Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде интеграцияланған оқыту (ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту әдістемесі TBLT, BOPPPS, CLIL)

Маңғыстау облыстық медицина колледжі

(Әдістемелік кеңес)

Дайындаған: Колледж басшысының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Берсиева М.Е

Сабақты BOPPPS моделі бойынша жоспарлау

BOPPPS (КМАБЖҚ) – сабақты алты этапты жоспарлау моделі:

Bridge-in көпір  салу (К)

Objective мақсат және нәтиже (М)

Pre-assesment алдын-ала бағалау (А)

Participatory Learning белсенді оқыту (Б)

Post-assesment Жалпы бағалау (Ж)

 

Summary   қорытындылау (Қ)

1.Bridge-in көпір  салу (К)

     Бұл компонент оқу циклын бастайды, студенттердің зейінін шоғырландырады, мотивация береді, жігерлендіреді.

 

     Студенттер сабақтың мазмұны туралы, сабақта қандай ақпарат берілетіні туралы хабардар болады.

Objective мақсат және нәтиже (М)

 

Оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтайды: оқытушы студенттің сабақ соңында қандай деңгейде, қандай шарттарға сүйене отырып, нені білуі, бағалай білуі және жасай білуі тиіс екенін түсіндіреді.

3. Pre-assesment алдын-ала бағалау (А)

Сабақтың бұл этапы мынадай сұраққа жауап береді: “Студент сабақтың тақырыбы бойынша алдын-ала не біледі?”
Алдын –ала бағалау арқылы мыналарды анықтауға болады:
– Студенттердің қызығушлықтарын
– Топта ақпарат көзі болып саналатын студенттерді анықтау
– Әр студенттің жеке әлсіз жақтары мен күшті жақтарын анықтайды

4. Participatory Learning белсенді оқыту (Б)

  Модельдің бұл бөлімі студенттер оқыту процесіне белсенді араласатын  сабақтың ең мазмұнды бөлігі болып саналады. Алдын ала жоспарланған бірізділік сақтала отырып студенттердің берілген мақсатқа жетуін және қажетті нәтиже көрсетуін қамтамасыз етеді.

5. Post-assesment Жалпы бағалау (Ж)

– студенттің сабақ барысында күтілген нәтижеге қаншалықты жеткенін көрсететін негізгі көрсеткіш.
Жалпы бағалау мынадай екі сұраққа жауап береді:
– студенттер нені меңгерді?
Қойылған мақсатқа жетті ме?

6. Summary   қорытындылау (Қ)

     Студенттерге оқу циклын, сабақты бекіту кезінде оқытуды интеграциялауға, кері байланыс (рефлексия) жасауға мүмкіндік береді.

ІІ. Коммуникативтік тапсырмалар әдісі

  ТВLT әдісінде тіл – үйрену емес, жаттығуды орындау құралы болып табылады. Яғни нәтижеге жету үшін қолданылатын коммуникация құралы болып саналады.

TBLT әдістемесінің құрылымы

Pre-Task (Алдын ала берілетін тапсырма)
Task  Cycle (Негізгі тапсырма)
Post Task (Қорытынды тапсырма)

 

Task Cycle (Негізгі тапсырма)
Үйрену қажет мақсатты тілді қолдана отырып тапсырмаларды орындау
Жұптық, топтық белсенділік
Жоспарлау, есептілік және презентацияның (таныстырылым) маңыздылығына қарай біртіндеп орындалуы
Post Task (Қорытынды тапсырма)
Тапсырмалы талдау. Жалпы сөздер мен сөз тіркестерін идентификациялау және классификациялау, таңдау. Топтағы тілді және сөз тіркестерін пайдалану тәжірибесі. Жеке сөздіктерді құру
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *