Лоренц күші. Магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы

Ұзақ мерзімді жоспар:

Электромагниттік индукция

Мектеп: №149 Ә. Монтаев атындағы орта мектеп

 

Мерзімі: 19.04.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жетібаева А. Қ

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лоренц күші. Магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Лоренц күші, магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы ұғымын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Лоренц күшін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Лоренц күшін магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысында қолданады.

Кейбір оқушылар: Лоренц күшін магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысында қолдана отырып, күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

        Лоренц күші туралы біледі;

        Лоренц күшін магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысында қолдана алады;

        Лоренц күшін магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысында қолдана отырып, күрделі есептерді шығара алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:  Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапыан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды. Магнит өрісінде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытын ауытқуына әкеліп соғатын Лоренц күші болып табылады.

FЛ=qϑBsinα

.

Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады: егер сол қолымызды жаза ұстаған кезде алақанымызға магнит индукция векторының перпендикуляр енетіндей, ал жазыла ұсталған төрт саусақ оң заряд қозғалысының бағытын нұсқайтындай етіп орналастырсақ, онда 900-қа қайырылған бас бармақ зарядқа әсер ететін  Лоренц күшінің бағытын көрсетеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Магнит өрісі, Ампер күші, Лоренц күші, оң қол ережесі, сол қол ережесі.

Сыныптағы диолог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
FA=BI∆lsinα

 Ампер күші.
Ф=BScosα

 – магнит ағыны.
M=Fd=BI∆ld=BIS

 күш моменті.
FЛ=qϑBsinα

 Лоренц күші.
r=qB

 – траекторияның радиусы.
T=2πmqB

 – айналу периоды.

Талқылауға арналған тармақтар:
Лоренц күші деген қандай күш?
Осы күштің шамасы қандай формуламен есептеледі?
Лоренц күші бағыты қалай анықталады?
Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектердің радиусы, айналу периоды қандай формуламен есептеледі?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

1.      Лоренц күшінің, магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектердің радиусы, айналу периодының формулаларын жазады.

2.      Берілген есептердің шығару жолын дәптерге жазады.

3.      Рефлексия жазады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы               5 мин

 

 

 

 

Ұжымдық жұмыс.
Сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
Сыныпты топқа бөлу.
Лорен күші, Ампер күші жазылған сөз жасырылады. Оқушылар таңдайды. Топқа бөлінеді.
Өткен сабақты пысықтау.
Ампер күшінің бағытын анықтау. Әр топқа суреттер таратылып беріледі.

               I топ.                                           II топ.

 

                 

Оқулық, суреттер.

Сабақтың ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ.

FA=I∆lBsinα   FA=NFЛ

 , FЛ =FAN

 
FA=I∆lBsinα=qϑnS∆lBsinα=qϑNVVBsinα=qϑNBsinα

FЛ =FAN=qϑNBsinαN=qϑBsinα

. FЛ=qϑBsinα

 .

Жаңа тақырыпқа байланысты видео.

Топтық жұмыс. «Мағынаны таны» әдісі                           
Топта оқушылар бірлесе жұмыс жасайды. Оқулықтан және ғаламтор мәліметтерін пайдаланып, өз жұмыстарын баяндайды.
I топ.
Лоренц күшінің формуласы
II топ.
Магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы.
 Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі.

Жеке жұмыс. Өзара бағалау.
Сол қол ережесі арқылы күштің бағытын анықтау.

I топ.                                                 

      

         

II топ.

    

Жұптық жұмыс. 

Бағалау. «Сен маған, мен саған» әдісі

Есептер шығару.  Деңгейлік тапсырмалар.

I топ.

1. Индукция 0,2 Тл-ға тең магнит өрісіндегі                           10 Мм/с  жылдамдықпен индукция сызықтарына  перпендикуляр   қозғалып   келе  жатқан протонға әсер ететін күш (q=1,6·10-19 Кл)

2. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, өріс индукциясын табыңыздар.

II топ.

1. Біртекті  магнит  өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50 см өткізгішке 

0,12 Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3 А болғанда, магнит индукциясы

2. Электрон индукциясы 4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалады. Электронның айналу периодын табыңыздар.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Лоренц күшін және магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысын есептейин формуланы қолданады;

Ø  Лоренц күшін анықтайды;

Ø  Сол қол ережесін қолдана отырып,  Лоренц күшінің бағытын анықтайды;

Ø  Лоренц күшін қолдана отырып,  магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысын анықтайды.

Оқулық, интернет, АКТ, суреттер, деңгейлік тапсырмалар,  стикер, плакат, маркер, бағалау парағы.

Сабақтың соңы

 

5 мин

Мұғалімнің жұмысты қорытындылауы.

Сөзжұмбақ.

Үйге тапсырма: §10.9. 21-жаттығу №1, 2.

Рефлексия.

1. Бүгінгі сабақта жаңадан не білдіңдер?

2. Сабақта не үйрендіңдер?

3. Не қызық болды?

4. Не маңызды болды?

5. Жалпы сабақ туралы пікірің…

Оқулық , АКТ, стикер.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *