“Алтын күз”
«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы»
Ертеңгілік:
«Алтын –күз !»
«Ботақан» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Ермуханова А
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар,халайық,
Бармысыздар ,халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіздерме, құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға ортаңғы «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!
(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарына жайғасады.)
Ән: «Алтын күз»
Сөзі мен әні: Бота Бейсенова.
Ортаға жемістер мен көкіністер шығып өздері туралы тақпақтар айтып береді:
Исабек:
Дөп дөнгелек сап-сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Менің атым өрік.
Айша:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Аян:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз, тәттіміз.
Аружан:
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ, сақтаймын.
Әмір:
Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Аяулым:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Раяна:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсындар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім!
Жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп, – биімен ортаға ұлдарды шақырамыз.
Би: «Кап кап –тук тук»
Жарайсыңдар балалар бір тынығып алдық.Балалар «Алтын күз»мерекесіне жиналдық.Ата –аналарымызда келді.Бірақ бізде кім жетіспейді.Сендер білесіңдерме ол кім?
Балалар : Ол күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ендеше күз ханшайымын шақырайық.
(Сиқырлы әуен ойнайды. Балалар тыңдайды. «Күз ханшайымы» кіріп келеді.)
Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Мен Күз ханшайымымын,
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
– Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсің!
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе, «Күз ханшайымы»
Күз ханшайымы: Балалар, сендер менің күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?
Балалар: Сары жапырақтарыңыздан.
Жүргізуші: – Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Ендеше біздің балаларымыздың аналары жасаған күздік киім үлгілерін тамашалайық.Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:Балалардың дайындаған тақпақтарың тыңдаңыз:
Тақпақтар:
Ғаламат:
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша ,
Қандай әсем күз.
Сымбат:
Күз келгенде тамаша,
Ән саламыз жараса.
Жеміс -жидек піскенде,
Жейміз оны таласа.
Ақылжан:
Алақай, алақай !
Шаттанады балақай.
Береке- салтты күз,
Мереке- алтын күз.
Муслим:
Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке,
Айназ:
Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ойын: «Дәмін ажырат».
Ойынның шарты: Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында,- деп, біздің кішкентай биші қыздарымызды «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар.
Би: «Жапырақтар.»
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береді:
Аягөз:
Сарғайды тоғай,
Сап- сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Нұрсезім:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша ,
Қандай әсем күз.
.
Нұрланқызы Сымбат:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан, жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жангүлім:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Байәмір:
Күздің қазан айында,
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Жүргізуші: Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар,ол сонымен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
(Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.)
Күз ханшайымы:Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Ботақан» тобының «Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Сау болыңыздар!