Ашық сабақ “Төрт түліктің пайдасы”
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ №32 |
Мектеп: №3 мектеп-гимназиясы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова Ж.Ж. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Төрт түліктің пайдасы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
О7 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау А5 Диалогке қатысушылар коммуникативті жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші – тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Мәтін мазмүнын түсініп, сұрақтар құрастырады. Көптеген оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқылым мақсаты бойынша: ü мәтін мазмұнын түсінеді; ü нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі |
Бекіту сабағы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология: киелі жануарлар, атбегі, ел қорғаған, жан серігі, ажырату, жүйрік, асыраушысы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар |
Жауапкершілік (жұптық, топтық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады) Құрмет (жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
тарих, әдебиет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 минут
Қызығушылығын ояту кезеңі
3 минут
№1 флипчарт
№2 флипчарт
3 минут
№3 флипчарт
7 минут
№4 флипчарт
№5 флипчарт
№6 флипчарт
7 минут
№7,8,9,10,11,12 флипчарт
№13 флипчарт
5 минут
№14 флипчарт
№15 флипчарт
7 минут
№16 флипчарт
№17 флипчарт
3 минут
Рефлексия Сабақтың соңы 2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды түгендеу Ынтымақтастық орта қалыптастыру
1.Балалар, бері қараңдаршы. Мына жерде күннің суреті ілулі тұр. Ол күнге не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар? Ол күнге, әрине, күннің сәулесі жетіспей тұр. Олай болатын болса, сендердің алдарыңда күннің сәулесі жатыр, сол сәулеге бір тілектен жазып күнге жабыстырыңдар.. Міне оқушылар күніміз күлімдеп, жайнап шыға келді. Әрқашан біздің де әр күніміз күндей жарқырап тұрсын!
(Оқушыларға бағалау парақтарын тарату) Бағалау парағы (5 балл) Оқушының аты-жөні:———————————————
2.Тақырыпты болжау
Оқушыларға тірек сөздер мен иллюстрациялық суреттер ұсынамын.. 1/ деген жануар, Түзде жүрсе семірер.
2/ Түйе жайылады, күйіс қайырады.
1/ Құстың бәрі болмас, бәрі дүлдүл болмас.
2/ –аң патшасы, Жылқы – мал патшасы.
1/ сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді.
2/ Малды бақсаң, сиыр бақ, кетпейді шарадан.
1/ Бір туса, бір түп жусан артық өсер.
2/ Мал өсірсең, өсір, Өнімі оның көл-көсір.
Берілген тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжаңдар. Сабақ бойынша қандай оқу мақсатын қояр едіңіздер? – деген сұрақты ұсынамын. «Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Төрт түліктің пайдасы. Біз өткен сабақтарда төрт түлік малға не жататынын айтқанбыз. Ал енді олардың адамға қандай пайдасы бар екені жайлы білетін боламыз, бейнекөрсетілім, оқулықтарың бойынша мәліметтер алып, солар бойынша өздерің сөйлеп үйренесіңдер, білімдеріңді ары қарай кеңейтесіңдер. Сонымен бірге ауызша, жазбаша жаттығулар орындайсыңдар 3.Балалар, осы тақырыпты толығырақ білу үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Жануарлар неше топқа бөлінеді? – Жануарлар екі топқа бөлінеді.Үй жануарлары және жабайы жануарлар. 2.Үй жануарларын қалай атаймыз? – Төрт түлік. 3. Төрт түлік деп нені айтамыз? – Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. 4.Не себепті олар «төрт түлік» деп аталады? -Өйткені олар төртеу, адамға өте пайдалы жануарлар. .
4. Сынып үш топқа бөлінеді. І топ: – “ҚОЙ” түлігі. 1.1. Берілген жұмбақ жауабын тауып, үш тілде айтыңыздар. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Жауабы: қой, баран, ram. ІІ топ – “СИЫР” түлігі. 2.1.Берілген жұмбақ жауабын тауып, үш тілде айтыңыздар. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт жаптырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. Жауабы: сиыр, корова, cow.
ІІІ топ – “ЖЫЛҚЫ” түлігі. 3.1.Берілген жұмбақ жауабын тауып, үш тілде айтыңыздар. Қамыс құлақ, тоқсан тұяқ, Мінсең – қанат,сүті – дәрі, еті – тамақ. Жауабы: жылқы, лошадь, horses.
5.«Микрофон» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру;
Төрт түліктің пайдасы (мұғалімнің сөзі)Мұғалімнің сөздерін оқушылар жалғастырады Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған. Төрт түліктің төресі – түйе. Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім. Түйе – таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді ..
6. Сөздік жұмысы:киелі жануар-священное животное;шыдамды-выносливый,крепкий;жүк-груз;жұн-шерсть;жан серігі-спутник;асыраушы-кормилец;өсімтал-плодовитый;құнарлы-плодородный;төзім-стойкость,выдержка
7. Видеобейне көру «Төрт түлік жануармен танысу» Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындау. Төрт түлік төлдері қалай аталады? Жылқы төлі – ….құлын………. деп аталады. Түйе төлі – ………бота………. деп аталады. Сиыр төлі – ………..бұзау……. деп аталады. Қойдың төлі – …қозы…. , ешкі төлі – ………… деп аталады. Төрт түлік қалай дыбыстайды? Жылқы …….кісінеді………… . Түйе ……….боздайды………….. . Сиыр ……мөңірейді…………….. . Қой ………маңырайды…. , ешкі ………маңырайды… . Төрт түлікті қалай шақырады? Жылқыны .. құрау –құрау. деп шақырады. Түйені …. көс-көс. деп шақырады. Сиырды .. әукім/әукім. деп шақырады. Қойды … пұшайт –пұшайт. . деп, ешкіні ..шөре-шөре.. деп шақырады. Төрт түліктің пірі:
8.Топтық жұмыс:грамматикалық тапсырма І топ – «Лағымның»деген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар ІІ топ-« Қазақ халқы жылқыны үнемі көлік ретінде пайдаланады.»деген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар ІІІ топ- -«Түйе» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар
9.Топтық жұмыс:мәтін бойынша постер жасау,қорғау І топ–төрт түлік туралы мақал – мәтелдер ІІ топ-төрт түліктің бір түрі туралы ән айту ІІІ топ-диалог құру
10.Қорытынды «ПОПС»формуласын қолданып,өз пікіріңді дәлелде Бірінші сөйлем. «Менің ойымша…». Екінші сөйлем. «Себебі мен оны …деп түсінемін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ….деген фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын». Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен …деген шешімге келдім». 11.Үйге тапсырма: «Төрт түліктің пайдасы»тақырыбына эссе жазу (90 сөз) 12.Сабақ бойынша кері байланыс алынады.
|
Оқушылар тілек жазып жабыстырады. Кейбір оқушылар тілектерін оқиды
Сабақ тақырыбын болжайды
Сабақтың тақырыбы анықталып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері белгіленеді
Бағалау формасы «Смайлик» әдісі
Бағалау формасы «Бас бармақ»
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Бағдаршам түстерімен» бағалайды. Жасыл– дұрыс жауап; Сары – қосарым бар; Қызыл– бұрыс жауап, түзетемін.
Бағалау формасы «Шапалақ» әдісі
Оқушылар стикерлерді жабыстырады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||