Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздер

 

САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: 39-сабақ. Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздер

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 3

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.2.1 тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

·      Уақыт бірліктерін ажырата алады. Сөздердің тура жəне ауыспалы мағынасы туралы түсініктері бар.

Оқушылардың көбі жасай алады:

·      Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

·      Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Дыбыстардың үндесуі.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)


2 минут

(Ұ) «Ыстық лебіз» Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы күн, досым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!

Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) Ой қозғау!

Сөздердің əртүрлі мағыналарын табу арқылы ойнауға негізделген тапсырмалар:

    аудару (бір тілден екінші тілге аудару – бір затты екінші жерге аудару);

   қымбат (сүйікті, жақын – бағасы жоғары).

Интерактивті тақта

ІІ.

Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

5 минут

3.2.4.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу.

9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады: сағат. Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудартылады. Бұл сөздердің нені білдіретіні анықтатылады.

Тіл сөзі қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріп, дəлелдейді.

Сағат не үшін керек? сұрағына өз ойларын айтып, талқылайды.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Олардың назары суреттегі сағаттарға аударылады. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжайды. Болжау барысында дəлелдемелер келтіріп, ой тұжырым жасайды. Өз отбасы мүшелері қай сағат түрін қолданатынын, өзі қай сағат түрін қолданатынын айтып, өз ойымен бөліседі. Жұмыстарын топта жариялайды.

Оқулық

3 минут

(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

 

2 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, топтық жұмысқа өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

 

2 минут

Ой сергек! Тыныштық сəті.

Балаларға табиғат құдіреттілігін сезіндіру мақсатында тыныштық сəті ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.

Қазақстанның əсем табиаты жөнінде бейнебаян тамашалайды. Кейін алған əсерлерімен бөліседі.

https://www. youtube.com/ watch?v=z YVYxzKE4gc Қазақстанның

табиғаты керемет!

5 минут

3.2.2.1(Ө; Ж) Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану.

10-жаттығу. Тапсырманы оқиды. Берілген сөздер тобын

Оқулық

№2 дəптермен


 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

4   минут

 

 

 

 

5   минут

пайдаланып, сөйлем құрап жазады. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

 

(МК; Ж; Қ) Орындалған жұмысты өзара тексеру. Бір- бірінің қатесін тауып, түзету.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір- бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Берілген сөздер тобында алтын сөзі қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріп, дəлелдейді.

 

(Т) Берілген сұрақтарды топта талқылап, өз ойымен бөлісу.

«Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Өз уақытын қалай пайдаланатыны туралы топта айтып, талқылайды.

 

3.2.2.1(Ө; Ж) Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану.

11-жаттығу. Өлеңді оқып, тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазады. Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Өз үйіне қонақ келгенде қалай қарсы алатыны туралы өз ойымен бөліседі.

жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

№2 дəптермен жұмыс

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

4 минут

(Ө; Қ) «Бір сөзбен …» тапсырмасы бойынша сабақтағы өз іс-əрекетіне рефлексия жасап, бағалау.

Төмендегі сөздерден сабақтағы көңіл күйін білдіретін бір сөзді таңдап, өзінің іс-əрекетіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалайды. Парталас досына ол сөзді не үшін таңдағанын айтып, өз ойымен бөліседі.

№2 дəптермен жұмыс

1 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

№2 дəптермен жұмыс

Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға

Бағалау: Оқушылардың

Пəнаралық байланыс:

қалай көмектесесіз? Қабілетті

білімдерін қадағалауды қалай

Денсаулық пен қауіпсіздік

балаларға қандай

жоспарлайсыз?

АКТ

тапсырмалар бересіз?

 

Құндылықтар

·

·

·

·

·

·

·

·

·


Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?

 

Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1:

Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *