымдарын дәлелдейді. |
Дидактикалық материал 1,
|
||||
Сабақ ортасы
|
Тілдік мәлімет беріледі. Пысықтауыш Пысықтауыш- етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындап тұратын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер: үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық сын есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс,барыс,шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер. Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1. Іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, сын-қимыл, себеп, мөлшер жағынан пысықтап тұрады. 2. Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен?т.б. сұрақтарға жауап береді. 3. Байланысу түрлері- меңгеру, жанасу және қабысу.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: 2-тапсырма: Суреттерге қарап, Ақсу-Жабағылы қорығының табиғатын сипаттап, «Еркін жазу» әдісімен мәтін (сөз саны 50-60) жазады. 3-тапсырма: Жазылым мәтініндегі тұрлаулы мүшелердің астын сызады.
Дескриптор : – «Еркін жазу» әдісімен мәтін жазады; – Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдана алады. Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.
|
Мәтін жазылған үлестірме қағаз; Дидактикалық материал 2, Таймер
|
||||
Сабақ соңы
|
Рефлексия: «Гүлдер» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды. Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі, олар сабақ қорытындысы бойынша көк түсті гүлді ең көп көмектескенге, ақ түсті сыпайы оқушыға, қызыл түсті ең жақсы тыңдай білген сыныптасына береді. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
Үй тапсырмасы: Қазақстандағы басқа да қорықтар туралы ізденіп, публицистикалық стильде «Қорықтар- табиғат жанашыры» тақырыбында мақала жазады. |
«Гүлдер» әдісі, қағаздан жасалған,ОӘК материалдары
|
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. «Артық болмас білгенің » айдарымен берілген мәліметті оқып, «Дербес пікір жазу » әдісімен ой қорытады. |
Оқушылар бір-бірін дискрипторларарқылы бағалайды.Сол арқылы кері байланыс беріледі. |
Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. Биология, Жаратылыстану, Өлкетану. |
||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|