Ғажайып күн шуағы
Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы
№ 3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша
Тәрбиеші : Уатаева Аманкүл
ІІ-санатты
Ашық ұйымдастырылған оқу-қызметі
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сенсорика
Тақырыбы:“Ғажайып күн шуағы”
Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер:көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ТРИЗ-технологиясы,дидактикалық ойындар
Көрнекілігі:күннің суреті,түрлі-түсті доптар,қорапшалар,теледидар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балаларды іс-әрекет |
Мотивация-қ қозғаушылық
Ұйымдастыру- шылық-ізденушілік
Рефлексиялық түзетушілік.
|
-Балалар,бүгін бізде қонаққа көп апайлар келді. Кәне келген қонақтармен амандасып алайық. -Сәлеметсіздер ме,апайлар! -Енді шаттық шеңберін орындап жіберейік
Шаттық шеңбері Топ-топ,топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса,жаса алтын күн, Жаса жаса жарқын күн!
-Балалар ,қараңдаршы ауа-райы тамаша болып тұр екен. -Аспанда не шығып тұр? -Дұрыс айтасыңдар күн шығып тұр. -Бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы “Ғажайып күн шуағы”. -Күн қандай болады?(Дөңгелек,үлкен,ыстық) -Күннің түсі қандай? -Күннің көзі жарқырап шыққан кезде табиғатқұлпырып,гүлдер,шөптер,құстар,жануарлар,адамдар ұйқыдан оянады және өздерін қуанышты сезінеді. -Балалар,аспанда күн болмаса,дала қандай
болады? -Күн бізге,жерге жылуын шашып тұрады. ТРИЗ-әдіс арқылы күннің шуағын,қыстырғыштар арқылы қыстырып шығу. -Балалар бізге қонаққа күн келіпті ол көңілсіз екен оған көмектесеміз бе шуақтарын табуға? -Балалар сендер күнге шуақтарын тауып беріңдер.Сол себепті күн бізге ойын алып келіпті. Дидактикалық ойын: “Түстерді ажырап” Шарты: Себеттегі доптарды,үш түрлі қорапшаға түстеріне қарай ажырату.
Сергіту сәті: Теледидар арқылы қимыл-қозғалыс арқылы жасау.
Дидактикалық ойын: “Ғажайып күй” Шарты: Көптеген түрлі-түсті доптардың ішінен сары допты тауып тізбектеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.Белсене қатысқан балаларды мадақтау.
|
Балалар орындарынан тұрып апайлармен амандасады.
Балалар мәтінді қайталап қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.
Күн
Оқу қызметінің тақырыбымен танысады. Дөңгелек,үлкеныстық -Сары Суреттер арқылы түсінеді.
-Қараңғы,суық болады Суреттер арқылы тамашалау. ТРИЗ-әдісі арқылы балалар күнге шуақтарын қыстырғыштар арқылы жасап шықты. Балалар ойынға қызыға қатысты.
Балалар себеттен үш түрлі қорапшаға түстерді айырып салып шықты. Қимыл-қозғалыс жасады
Балалар түрлі-түсті доптардың ішінен сары допты таңдап алып тізбектеп шеңбер жасап шықты.Тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді(Күн-дөңгелек,үлкен,сары)
|
Күтілетін нәтиже:
Білді: Күннің қасиетін,оның сәулелерінің көлемі мен пішінін.
Меңгереді: Түрлі-түсті доптарды ажыратып тануды,ойынның ережесін түсініп ойнауды.
Игерді: Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерді дамиды,табиғатқа деген сезімдерін қалыптасады