“Ұзын-қысқа” ұғымдары
«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы
Тақырыбы:
«Ұзын-қысқа ұғымдары»
(ашық оқу қызметі)
Тәрбиеші: Жанханова Ш
2019-2020 оқу жылы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі : ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Ұзын-қысқа ұғымдары»
Мақсаты:Ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру, беттестіру, бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыру
Білімділігі: Алған білімдерін тиянақтау
Дамытушылық: Көз мөлшерді дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа байқағыштыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс:ұзын, қысқа, жиһаз.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, слайд көрсету, ойындар
Билингвальді компонент: ұзын-длинный, қысқа-короткий.
Көрнекі-құрал: үлестірмелі материалдар.
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер: Армысың алтын күн, армысың ашық аспан Армысың менің достарым, қуанатын күн бүгін Здравствуй солнце золотое, здравствуй небо голубое Здравствуйте мои друзья, очень рад вас видеть я
|
Шеңберге тұрып,шаттық шеңберін орындайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденшілік |
Ғажайып сәт: топқа дымбілмес келеді(қолында шары бар)
Дымбілмес: сәлем балақайлар. Мен ештеңе білмеймін, сендерден бірнәрсе үйренгім келеді Дымбілмеспен тренинг Шардағы сұрақтар: 1.Жыл мезгілін ата? Күз-осень, күз туралы тақпақ, күздің ерекшеліктері 2. Слайдтан жаңа сабақ Слайд көрсету, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру 3. Үлестірмелі материалмен жұмыс Балаларды 2 топқа бөліп, жұмыс жасату, түстерді айыру, қолдың ұсақ маторикасын дамыту мақсатында қақпақты бұрау
Сергіту сәті: Оң қолыңды соз алға, үшбұрыш жаса ауада Сол қол босқа тұрмасын, шеңбер жасап зырласын. Қ/О: өз үйіңді тап! Балалардың қолына пішін таратып беру, әуен ырғағымен билеу, әуен тоқтаған кезде әркім өз қолындағы пішіндеріне байланысты жаңбырдан қашып үйлеріне тығылады.
|
Балалар таң қалады, дымбілместің қолындағы шарды жарады, ішіндегі сұраққа жауап береді
Балалар слайдтан көрген жұлдызқұртты тақтаға қайталап жапсырады түстерін атайды, ұзын-қысқа екенін айырады
Балалар іс-әрекет арқылы көрсетеді
Балалар қызығушылықпен ойынды ойнады |
Рефлексиялық түзетушілік |
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау Қонаққа кім келді? Қандай тақырыппен таныстық? Оқу қызметі ұнады ма?
Дымбілмеспен қоштасу
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау Смайлик тарату
|
Балалар сұрақтарға жауап берді Дымбілмеспен қоштасып ән айтып берді
Балалар қуанып қол шапалақтады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұзын мен қысқаны айыруды;
Игереді: Түстерді табуды, ұзын-қысқаны салыстыруды, өз үйлерін табуды;
Меңгереді: Геометриялық пішіндер туралы білімді;