Жалпыадамзаттық құндылық
Орындаған: Даутбаева Назгуль Турдыгазыевна
Мектеп: ШҚО, Аягөз қаласы “№3 жалпы орта білім беретін аралас мектеп” КММ
Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы
қажет және алмастыра алмайды да
Адольф Дистерверг
Қазақстандықтардың рухани -адамгершілік дамуын өзектендіру мәселесі елбасының бірнеше бағдарламалық баяндамаларының күн тәртібіне қойылып, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті -Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауларында барлық білім беру ұйымдарында оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту бойынша үлгілік кешендік жоспарын жүзеге асыу мақсатында әзірленді және де 27.01.2012 жылығы жолдауда “…Оқыту үдерісінің тәрбиелік ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында сінірілуі тиіс. Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік .
Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.
Қоғамның келешегі білім беру жүйесіне тәуелді, өйткені бүгінгі балалар уақыт өте келе елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.
Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылықтарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту барысында қоғам үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.
Қазіргі замаңғы білім беру баланы жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол жеткізуге бағыттайды, алайда мұндай табыс пен жетістікке қалай қол жеткізуге болады, бұл оған шынайы бақыт әкелетіні жөнінде немесе адамның шынайы бақыты туралы ойланыып, толғануға үйретпейді. Білім беру жүйесінде орын алып отырған нақты жағдаят адамгершілік құндылықтар бағасының төмендеуін, басылымдылықтардың материалдық игіліктер жағына ауысып бара жатқанын дәлелдейді. Адамның шынайы кұш -қайраты оның жақсы мінез-құлық көріністері және қайырымдылық әрекеттері болып табылады. Шындығында, қазіргі өркениеттегі жайлылықтың қарқынды өсуіне қарамастан әлемде тыныштық пен сенімділік жоқ. Мұның себебі адамның теріс әрекеттерінде жатыр. Білімді барынша меңгеріп, алайда руханият, қайырымдылық пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен мейірімділік жайлы ойланбаған адам өзін бақытты сезіне алмайды.
Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану” Бағдарламасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек”. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинктен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмекктеседі” деп санады. Заманауи білім беру үлкен көлемдегі ақпараттарды бере отырып, ақылдың қажеттіліктерін артығымен қанағаттандырады. Кейбір дағдыларды дамыту мақсатында қолға да басымдық береді. Шынайы білім беру жүрек, ақыл және қолды біріктіру тиіс. Баста пісіп жетілген ойлар, жүрекпен терең сезінілуі қажет, содан соң дұрыс шешімдерді қолда жүзеге асыруы тиіс. Шындығында, білім берудің мақсаты- баланы жан-жақты тұтас дамыту.
Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі беру Бағдарламасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.
I Негізгі бөлім
I . 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалау арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз.
Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған затты және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қандай құндылық қажет деген сұрақ туындайды.
Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді:
• Мен кіммін?
• Менің өмірдегі мақсатым не?
• Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:
Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.
Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады
Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс
Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.
Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.
Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.
2. Ақиқат құндылығының мәні.
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқада тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Адамның табиғаттан шындықты айтуға ұмтылу тумысынан берілген. Адам шындықты айтқан кезде оның сөздерінде күш пайда болады. Ал өтірік айтқанда,дәлелдерді бұрмалаған кезде оның сөздері күшін жоғалтады. Егер сөз ауыр болып, басқа адамның жүрегін жаралайтын болса, үндемеген дұрыс. Әр уақытта шындықты айту және ар-ожданыңмен әрекет ету-осы екеуі әр адам өзінің бойында дамытатын рухани адамгершілік қасиеттердің ең бастысы.
Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста.
Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана абсолюттік ақиқат бар. Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады.
-Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.
-Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.
Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін,бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
Ар-ождан – адамның өзін және болмысын сезіп-білуі. Ол – рухтың қалау, сезу, ұғу әрі үнемі шексіздікке ұмтылу секілді алға сүйрейтін қасиеттердің бірі.
Рухтың ерік-жігер, сезім, сана мен жүрек сияқты сезіп-білу құралдары ар-ожданның да маңызды негіздері болып табылады
Жалпыға тән ар-ождан қателеспейтін әрі адастырмайтын төреші секілді. Оның берген үкіміне бәрі риза болып, әміріне мойынсұнуы тиіс. Дау тудырған мәселелерде соңғы сөзді ар-ождан айтады
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әбу Нәсір әл-Фараби
Ақиқаттың өлшемі
Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? “Ақиқат елшемі” деп, әдетте, бір – қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:
1. Ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;
2. Құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.
Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты , енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, төртіншілер білімнің ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың өлшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім өзімен-өзі тұйықталады, ал ақиқатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мұндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық – тарихи үдеріс ретінде түсіндіретін материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика, ақиқат өлшемі ретінде көріне отырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы, объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қоса практикалык кызметтің жүзеге асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан туындайды, айқын жоспармен жүргізіледі. Бұдан практиканың ойластырылған, тұшынылған сипатта болатыны белгілі.
Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?
Қолында билігі немесе байлығы бар адамдарды жалған мақтау арқылы одан бірдеңе түсіп қала ма деген жалған үмітке бой алдырады. Сондай-ақ, өзін өзгелерге сыйлы етіп көрсету үшін жалған сөйлеп, жоқты бар деп айтатындар көп. Ең соңында, біреулердің көңіліне тиіп кетпейін, нем кетіп барады дейсің, иығынан қағып, өтірік мақтап қоя салайын, болмаса бассыздығын көрсем де «үндемеген үйдей бәледен құтылады» демекші, көрмегенсіп жүре берейін деген жымысқы ниеттен туған қадам бұл.
Ақиқатпен өмір сүру қиын, бірақ игілікті.
Қазақта «өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз бар. Өтірік өрге баспайды дейді. Жалғандықты серік еткен, өтірік сөйлеуге дағдыланған адам қысқа мерзімдік пайда тапқандай болғанымен, негізінен үлкен залалға ұшырап жатады. Бірақ, ақыл-санасын шел басқан ондайлар қателіктерін түсінуге қабылетсіз.
Ақиқат жолын ұстану адамға не береді?
Шындықпен өмір сүру қиын сияқты сезілгенмен, ол түбінде сізге игілік әкеледі. Өйткені, ақиқатты Алла жақтайды. Ал бар нәрсенің негізі Алла екендігі белгілі. Егер құдай ақиқатты жақтайтын болса, онда ақиқат жолын ұстанған пенденің екі дүниеде де игілікке кенелері даусыз.
Жалғандық деген жанған от,
Жандырады арыңды,
Жалған айтып жалынсаң,
Жан тыңдамас зарыңды
-деп ақын айтқандай, жалғандықты серік етсеңіз ақырсында үлкен өкініште қалып, ар-ұятыңызға сызат түспек. Жалғандықты серік еткен жан жалтақ, әрі әлсіз болып келеді. Ондай жан адамдардың бетіне тура қарай алмайды. Жалғандықты серік еткен жалтақ, әлжуаз пенделердің о дүниені былай қойып, осы дүниеде жолы болып, биіктерге жетуі екіталай. Сондықтан әрдайым ақиқатты ұстаныңыз және ақиқат жолымен жүруге тырысыңыз.