Өрт қауіпті

 

                                 «Аяжан» жекеменшік балабақшасы

 

 

 

 

 

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Өрт қауіпті»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Дайындаған: Қосумбаева Жанар

 

 

 

 

 

 

                                                      2019ж

Тақырыбы: «Өрт қауіпті»

Мақсаты:Төтенше жағдайлар, жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайд,суреттер.
Жүргізуші өлең оқиды:

Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер
Жер – Ана, көл, теңіздер.

– Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды?

Балалар:ЖЕР

О, табиғат қандайсың

Тіл жете ме сыйыңа

Адамзаттың керегін

Өзің беріп тұрасың

Жұтсам ауа ішсем ауа

Табиғатым жұмағым

Жыл мезгіліне байланысты сұрақ қою.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

– Ол не екен балалар?

-Жаңбыр,найзағай

– Балалар  жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады екен.  Табиғи құбылыстар әр түрлі болып келеді. Жаңбыр жауса жерге шөптер шығады, шаң – тозаң болмайды. Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны  көп болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз.

 

Біздің балалар төтенше жағдай орын алған кезде қандай нөмерлерге хабарласу

керек екені туралы тақпақтар айтып береді.

Іңкар: Не күтерін білмейміз біздің алдан? 

Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»? 

«101»-ге қоңырау соғып көмек сұра, 

Өрт сөндіруші, жүректі, батыл жаннан.

Мөлдір: «Тілсіз жауды» әп-сәтте ауыздықтап, 

Ертедегі батырына, қалады ұқсап. 

«101»-дің қызметшілері жүреді ылғи Азаматтық парызын биік ұстап! 

Жасмина: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да 

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да 

Жол жүру ережесі заңты тәртіп Ол-ортақ!

Үлкен-кіші баршамызға. 

Ақжарқын:Бақылап жол тәртібін, 

Өткізетін әр күнін. 

Реттеушіні көрдім мен. 

Қиылыстан дәл бүгін. 

Ала таяқ қолында, 

Айтары көп оныңда. 

Не істеу керек, тұрса,

 Реттеуші жолыңда.

Арсланбек: Үйде жалғыз қалғанмын, 

Есікті біреу ашпақшы, 

«102» -ні тердім мен. 

Шақырдым кеп сақшыны.

Бес минутта өтпеді. 

Ұрыны ұстап үлгерді. 

Диас: Сырқаттанса анаң егерде, 

Уайымдама, жылама. 

«103»- ті теріп үлгерсең,

 Дәрігер келеді анаңа . 

Бірдеңе болса қашанда, 

Жедел-жәрдем қасыңда.

Інжу: Үйді түтін шалса бірақта, 

Ұйықтама, зарықпа. 

Газ ашық қалса егерде,

Тез арада жабарсың. 

Терезені ашарсың, 

«104» -ке шалсаң қашанда. 

Газ қызметін табарсың.
Бүгін балалар мен сендерге Өрт туралы айтып бермекшімін. Оттың пайдасы мен зияны туралы қорыту

1.Сіріңке мен оттықпен ойнамауымыз керек.

Олар өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. 

2. Газ плитасына жақындамау керек. 

3. Газ плитасы жанып тұрған кезде асханада жалғыз қалмау.

4. Разеткаға жақындама,оған әрбір заттарды тықпа,әйтпесе тоқ ұрады. 

5. Аулада от жақпа ол өртке әкеліп соғуы мүмкін. 

Видеоролик Өр туралы(теледидардан)

-Отпен жұмыс істегенде абай болу керек; Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге болмайды; өрт болған жағдайда телефон арқылы 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Біздің пәтерлерде, балалар тез жанып кетуі мүмкін қауіпті заттар көп, сондықтан барлық үлкендер және балалар отпен өте сақ болулары қажет.Ауқымды жиҺаз, киім, ойыншықтарын және адам да жанып кетуі мүмкін.Балалар , егер бұндай өрт болған жағдайда біз қайда телефон соғуымыз керек?

Балалар: Өрт сөндіру бөлімшесіне

Қандай нөмірге? (101)Әр азамат біледі,Өрт кезінде, өрт кезінде «101-ді» тереді.

 Бұл нөмерді бірге теріп көрейік.

Балалар: Телефоннан 101 нөмерін тереді.

 Өрт сөндіретін машинаны қалай атайды?

Балалар: Ойыншық өрт сөндіретін машинасын көрсетеді

 Қарап өрт сөндіру машинасы басқа машиналардан ерекшеленетінін айтыңдар.

Балалар:Ол қызыл түсті,сатысы бар, жүріп бара жатқанда дабыл шығады.

Дабыл қалай? (У-у-у, у-у-у)

Жүргізуші: Өрт сөндіретіндерді қалай атайды?

Балалар: Өрт сөндіруші 

Өрттің шығу себептері: 1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;2.Шырпымен ойнаса;3.Үтікті қосып кетіп қалса;4.Газды ашық қалдырып кетсе;

Жүргізуші: Ойын : «Болады – болмайды»Ойынның шарты:Қолдарыңа бағдаршам алыңдар .Қызыл түсті –болмайтын жағдайда көтересіңдер,ал жасыл түсті- болатын жағдайда көтересіңдер.

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға…………………..Жанып тұрған сіріңкені тастауға ……………..Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға…………….Өрт шыққан жерде қалуға …………….Өрт кезінде керует астына , шкаф ішіне тығылуға …………….Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға……………..Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға ……………….Өрт кезінде газды ,жарықты,тоққа қосылатын құралдарды қосуға…………………

Тәрбиеші:Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады.Бүгін сендер оттың дос та ,жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Сергіту сәті.

 Қане, қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар.
Отырыңдар, тұрыңдар.
Маған мойын бұрыңдар.
Қолымызды жаяйық
Құстай қанат қағайық
Аяқты бір басыңдар.
Қане, тағы, тағы да
Қол соғайық жабыла
Қане, тағы, тағы да      

 

Тақпақтар:                                                                       

Алишер:От жақпа күйерсің,

Өртеніпжүрерсің.

Сіріңкеніұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

 

Ерасыл:Кешір,досым, қателестім.

Шырпыны ұстап, көктемеспін.

Ата–ананың рұқсатынсыз

Сіріңкеге беттемеспін.

 

Райымбек:Алыңдар ұғып, балалар,

Істері кейде шалалар.

Шырпы, оттық, электрге

Шама келсе жоламаңдар.

 

Қорытынды:

Балалар сіздерге сабақ ұ.надыма?

Төтенше жағдай болған кезде нестеуіміз керек?

Өрт сөндіру телефоны неше?

Дәрігерге қалай хабарласамыз?

Өрт шыққан жағдайда нестеуіміз керек?

Осымен бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *