МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт- бағдар беру, озық іс- тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі.
Инновациялық іс- әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс – әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді.
Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Жеке бағытталған технологиялар:
– топтық оқыту технологиясы;
– Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
– Интерактивті оқыту;
– Ойын технологиялары;
– М.Монтессори технологиясы;
– Дамыта оқыту технологиясы;
– Мәселелік оқыту технологиясы;
– ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн.
Бірінші – инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы.
Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы бағалаудан тұрады.
Барлық педагогикалық инновацияларды балабақшада балалардың жас ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осы орайды, «Егер айтып берсең, ұмытамын. Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң, расымен, ұмытпаймын» деген ежелгі қытай ойшылы, философ Конфуцидің нақыл сөзі барша балақандардың тәрбиешіге жолдауы іспеттес деп айтуға болады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718