Тарих сабағында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану
Болашақта-үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеу – біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығы мен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Елбасымыздың дамыған 30 елдің қатарына ену туралы міндетін қойғаны да бекер емес еді. Бұл дегені еліміздің білім деңгейін көтеруді қолға алып отырғандығы. Дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу керектігін сол үшін білім саласына көптеген мақсат-мүдделер, талаптар қойылып біздің бүгінгі ұрпақтарымыздың «Жаңартылған білім мазмұны» бойынша білім алуы. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Даму мақсатында жаңартылған білім алу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қазіргі күнде мұғалімдердің алдындағы міндеті болып: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушылардың білімі терең, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы, білімді тұлғаны қалыптастыру. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденумен кәсіби білікті болып, инновациялық білім алуда оқушылардың өз бетінше әрекет ету арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Осыған орай қазіргі кезде еліміздің барлық жерлерінде жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтардың білім алуына бірталай жұмыстар жасалуда. Мұғалімдер де жаңа бағдарлама бойынша білім алуда. Биылғы жылда 1-3-5-8 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бойынша білім алуда. Бұл бағдарламада оқушыларға тапсырмалар беріледі. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеп , ізденіп отырады. Мұғалім тек бағыт бағдар беріп отырады. Бұл дегеніміз баланың өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге, топпен, жұптасып, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. Баланың білім алуы мен меңгергенін әр бөлім соңында бөлім бойынша жиынтық бағалауда белгілі болады. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындауында қай жерде қателіктер жібергендігімен, өздері оның рубрикасымен танысып отырады. Мұғалімдер сол тапсырмалар бойынша түсінік беріп отыруда. Күнделікті сабақта оқушылар өз ойларын толық жеткізулерін мұғалімдер тексеріп, қадағалап, бақылап отырады. Сонымен қатар топтық жұмыста бірлесіп, топтасып жұмыс істеуде оқушылар бір-бірін тыңдап, ойын бөлісіп, өз пікірлерін айтуға, ортақ пікірге келуге, достасуға, ынтымақтасуға үлес қосып, соған тәрбиелейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушы оқушылардың оқу, білім алу нәтижелерін жетілдіру, арттыру. Бұл бағдарламадағы ең маңыздысы үштілділікті қолға алу, ақпараттық -комуникациялық технологияларды қолдана алуына аса көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, электронды журнал, электронды күнделікпен жұмыс істеп, үй тапсырмаларына аз ғана уақытта орындайтын тапсырмаларды беру болып отыр. Тағы да айта кететіні оқушылардың бағалануы туралы. Оларды мақтау, мадақтау сөздер арқылы бағалау. Мысалы: «Өте жақсы!» «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!», «Жақсы» критериалды бағалау жүйесін түсіндіріп, оны қолдана білу қамтамасыз етілуде. Оқушылардың сабақты түсінгені мен сабақта қандай көңіл күйде болғандықтарын сабақ соңында «Басбармақ», «Білім баспалдағы», «Білім ағашы» т.б. әдістер арқылы қорытындыланып отыруы. Жаңартылған білім жүйесінде мұғалімнің берген бағыты бойынша сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің, ойындардың оқушыларға тәуелсіз болуға, оқуға, сыни тұрғыдан ойлауға, тапсырмаларды орындауда жауапкершілік танытып, шығармашылықпен айналасуына көмектесетін сонымен қатар, бұл бағдарлама – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагогы «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру», «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»- деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет деген ойы қазіргі заманымыздағы білім беріу үрдісіне өте сай айтылған. Мұғалім заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік ашады. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Кәзіргі таңда көптеген әдсі-тәсілдер бар. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек деген ойдамын. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Мысалыға: Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой. Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады. «БББ-әдісі» бойынша негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Мүмкін болса Білемін. Білдім. Білгім келеді деген үш бөлікке бөлінген кесте сабақ үстінде толтырылады, әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Ал, үлгермеген жағдайда. Толықтыруға үйге беруге болады. Ашық микрофон» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. «Кинометафора» әдісі Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс) Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Бір сабағыма мысал келтіре кетсем: (слайд) Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. 6-8 сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу, менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету – басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын деп баяндамамды тамадаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Мектепке дейінгі оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы(12.08.2016ж№499)2. Қ.Р Президенті Н: Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік» Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар3.Ziatker.kz-Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталы