«Көңілді сайқымазақ»
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «КМҰҚ»
Тақырыбы: «Көңілді сайқымазақ»
Мақсаты: Балаларды ұзын, қысқа, ұзындықтары бірдей сөздерін пайдаланып, ұзындықтары бойынша екі затты салыстыру әдістерімен таныстыру.
Дидактикалық ойын: «Пішінді ата»
Мақсаты: Шаршы, дөңгелек геометриялық пішіндерді бекіту.
Дидактикалық ойын: «Сенде соны көрсет»
Мақсаты: Тәрбиеші көрсеткен геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек) тез тауып көрсетіп, оның пішінін атауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, тосын сәт
Көрнекі құралдар: сиқырлы қорапша, үш түсті, ұзындықтары әртүрлі ленталар.
Үлестірмелі құралдар: пішіндер (шаршы, дөңгелек).
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды оқу қызметіне ұйымдастыру. Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді. |
Сайқымазақтың не үшін келгенін білгісі келеді. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен түрлі сиқырлар жасағанды жақсы көремін. Менің қолымда сиқырлы қорапша бар. Егер сиқырлы қорапшаға үрлесе, ғажайып сиқырлар болады. Қане, сен үпірші.
– Балалар, сиқырлы қорапшадан нелер шықты? Ленталардың ұзындықтарын беттестіру арқылы өлшейміз.. – Ұзындықтары қандай? – Қайсы лента ұзын? . – Қайсысы қысқа? – Міне біз ұзын-қысқаны салыстыру арқылы білдік. – Мына лентаның түсі қандай? – Енді сары мен жасыл ленталарды салыстырайық. – Ұзындықтары қандай?
Дұрыс айтасыңдар, себебі екі лентаның да ұшта-ры бірдей болып тұр. Бұларды біз «ұзындықтары бірдей» дейміз. Сергіту сәті: Бала-бала балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат, Былай- былай ойнат. Дидактикалық ойын: «Сенде соны көрсет» Ойынның шарты: балаларға шаршы, дөңгелек пішіндері таратылады. Сайқымазақ қорапшадан алып көрсеткен пішінді балалар тез алдарынан тауып, көрсетеді және атайды. Сайқымазақ: – Балалар, сендер көп білетін, тапқыр балалар екенсіңдер. Рахмет. |
Сайқымазақпен амандасады. Сиқырлы қорапшада не бар екенін білгісі келеді. Балалар қорапшаны үрлеген кезде түрлі-түсті (қызыл, жасыл, сары) ленталар шығады. – Ленталар шықты.
– Әр түрлі – Қызыл лента. – Сары лента.
– Жасыл.
– Екі лентаның ұзындықтары бірдей.
Сергіту сәтін орындайды.
Пішіндерді көрсетеді. |
Рефлексивті түзетушілік |
– Сайқымазақ біздерге не көрсеті?
– Ұзындықтары қандай? – Қайсы лента ұзын? – Ленталардың түстері қандай? – Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсындар. Балаларды мадақтау. |
– Сиқыр көрсетті. Қорапшадан ленталар шықты. -Әр түрлі. – Қызыл лента ұзын. – Қызыл, сары, жасыл.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балаларды ұзындықтары ұзын, қысқа, ұзындықтары бірдей сөздерін пайдалану.
Болу керек: Баланың қызығушылығы болуы керек
Баланың қолынан келу керек: Заттарды беттестіріп ұзындықтарын өлшеу, пішіндерді танып біледі.