Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Айгүл Халбекова

Күні:27.09.2019ж

Пәні: әдебиет

Мұғалімі: Айгүл Халбекова

Сынып: 8г

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дананың сөзі –ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж1- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік мазмұнын талдау

 

Сабақ мақсаты:

Шығарманың сюжеттік желісіне, жанрына талдау жасату

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

– Тіл мен мәдениет;

– Өмір бойы білім алу;

– Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

– Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, денешынықтыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электронды оқулық, интерактивті тақта

Бағалау критерийлері:

Шығарманың сюжетіне,жанрына талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар:

Сопы, хикмет, диуан, ақиқат, адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық

1. Ахмет Иасауи кім? (ойшыл, ұстаз,ақын,діни ағартушы, сопылық пірі)

2. Ахмет Иасауи жеті жасында кімді пір тұтты? (Арыстанбаб)

3. Ахмет Иасауидің көлемді шығармасының аты? (Диуани хикмет)

4. “Диуани хикмет” қай жылы кітап болып шықты? (1878 ж)

5.Қанша жыл өмір сүрген? 73 жасында қайтыс болған

 

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: сопылық поэзия жайында,оның өкілдері туралы біледі.

Оқушылардың көбісі: хикметтердің жанрын, сюжеттік желісін анықтайды.

Оқушылардың кейбірі:таныс емес ақпараттарды зерттейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қорқыттың нақыл сөздерінің құндылығы

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс

 

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын туғызу. «Май шам» әдісі

Шеңбер бойымен тұрып, жағылған май шамды бір-біріне өткізе отырып,жақсы тілектерін жеткізеді.

«Санамақ » әдісі арқылы топқа бірігеді.

І топ:

ІІ топ:

ІІІ топ:

 

Сабақтың ортасы

«Таза тақта» әдісі

-өтілген тақырыптар бойынша әр топ бірнеше сұрақтар дайындайды;

-дайын сұрақтарды тақтаға іледі;

-сұрақтарды топ мүшесі оқиды;

-жауап алынған сұрақ тақтадан алынады;

-осы ретпен топтар жалғастыра береді (сұрақтар қайталанбауы керек).

Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау

 

Оқулықпен жұмыс: Оқулықта ұсынылған өмірдерек негізінде жұмыс жүргізіледі.

«Үш жақты күнделік толтыру»әдісі. Дәптерге жазу.

Жүзеге асыру қадамдары:

І қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.

ІІ қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке мәтін күнделік  толтырады.

ІІІ қадам: Жұмыс нәтижесін топта талқылайды.

Мәтінен ерекше әсер еткен  немесе ой салған дәйексөз келтіру.

Жеке түсінік беру.

1. Осы дәйексөздерді жазуға не мәжбүр етті?

2. Қандай ой тудырды?

3. Осыған байланысты қандай сұрақ туды?

«Мұғалімге хат»

Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

          әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік мазмұнын талдайды.

Мұғалім ауызша кері байланыс береді.

 

Сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?»

Оқушыларға  сөйлемдер немесе сөздер беріледі, жауап ретінде пайдаланып осы сөйлемдерді немесе сөздерді алу үшін сұрақ қандай болатыны сұралады.

 

1. «Диуани хикмет»                                                                                          Ахмет Иасауидің еңбегі қалай аталады?

2. Испиджабта                                                                                           Қожа Ахмет Иасауи өзінің әйгілі еңбектерін қай қалада жазған?

3. Көрнекті дін қайраткерінің                                                                       Ахмет Иасауи қандай отбасында дүниеге келген?

4. Бахаул-дин Испиджаби                                                                                Қожа Ахметке алғаш білім берген ұстазы кім?

5. Орта Азиялық түркі тілінің қыпшақ диалектісінде

Диуани хикмет» қай тілде жазылған?.

 

 

 

 

 

 

 

Ахмет Йассауи туралы ақпараттарды және Хикметтерін оқытып,таныс болған соң «Дана үкілер» әдісімен талдау жұмыстарын жүргізу.

«Дана үкілер» әдісі бойынша:

– Йассауи туралы ақпараттан және хикметтерден негізгі(жаңа) ұғымдарды тауып,оларды алфавиттік ретпен жазу.

– Жаңалық болған ақпаратты жазу.

– Маңызды өмірлік даналық. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіру.

– Таныс және таныс емес.

– Иллюстрациялық бейнелеу.

– Үлгі боларлық қорытынды.

 

«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы

Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет және «Диуани хикмет»  мазмұнын тірек сызба немесе сурет, сөз арқылы көрсетіңдер,толғаудың сюжетіне талдау жасаңдар  және мазмұндаңдар.

1.Топ ішінде талдайды.

2.Таныстырылым жасайды.

Дескриптор:

                     әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік мазмұнын талдайды.

                     сопылық поэзия жайында,оның өкілдері туралы біледі.

                     хикметтердің жанрын, сюжеттік желісін анықтайды

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»

 

https://bilim

land.kz/kk#les

son7906

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті

8 сынып

АрманПВ 2018ж

 

Сабақтың соңы

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *