МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ
Бала ана тілінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани байлығын мұрат етеді. Одан арғы жерде тәрбиеленушілердің өз заманының ғылыми жетістіктеріне сай болуы – тәрбиешіге байланысты. Балаларға ана тілін оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ тәрбиешіге әдістеме теориясын ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу керек. Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де, олқылықтың да негізі бала кезде ,оның ішінде балабақшада берілетін білім мен дағдыға байланысты болады.
Сәбилер мен мектеп жасындағы балаларды өз ана тіліне үйрету –тәрбиешінің кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін,олардың зейінін, қабылдау мен есін, ой-қиял ерекшеліктерін, т.б.білу керек. Мысалы, алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, сабақ үстінде оның толқуы күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе болғандай, көлемі шағын болады. Оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Олардың зейіндері заттарды бақылап, олармен жұмыс жүргізу арқылы тәрбиеленеді.
“Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады”,-деген ұлы Абай өсиетімен өз ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні деп санаған белгілі неміс педагогы И.Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л.С.Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдамасымен үндесіп жатыр.
Суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда бала зейінінің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің түрлерін жиі өзгерту–олардың зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Мектепке дейінгі ес ерекшеліктері логикалық-сөздік байланыстардан қарағанда көрнекі бейнелердің басымдылығында. Сөздік материалды олар мағынасын түсінбестен, механикалық түрде жаттап алады. Қабылдау мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар:олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыруды ескерген жөн.
Мысалы, олар «сөз», «буын», «дыбыс» ұғымдарын шатастырады. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы үйретуге болады. Мұнда тек әріп дыбыс,буын,сөздерді ғана салыстырып қоймай,заттар мен құбылыстарды да салыстыруға болады. “Тауықты құстар қатарына қосамыз ба?”- сұрағы арқылы, ”Егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неге құстар қатарына жатпайды?, т .б.салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Қиыншылық кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқармайды. Екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиыншылық кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Бұл ойлардан шығатын қорытынды-сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды балаға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Оларды түрлендіру, көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Балалар сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін сурет, кесте әліппе, т.б. көрнекіліктердің пайдасы мол. Соңғыларын ойын ретінде де пайдалануға болады. Ескеретін жай – шектеу. Себебі, бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын кез-келген суретті ұсына беруге болмайды (олар тіпті ашық бояулармен әдемі әшекейленген болса да). Басы артық көрнекілік балалардың зейінін тұрақтандырып, жинақтауға көмектесудің орнына баланы алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін. Ал осы жастағы балалардың тілін дамыту мәселесі маңызды жұмыс екені талас туғызбас. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселесі Т. Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстары баланың балабақша табалдырығын аттаған сәтінен бастап, балабақшадағы ең негізгі пәндердің бірі-тіл дамыту сабағында үздіксіз жүзеге асырылса, қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін, рухани бай тұлғаның қалыптасуына игі ықпал етері сөзсіз. Берілетін білім мазмұны мен қолданылатын әдіс-тәсілдер баланың өзін-өзі тануына мүмкіндік туғыза алса, оның танымының дамуына бағдарланса, онда балабақшадан бастап баланың білімге қызығушылығы артады деген сөз.
Жауап беріп үйрене бастағанда баланың ішкі қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл – ойының дамуына байланысты. Сондықтан баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде тәрбиешінің орны ерекше.
1. Тәрбиеші тілі – бақшадағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі болып табылады. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық және еңбек іс – әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқып беру кезінде балаларды көркем шығарма авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты. Балабақша тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеуді меңгеру – оның кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сө Кейін балаларға беретін тілдік дағдыларды өзі жетік меңгеруі маңызды. Сөйлеу мәдениетіне ие болу дегеніміз – бұл тілдің барлық элементтерінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әртүрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен қатар әдеби тілде олардың қалай қолданылатынын есте сақтау деген сөз. Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілді сезінуіне және тілді сезгіштігінің қаншалықты дамығанына байланысты.
Сөз балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін екі түрлі тапсырма орындатуға болады:
1. Ойыншықтар арқылы ауызша сөйлеу.
2. Сурет бойынша әңгімелету.
Баланың тілін дамытуда ненің пайдасы зор? Біріншіден, жұмбақтарды жаттатып, шешкізу пайдалы. Екіншіден, тіл дамытуда балаларды өте қызықтыратын тағы бір халық ауыз әдебиет үлгісі – жаңылтпаштар. Бала бір сөзді қайталап айта отырып, тез жаттап алады. Бір – біріне айтып, екінші бала да тез жаттауға үйренеді. Жаңылтпаштар көбінесе тілінің мүкістігі бар және қиын сөздерді айта алмайтын, дыбыстарды шатастыратын немесе кейбір дыбыстарды айта алмайтын балаларға көп көмегін тигізеді. Сөзі түсінікті, оқығанда тез жатталатын жаңылтпаштар баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді. Әрине, бұл тіл дамыту жұмыстарының басы ғана. Тіл дамыту барысында жүргізілетін таным қызығушылығын арттыру жұмыстарының өзгешелігі – талдау мен жинақтау процестерінің бірлігінде. Яғни, тіл дамыту сабақтары негізінен балалардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйене жүргізіледі деген сөз. Бала тілінің дамуының алдыңғы баспалдағы балабақшада қалануы керек. Егер балабақшада баланың тілі дұрыс дамып, жетілмесе, тілдік нормалары қалыптаспаған болса, байланыстырып сөйлеуі нашар, сөздік қоры аз болса, бірінші сыныпқа барғанда оған тіл сабақтары өте ауырға түсетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан балабақша сабақтарының барлығында дамытушылық тапсырмалардың маңызы зор. Озық тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен үйренудің, талмай ізденудің, біліктілікті көтерудің қажетілігін үнемі есте ұстауымыз керек.
Қолданған әдебиеттер:
1.Ж.Аймауытов.Психология/оқу құралы/.Алматы,1994ж.
2.Выготский Л.С. Мышление и речь-М. «Просвещение», 1954г.
3.Ж.Аймауытов.Тәрбиеші жетекші.Орынбор,1924ж.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718