«Қысқы орманға саяхат»

Білім беру саласы:Коммуникация

 Ұйым. оқу қызметі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты:Балаларды табиғатты тамашалап,қыс қызықтарын айтып беруге үйрету.Сөздік қорларын,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс тәсәлі: Сөздік,көрнекілік,сұрақ жауап,ойын,жұмбақ жасыру.

 Шаттық шеңбер

Жарқын болсын өміріміз

Жаздың әсем таңындай

Таза болсын көңіліміз

Таудың аппақ қарындай.

Жаңа ашық оқу қызыметімізде ерекше күн.Бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр.Алдымен қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздерме!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс мезгілі.

Қыстың қай айы:Қаңтар айы. Қыс айларын кім атап береді.

Балалар: Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.

Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады.

Балалар:Қар жауады,боран болады,аяз соғады,күн мұздай болады,күн суытады,қыста аққала жасаймыз,шанамен сырғанаймыз..

Ғажайып сәт:Есік қағылып ішке аққала келеді,қолында ашық хаты бар.

Жүргізуші:Сәлеметсізбе Аққала қайдан жүрсіз.

Аққала:Мен келе жатыр едім,мына ашық хатты тауып алдым.Мен оқымадым, себебі мен оқи алмаймынғо.

Жүргізуші:Аққала қане мен оқып берейін.

Сәлеметсіңдерме балалар.Мен қорқақ қоянмын.Мен қыс мезгіліне азық жинаған жоқпын.Орманда қасқырлар көп,мен қорқып қысқы азығымды жинай алмай отырмын.Сәлемнен қорқақ қоян деп жазыпты.Балалар көмектесеміз бе?

Балалар:ия.

Жақсы онда орманға жолға шығайық.Балалар орманға тез жету үшін,Жаңа жылда айтққан әнімізді айтайық.(ән айтып тез жетеді)

Балалар қол ұстасып жүрейік.Орманда жыртқыш аңдар өте көп және де қар қалың,мінекей орманғада келіп жеттік.

Қанекей балалар қорқақ қоянды іздейікші.(Балалар қоянды табады)

Қоян:Сәлеметсізбе!

Сәлеметсіңбе қоянжан біз саған көмектесуге келдік,қысқы азығыңды жинап беруге.Балалар канекей қоянға сәбіз жинап берейік.Балалар қоянға сәбіз жинап береді.Қоян мәз болып рахметін айтады.

Қоян:Балалар сендер жаңа жылды қарсы алдыңдарма?Аяз атаны көрдіңдерме?Аяз ата сендерге сыйлық бердіме?Маған аяз атаға билеген билеріңді билеп беріңдерші.

Тәрбиеші:біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.Балалар қоянға би билеп береді.( Би билеп ән салып,тақпақ айтып береді)Балалар қоянмен коштасады.

Балалар енді Балабақшамызға қайтайық кеш болып кетті.(Балалар балабақшаға әндетіп жетеді.)Балалар біз орманда көптеген аңдарды көрдік.

Дид ойын:

Шыршаныңың көленкесін бояйды.Бояған суреттерін қоянға сыйлайды.Қоянмен қоштасады.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Қортынды  ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімізде біз қай мезгілді әңгіме еттік.Балаларды мақтау мадақтау.

Балалар бізге кім келді?

Біз қайда бардық?

Орманға неге бардық?

Қоянға не жинап бердік?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *